Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электрондық кестені мәліметтер базасы ретінде пайдалану

Автор:   •  Февраль 25, 2022  •  Контрольная работа  •  1,538 Слов (7 Страниц)  •  263 Просмотры

Страница 1 из 7

№15 зертханалық жұмыс

Электрондық кестені мәліметтер базасы ретінде пайдалану

Жұмыс мақсаты:

  • Электрондық кестені мәліметтер базасы ретінде қолдану тәсілдерімен танысу;
  • Мәліметтер базасында әр түрлі белгілеріне қарай мәліметтерді іздеу әрекеттерін меңгеру;
  • Мәліметтерді сұрыптауды үйрену.

1.        Кестені 5.1-суретке сәйкес келетіндей Күн жүйесіндегі планетелар туралы мәліметпен толтырып, Кесте-5 деген атпен сақтап қойыңыз.

[pic 1]

5.1-сурет

Кестеде қолданылатын өлшем бірліктері:

  • Орбита бойынша айналу периоды (Период обращения по орбите);
  • Планетаның Күннен ара қашықтығының орта мәні, млн. км.;
  • Экваторлық диаметрі, мың. км.;
  • Массасы х1024 кг.

Мәліметтер базасының негізгі түсініктері

Кестенің А2:F12 аймағын мәліметтер базасы ретінде қарастыруға болады. Осы кестенің А, B, C, D, E, F бағаналары өріс (поля), ал 3-12 жолдары жазбалар (запись) деп аталады.  A2:F2 аймағында өрістің аттары жазылған.

Егер кесте мынадай талаптарды қанағаттандырса:

  • Кестенің бірінші қатарында қайталанбайтын өріс атаулары орналасса;
  • Кестенің біріншіден басқа қатарлары ешқандай бос орын қалмайтындай болып, жазбалармен толтырылса;
  • Өріс бойымен (бағана бойынша) орналасқан мәліметтер біртектес, яғни тек сандар немесе мәтін болса,

        онда оларды мәліметтер базасы ретінде қарастыруға болады:

Мәліметтер базасымен атқарылатын негізгі жұмыс оның құрамынан айрықша белгілеріне қарай мәліметтерді іздеу болып табылады. Жазбалар саны неғұрлым көп болған сайын, мәліметті іздеу қиындай береді. Excel-ХР бұл қиындықты шешуді мәліметтерді сұрыптау арқылы орындау мүмкіндігін береді.

Жазбаларды екшеп алу

Мәліметтер – Фильтр (Данные, Фильтр) командасын орындау арқылы қажетті жазбаларды басқалардан бөліп алуға, екшеп алуға болады. Екшеп алуды автоматты түрде Автофильтр командасының, жәй әрекеттер арқылы (қолмен) Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр) командасының көмегімен орындауға болады.

Автофильтрді пайдалану ерекшеліктері

Автофилтьрді пайдалану үшін курсорды мәліметтер базасы ретінде қарастырылатын кестенің ішіне орналастыру керек немесе мәліметтерді  белгілеп алуға болады.  Одан кейін Мәліметтер – Фильтр – Автофильтр (Данные – Фильтр – Автофильтр) командасын орындаймыз. Нәтижесінде өріс аттары маңында төмен қарай бағытталған тілсызық батырмалар пайда болады u. Осы батырмаларды шерту арқылы әрбір өрістегі мәліметтерді екшеп алу критерийлерін таңдай аламыз. Пайда болған ішкі менюдегі Барлығы (Все) бөлімі (5.2-сурет) фильтрден өткізуді тоқтатады, ал Шарт (Условие) бөлімін таңдау нәтижесінде екшеп алу параметрлерін тағайындау мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады (5.3-сурет). Бір өрістегі мәліметтерді ЖӘНЕ не НЕМЕСЕ логикалық функцияларымен байланысқан екі шартты біруақытта тексере отырып, екшеуге болады.

                                [pic 2]

                                                                                 5.2-сурет

     

[pic 3]

5.3-сурет

2.        Автофильтрді пайдалана отырып, “С” немесе “Ю” әрпінен басталатын, массасы 600 1024кг-нан кем емес планеталарды іздеңіз. Ол үшін:

2.1.         Мәліметтер – Фильтр – Автофильтр (Данные – Фильтр – Автофильтр) командасын орындаңыз.

Мәліметтер базасының өрістерінде батырмалар пайда болуы керек.

2.2.         Планета өрісіндегі u батырманы шертіңіз де, Шарт... (Условие...) бөлімін таңдаңыз.

...

Скачать:   txt (16 Kb)   pdf (218.7 Kb)   docx (95.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club