Колледждің қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану жағдайында «Информатиканы оқыту әдістемесі» курсының оқыту әдістемесі
Автор: qwerty tv • Май 1, 2018 • Курсовая работа • 11,764 Слов (48 Страниц) • 1,107 Просмотры
Кіріспе | 4 |
1 ТАРАУ. Колледждің қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану жағдайында «Информатиканы оқыту әдістемесі» курсының оқыту әдістемесінің теориялық-әдістемелік негіздері | 9 |
оқушыларға информатиканы оқыту әдістемесін жетілдіру | 9 |
1.2 Қашықтықтан оқыту, қазіргі замандағы ақпараттық технологияның ең тиімді тәсілдерінің бірі | 14 |
1.2.1 Қашықтықтан оқыту : ойлар, технологиялар, мәселелер және болашағы. XXI ғасырдың оқыту жүйесі. | 18 |
1.2.2 Әлемдегі қашықтықтан оқыту технологиялары. | 19 |
1.2.3. Қашықтықтан оқытудың ұйымдастырушылық - әдістемелік үлгілері. | 20 |
1.3 Қашықтықтан оқыту технологиясын педагогикалық колледждерде қолданылуы | 23 |
2 ТАРАУ. Колледждің қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану жағдайында «Информатиканы оқыту әдістемесі» курсының оқыту әдістемесі | 27 |
2.1 «Информатиканы оқыту әдістемесі» курсының электрондық оқулығы | 27 |
2.2 «Информатиканы оқыту әдістемесі» курсының электрондық оқулығын педагогикалық колледже мақұлдауы | 31 |
Қорытынды | 34 |
Пайдалынған әдебиеттер тізімі | 36 |
Қосымша А | 40 |
Қосымша В | 41 |
Қосымша С | 42 |
Қосымша Д | 45 |
КІРІСПЕ
Әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге талпынған кез келген елдің, ұлттың өз мақсатына жету жолындағы басты қаруы - ұлттық рухани құндылықтарды негізге ала отырып, әрбір жеке адамның білім алуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да білім беру саласындағы мемлекеттік психофизикалық, интеллектуалдық даму деңгейін арттыру үшін олардың үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған [25, б.]. Азаматтардың үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету білім беру жүйесін ақпараттандырумен тығыз байланысты.
«Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың» бағдарламасында, «Бастауыш және орта кәсіптік білімді ақпараттандырудың» бағдарламасында мына мәселелерге баса назар аударылған:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процесіне енгізу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
- компьютер техникасымен қамтамасыз етілудің әлемдік көрсеткіштері (1 компьютерге келетін оқушылардың саны – 10-15) жету үшін орта білім беру ұйымдарының одан әрі компьютерлендіру;
- орта білім беру ұйымдарын Интернет желісіне қосу;
- білім берудің барлық деңгейлерінде қашықтықтан оқыту техно-логияларын әзірлеу және енгізу;
- оқыту технологиясын ақпараттық-бағдарламалық жабдықтау;
- ақпаратты технологияларды оқыту процесіне енгізуді қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды жүргізу;
- ақпаратық-телекоммуникациялық технологияларды бастауыш және кәсіптік білім саласында қолдана алатын мамандар даярлау т.б. [17].
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері педагог ғалымдардың да үнемі назарында болып келеді.
Мысалы, білім саласын ақпараттандырудың, компьютерлендірудің әртүрлі аспектілері А.П. Ершов, В.М. Монахов, И.В. Роберт, В.С. Гершунский еңбектерінде, оқыту процесінде компьютерлік технололгияларды қолданудың теориясы мен әдістемесі В.А. Каймин, Ю.С. Брановский, Н.В. Василенко еңбектерінде қарастырылған. Ал Қазақстанда бұл мәселелерге Ж.А. Караев, С.К. Кариев, К.А. Танатаров, К.З. Халыкова, В.В. Гриншкун, К.Т. Искакова, Н.И. Аманжолова, Т.Г. Бортко т.б. зерттеулер жүргізді.
Жаңалықтың, немесе инновацияның, адамның кәсіпшілік қызметінің кез келгенінде мінезделген, сондықтан оны зерттеу, талдауды және енгізудің табиғи пәні болып есептеледі. Инновация өздігінен пайда болмайды, олар ғылыми іздеулердің, бөлек оқытушылардың және бүтін ұжымдардың алдыңғы педагогикалық тәжірибесінін нәтижесі болады. Мына процесс апатты бола алмайды, ол басқаруды мұқтаж етеді.
...