Туризмология негіздері
Автор: MoldirK. • Июнь 19, 2022 • Тест • 676 Слов (3 Страниц) • 656 Просмотры
«Туризмология негіздері» пәні бойынша тест жинағы
1. Рекреациялық географияның зерттеу нысаны:
A) Табиғи орта;
B) Географиялық орта;
C) Ойкуменаның рекреациялық шағын жүйесі;+
D) Биологиялық орта;
E) Ойкумена.
2. Рекреациялық географияның зерттеу пәні:
A) Табиғи-ресурстық орта;
B) Әлеуметтік-экономикалық қатынастар;
C) Территориялық қоғамдық жүйелер;
D) Территориялық рекреациялық жүйелер; +
E) Қоғамдық қатынастар.
3. Туризмді жүйелі және толық зерттейтін ғылым:
A) Сәулет өнері және қала құрылысы;
B) География; +
C) Психология;
D) Социология;
E) Экономика.
4. Рекреациялық географиямен өте тығыз байланысты ғылымдар:
A) Географиялық; +
B) Экономикалық;
C) Әлеуметтік;
D) Психологиялық;
E) Медициналық.
5. «Демалыс» дегеніміз – бұл:
A) Сүйікті жұмыс;
B) Базарға бару;
C) Жоғары оқу орнында білім алу;
D) Күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналмаған іс-әрекеттер; +
E) Басқа елге жұмыс іздеу мақсатында бару.
6. Логикалық жағынан дұрыс тізбекті атаңыз:
A) Демалыс – рекреация – туризм – экскурсия; +
B) Демалыс – рекреация – экскурсия – туризм;
C) Туризм – рекреация – демалыс – экскурсия;
D) Рекреация – туризм – экскурсия – демалыс;
E) Экскурсия – туризм – демалыс – рекреация.
7. Бос уақыт дегеніміз– бұл:
A) Жұмыс орнына жету және қайтуға арналған уақыт;
B) Табиғи қажеттілікті өтеуге арналған уақыт;
C) Үй шаруасына арналған уақыт;
D) Тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт;
E) Адамның демалысына және дамуына арналған уақыт. +
8. Барлығын өзіне қамтитын туристік түсінік:
A) Туризм;
B) Рекреация;
C) Демалыс; +
D) Экскурсия;
E) Спорт.
9. Адамның рекреациялық қажеттіліктері дегеніміз – бұл:
A) Рекреациялық іс-әрекеттер тарихын оқудағы қажеттіліктер;
B) Демалыс жағдайларын оқудағы қажеттіліктер;
C) Қандай да бір демалыс түрлерін таңдаудағы қажеттіліктер;
D) Адамның еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруге арналған қажеттіліктер жүйесі; +
E) Рекреация үшін керекті территориялардағы қажеттіліктер.
10. «Рекреациялық шаралар» дегеніміз – бұл:
A) Физикалық және психологиялық күшін қалпына келтіруге арналған ұйқы;
B) Тамақтану қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған тағам;
C) Рекреанттарға қызмет көрсету бойынша әрекет;
D) Рекреациялық іс-әрекет түрлерін іске асыру тәсілдері; +
E) Адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған әрекет.
11. «Рекреациялық іс-әрекет циклі» дегеніміз– бұл:
A) Белгілі бір кезеңде қайталанып тұратын рекреациялық шаралардың комбинациясы; +
B) Рекреациялық-емдеу және рекреациялық-сауықтыру шаралардың жиынтығы;
C) Рекреациялық-спорттық және рекреациялық-танымдық шаралардың жиынтығы;
D)
...