Си программалау тілін оқыту әдістемесі» әдістемелік оқыту құралын жобалау
Автор: Zikriyaeva • Сентябрь 18, 2019 • Курсовая работа • 1,244 Слов (5 Страниц) • 831 Просмотры
Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік
педагогикалық университеті
Жаратылыстану – математика факультеті
Информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасы
Шәкімов Азат Маратұлы
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы: «Си программалау тілін оқыту әдістемесі» әдістемелік оқыту құралын жобалау.
Ғылыми жетекшісі: Ерсултанова З.С
Информатика, робототехника және компьютерлік
технологиялар кафедрасының
қауымдастырылған профессоры,
техника ғылымдарының кандидаты
Қостанай 2019
«СИ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫН ЖОБАЛАУ
Шәкімов Азат Маратұлы
Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Информатика мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекші: Ерсултанова З.С
техника ғылымдарының кандидаты
қауымдастырылған профессор
Жобаның өзектілігі: Алгоритмдер мен программалау тілдерін пайдалана отырып ақпаратты өңдеуге арналған әдістемелік құралды әзірлеу, оны білім беру салаларында қолдана білу мүмкіндіктерін қарастыру жобанының өзектілігі болып табылады. Сонымен қатар, Си программасын оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында процедураға бағытталған тілдің (Си) негіздерін – мәліметтер типтерін, операторларын, функцияларын оқып-үйренуге, осы тілде программалаудың практикалық негіздерін меңгеруге бағытталған әдістемелік жабдықтауды жобалап, жасау мақсатын орындау кіреді.
Жобаның жаңалығы: Оқушылар «Си программалау тілін оқыту әдістемесі» әдістемелік құралын қолана отырып және осы пәннен алған білімді басқа пәндердің теориясымен байланыстыра отырып ақпараттық технологияларды игеріп, тиімді программаларды құра алады. Әдістемені жасау барысында келесі мәселелерді шешу жобаның жаңалығы болып табылады:
а) алгоритмдер мен олардың құрылымдарының негізгі ұғымдарын игеру, ақпаратты қазіргі қоғамның қажетті қоры ретінде бейнелеп, ақпараттық қорларды пайдалануда оқушының алгоритмдік ойлау қабілетін қалыптастыру;
ә) мектеп оқушыларын программалау тілдерінің негізгі сипаттамаларымен таныстырып, процедураға негізделген программалау тілдерінде жұмыс істеу негіздерін үйрету;
б) күнделікті оқу процесінде кездесетін әртүрлі есептерді шығара отырып, программалық файлдарды дискілерде сақтауды, қағазға басып шығаруды, әр түрлі мәліметтерді программаға енгізіп, олардың көшірмесін алуды және де графикалық ортада геометриялық бейнелер графиктерін құрып, оларды пайдалану ісіне дағдыландыру болып табылады.
Жобаның маңыздылығы: Жалпы орта мектепте білім беру программасында 7, 8 сынып информатикасының бір бөлімі ретінде Си программасын оқыту қарастырылған. Си программалау жалпы білім беру программасында болғандықтан әр оқушының осы программаны меңгеруі және қолдана білуі маңызды. Мектеп мұғалімінің пәндік әдістемелік жабдықталуы қажет. Сондықтан, С программасын мектеп курсында оқытуға арналған әдістеменің білім беру саласында алатын орыны өте зор.
Жобаның пайдалану перспективасы: Әдістемелік оқыту құралы білім беру саласында келесі мәселелердің шешімдерін орындайды:
- Информатиканы оқыту әдістемесі пәнін әдістемелік оқыту құралымен жабдықтау
- Информатиканы оқытуда білімді қабылдау сапасын көтеру;
- Информатиканы оқытуда сандық технологияны қолдану;
- Информатиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны жетілдіру.
Сондықтан, әдістемлік оқыту құралын оқу процесіне енгізіп, кеңінен пайдалану песпективасы білім беруде әбден орынды.
Си программалау тілі.
Си программалау тіліне тілге жылдам орындалатын, жеке биттермен операция жасайтын операторлар да енгізілген. Олар арқылы байланыс порттарын, магниттік дискілерде жинақтауыштарды және т.б. аппараттық құралдарды басқаруға мүмкіндік жасалды. Ал, алғашқы кездерде жеке типті компьютерлердің аппараттық құралдарына қол жеткізе алатын машиналық командалармен жұмыс істейтін төменгі деңгейлі ассемблер тілі ғана болатын.
...