Қолданушы анықтайтын мәліметтер типтері. Типтердің атын өзгерту. Құрылымдар. Біріктірулер
Автор: diana_aronova2 • Сентябрь 28, 2020 • Лекция • 2,431 Слов (10 Страниц) • 756 Просмотры
Дәріс 3.
Дәріс түрі: Мәселелік дәріс
Дәріс тақырыбы: Қолданушы анықтайтын мәліметтер типтері. Типтердің атын өзгерту. Құрылымдар. Біріктірулер.
Өрнектер және меншіктеу. Си тілінің операциялары .Си тілінің операторлары. Шартты оператор
Дәріс мақсаты: С++ тілінде арифметикалық өрнектерді жазуды үйрену, тілдің негізгі операторлар түрлерін білу, тармақталған құрылымды алгоритмдерді программалауды білу
Дәріс жоспары
- Өрнектер
- Операциялар
- Си тілінің операторлары.
- Шартты оператор
Өрнектер
Түрлі айнымалылардың, тұрақтылар мен операция символдарының қандай да болмасын бір жинақ түрінде жазылуы өрнек деп аталады. Си тілінде өрнек соңына нүктелі үтір (;) символы қойылып жазылады. Осы түрде жазылған өрнек не функция оператор делінеді. Мысалы, операторлар:
Z= (3* x+y +5);
y= sin (x);
Сипаттаманың соңына да нүктелі үтір қойылып жазылады, сондықтан ол да оператор .
Мысалы: float y, z; сипаттамасы – оператор. Бір символдық оператор мәні бір не бірнеше қатарларда жазылуы мүмкін, тек онда пайдаланатын символдар саны байтпен көрсетілген аралықтан аспаса болғаны.
Функция да С және С++ тілдерінде түрлі ұғымды білдіреді.
Мысалы:
- блок басында сипатталатын айнымалы;
- программа ішінде орындалатын блок;
- арнайы ат беріліп , кітапханада мәнін есептейтін ішкі программа бойынша жазылып сақталған функция, ( мысалы, sin(), sgrt(), т.б.).
Мысалдар:
int radius (x); -тип, функция аты және аргумент
{
операторлар – құрама оператор – функция
}
float x,y - тип, айнымалылар аттары. Сипаттамаға
сәйкес x, y айнымалыларының мәндері үшін алты мәндік ондық цифрлар
алынады.
Y=sin (6.5)+3; - оператор; , sin() функциясының мәні үшін арнайы стандартты кітапхана шақырылып, мәні автоматты түрде есептеледі.
(Си тілінде тригонометриялық функциялардың мәндері радиан арқылы өлшенеді ).
Мұндағы ескеретін жайт : соңғы өрнек – оператор. Оның соңына қойылған қойылатын нүктені үтір алып тасталған кезде қалған бөлігі (y=sin (6.5)+ 3) функция , ал sin () –осы функция ішіндегі стандартты функция . sin (6.5)- өрнегі функцияны шақыру деп аталады.
Операциялар
Си, С++ тілдерінде пайдаланылатын негізгі операциялар арифметикалық, қатыс, логикалық, меншіктеу, биттік және шарт.
Арифметикалық операциялар
Операция | Айнымалы типтері |
Қосу (+) | int,char,float |
Азайту (-) | int,char,float |
Көбейту (*) | int,char,float |
Бөлу (/) | int,float |
Қалдық (%) | int |
Егер операндтар бір типті болса, алдыңғы үш операция басқа алгоритмдік тілдердегі операциялар сияқты пайдаланылады.
Бүтін типті айнымалылардың мәндерін бөлу (/) операциясының нәтижесі де бүтін типті (int) бірақ ерекшелігі - бұл операция нәтижесінде бөліндінің тек бүтін бөлігі шығарылады да, қалдық алынып тасталады. Мысалы, 17/3=5; -17/3=-5. сондықтан программада кездескен бөлшектермен амал істеу кезінде оларды float типі арқылы сипаттау керек. Мысалы,
...