Электронды окулыктарды оку үрдiсiнде тиiмдi пайдалану
Автор: Aksamal25 • Октябрь 21, 2021 • Реферат • 970 Слов (4 Страниц) • 268 Просмотры
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы – білім беру сапасын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желілерді, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру қажеттілігі туындап отыр.
Электронды оқулықтың мазмұны оқушының зерделі ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы өте қажет: қисынды ойлау жүйесінің қалыптасуы, жинақтылығы, жүйелілігі, эстетикалық көркемділігі, жылдамдылығы т.б. Электронды оқулықтың тиімділігі, қашықтан оқытуға, оқушының өздігінен оқып үйренуіне және өзіндік жұмыс қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Электронды оқыту – комплексті емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті бағдарламалық жүйе, ақпараттық әр - түрлі формаларын қолданып оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады және мультимедианың соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады. Бұл жерде оқытудың түсінікті, кең көлемде қарастырылған материалы қолданылады. Дидактикалық заңдастырылған жалпы білім аспектілер, әдістемелік аспектілер, арнайы оқыту, негізгі пән немесе пәндер тобы және электронды оқытудың бағдарламалық нақтылығымен өзара тығыз байланысты болады.
Электронды оқыту негізінен үш бөліктен құрастырылады: негізгі ақпараттық курс бөлімінен тұратын көрме бөлімі, алған білімдері бойынша бекітілетін жаттығулар, оқушының білімін көлемді түрде бағалау үшін тестілер. Компьютерлік оқыту негізгі оқулықты, анықтаманы, есептеуішті зертханалық жұмыстарды бір-бірімен байланыстырады.
Электронды оқыту – таныстыратын теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай біліммен жаттықтыруды қамтамасыз ететін, оқу процесін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздандыратын, сонымен қатар, ақпараттық іздеу, математикалық және компьтерлік визуалдаумен имитациялық модельдеу интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған бағдарламалық комплекстік жүйе.
Студенттер үшін электронды оқу құралы – жоғарғы оқу орындарында және колледжде оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік сынаққа дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры болып табылады. Сонымен қатар, ол студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік туғызады. Электронды құралдармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.
Оқытушы үшін электронды құрал бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Сол сабепті электронды құралдар әзірлеп, оны дамытудағы негізгі мақсат – түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігін бірте-бірте арттыру.
Электронды оқулық – компьютер экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол студентке өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, электронды оқулықтарды жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру құралы ретінде пайдалану – алғашқы қадам, яғни бұл білім жүйесін дамытудың көрнекті белесі, ол мұғалімнің қазіргі кездегі рөлін дұрыс түсінуге мүмкіндік туғызады.
...