Онлайн форматындағы формативті бағалаудың ерекшелігі
Автор: madinabaeshova • Июнь 26, 2021 • Доклад • 1,870 Слов (8 Страниц) • 628 Просмотры
Авторы: Баешова Мадина Натиевна
№177 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: «Онлайн форматындағы
формативті бағалаудың
ерекшелігі»
Бағыты: «Шеберлік палитрасы»
физика-математика бағытындағы пәндер
Педагогикалық идеяның тезистері:
- «Әлем өзгерсе, мен де өзгеремін»
Мен формативті бағалауды қалай түсіндім?
- «Өзің жалында, өзгелерді лаулат»
Ұстаз ретінде жаңартылған білім беруді қалай қабылдадым?
- «Баланы еш уақытта бір-бірімен салыстырма» Онлайн оқытудағы формативті бағалаудың ерекшелігі неде?
Аннотация
Бұл мақалада автор формативті бағалаудың күнделікті жұмыс барысында жүргізілетіні туралы және оқушылар үлгірімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылатындығына тоқталған. Оқыту барысында оқушы, мұғалім, ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету үшін бағалау парақшасын енгізген. Автордың бағалау парақшасы онлайн форматында білім беру үдерісін жетілдіруге зор мүмкіндік береді.
В данной статье автор акцентировал внимание на том, что формирующее оценивание осуществляется в повседневной работе и является актуальным показателем успеваемости учащихся. Чтобы обеспечить обратную связь между учеником, учителем и родителями в процессе обучения, был введен оценочный лист. Авторская оценочная страница в онлайн-формате предоставляет прекрасную возможность для совершенствования учебного процесса.
In this article, the author focused on the fact that formative assessment is carried out in everyday work and is the current indicator of pupil performance. to provide feedback between the student, teacher, and parents in the learning process, an assessment sheet has been introduced. the author's evaluation page in online format provides a great opportunity for improving the educational process.
Мақсаты:
- Онлайн форматындағы оқушы білімін формативті бағалауда бағалау парақшасының тиімділігін көрсету;
Міндеті:
- Қорытынды бағалау кезеңінде формативті бағалаудың өзіндік үлесін түсіну;
- Формативті бағалаудың сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі екендігін ұғындыру
Мен ұстазбын. Мен үшін не қымбат, не маңызды?
Мен үшін ұстаздық қызмет – үлкен мәртебе. Осыдан 32 жыл бұрын өз таңдауымды жасадым және қазір де сол таңдауды дұрыс жасадым деп ойлаймын.
Менің педагогикалық ұстанымдарымның бірі – «Әлем өзгерсе, мен де өзгеремін». Не нәрсе болмасын барлығы да салыстыру арқылы көрінетіні баршамызға белгілі. Менің 27 жылдық іс-тәжірибем осыған көзімді жеткізді. 2012 жылы мен Кембридж бағдарламасының 2-ші деңгейін оқып, 3 айлық курстан өттім. Содан бері оқушыларға жаңашыл бағытпен жан-жақты білім беруде формативті бағалауды қолданып келемін. Бағалаудың бұл түрін пайдалану барысында көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болатынын көрдім:
- Оқушылар өз білім денгейін біледі;
- Топтық жұмыс барысында өз ойын айта алады;
- Нені үйренгені туралы айта алады;
- Топта ойласа отырып, шешім қабылдай алады;
- Сұрақ қояды, жауап айтады;
- Сабақтағы өз іс-әрекетін бақылауды үйренеді;
- Өзін және бірін-бірі бағалауды үйренеді;
- Әр оқушы жеке тұлға екенін біледі;
- Әр адамның пікірі құнды екенін түсінеді;
Оқушы бойындағы пәнге деген қызығушылығын әрі қарай дамытып, өз бетінше жұмыс жасауы үшін бағыт –бағдар бердім. Оқушы «іздедім - таптым», «ойладым-білдім», «үйрендім-жасадым» қағидаларын басшылыққа ала отырып, даралық қабілетін көрсете білді.
...