Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудағы белгісіздік пен тәуекел факторларын есепке алу әдістері

Автор:   •  Март 22, 2022  •  Доклад  •  575 Слов (3 Страниц)  •  175 Просмотры

Страница 1 из 3

Куанышбаева Рахима, ФК-41

Тақырып 17

Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудағы белгісіздік пен тәуекел факторларын есепке алу әдістері

I. Кіріспе

1.1 Инвестициялық жоба ұғымына анықтама

1.2 Инвестициялық жобаның мақсаты

II. Негізгі бөлім

2.1 Жоба тиімділігінің мазмұны және талдау әдісі

2.2 Белгісіздік пен тәуекел факторларын есептеудің ерекшеліктері

III. Қорытынды

Инвестициялық жобаға әсер ететін факторларды айтпас бұрын, ең алдымен, инвестициялық жоба деген сөзге, мақсатына анықтама берейік.

Инвестициялық жоба  — ол болашақта кең көлемде қаражатпен пайда табу, сондай-ақ оларды инвестициялық объектілерге: ғылыми жоба, тәжірибелік-конструкторлық, құрылыс, автоматизация, іске қосу-реттеу, қабылдау-тапсыру, ұйымдастырушылық-құқықтық, жарнамалық-рәсімдеушілік және ақпараттық жұмыстар мен қызметтер түрінде айналдыру, алға қойған әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылатын экономикалық шешімдер мен тәсілдердің жиынтығы.

Инвестициялық жобаның мақсаты:

• өнім көлемін өсіру;

• өнім түрлерінің санын ұлғайту;

• өнім сапасын жоғарылату;

• өнімнің өзіндік құнын төмендету;

• әлеуметтік және экологиялық міндеттерді шешу.

Жоба тиімділігінің мазмұны деп жобаның алға қойған мақсаттарға жету дәрежесі және дұрыс нәтиже шығару жүйесінің өлшемін айтамыз. Жобаны іске асыру үшін қаржылық ресурстардың жеткіліктілігі жобаның қаржылық іске асуын сипаттайды. Жоба тиімділігінің талдау әдісі жобаның тиімділік көрсеткіштері арқылы анықталады.

Инвестициялық үдерістегі белгісіздік пен тәуекелдің ерекшелігіне тоқталатын болсақ, жобаны негіздеу кезінде ескерілетін шарттар мен жобаны іске асырудың нақты шарттары арасында ауытқу болады. Ол ауытқу себептеріне мыналар жатады: бәсекелестердің мінез-құлқы, нарық коньюктурасының өзгеруі, экономикалық заңдылықтың өзгеруі, жобаны әзірлеу кезінлегі толық емес ақпарат.

Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда белгісіздік факторы қолданылады. Белгісіздік бұл жобаны жүзеге асыру кезіндегі ішкі және сыртқы факторлар туралы ақпараттың дәлсіздігі мен жеткіліксіздігі, сол себепті ықтималы белгісіз жағдайлар туындауы мүмкін. Заманауи практикада тәуекел белгісіздіктің «көрсеткіші» ретінде рөл атқарады.

Инвестициялық қызметтің тәуекелі – бұл кәсіпкердің қаржылық көздерді жоғалту қаупі, дұрыс шешіммен салыстырғанда кірістер мен шығындарды ала алмау немесе жоба нәтижесінде қосымша кірістер мен шығыстардың пайда болу қаупі. Осы аталған факторларды ескере отырып, оларды бағалау кезінде тәуекел менеджменті басты рөл атқарады. Тәуекел-менеджмент - бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында туындайтын тәуекелдерді және қаржылық қатынастарды басқару жүйесі. Тәуекел менеджменті жалпы тәуекелдерді бағалаумен жұмыс жасайды. Тәуекелдерді бағалау – бұл инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында тәуекел ахуалын іске асыру кезінде тәуекел дәрежесін және ықтимал шығындардың шамасын айқындау.

...

Скачать:   txt (9.3 Kb)   pdf (64.4 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club