Құю цехының өзекшелерді дайындауға арналған өзекше машинасы
Автор: Ernar123 • Февраль 28, 2019 • Реферат • 1,626 Слов (7 Страниц) • 810 Просмотры
Құю цехының өзекшелерді дайындауға арналған өзекше машинасы
Құю цехының өзекшелерді дайындауға арналған өзекше машинасының жіктелуі
Өзекшелі машиналар қалыптарды жасауда қолданылған машиналар қолданылады. Өзекшелі ретінде құм үрлеуші, қағымдаушы, дірілді престі және құм лақтырғыш машиналар қолданылады. Көптеген өзектердің массасы 100 кг дейін болғандықтан, құм лақтырғыш машиналар қолданылады.
[pic 1]
Сурет 1.1. Мундштучты өзекшелі машина
Мундштуты машиналар қарапайым конструкциялы. Ол тұрқы 5, оның жоғарғы бөлігі қоспа үшін қабылдау бункері болып табылады, ал мундштучты тұрқымен гайканың көмегімен байланысқан. Машина жұмс істеген кезде плунжер өзекшелі қоспаны престейді. Мундштуктың қабырғасына қоспаның үйкелуінен және қоспаның нығыздалу басталады және қабылдау үстеліне дайын өзек сығылады. Кептіргеннен соң, өзекше қажетті ұзындықты бөліктерге бөледі. Өсындай әдіспен 18 ден 100 мм дейінгі өзектеді алады.
Ең көп таралған жоғарыдан баспақтау тәсілін қолданғанда (1.2, а-сурет), баспақтық машина үстелі үстіне, бекітілген моделі бар үлгі астының тақтасын орнатады. Тақтада қадалақ көмегімен қорамжәшік (биіктігі 200...250 мм) бекітіледі. Осы қорамжәшік үстіне толтырғыш қаңқаны қояды. Қаңқа мен қорамжәшік борпылдақ қоспамен толтырылады. Содан кейін машинаның үстелі жоғары қарай көтеріледі және толтырғыш қаңқаға баспақ маңдайшасына бекітілген баспақтық құрсан кіреді.
Сілкумен тығыздауды поршень мен цилиндр негізінде жұмыс істейтін машиналарда жүргізіледі (1.2, б-сурет). Машина тұғырына сілкілейтін поршень жинақталған. Осы поршеннің жоғары бүйіріне үстел бекітілген, ал айтылған үстелдің үстіне үлгі астының тақтасы мен модель орнатылған. Энергия тасушы болып қысылған ауаны қолданады. Осы қысылған ауа поршеньді, үстелді, модельді және қорамжәшікті 5 25...100 мм биіктікке көтереді. Осыдан кейін пайдаланған ауа шығады, едәуір массасы бар үстел төмен қарай құлап тұғырға соғылады. Мұндай циклді 10...80 рет қайталайды. Осылай борпылдақ қорамалау қоспасын тығыздауды жүргізеді. Модельдің жанжағы ең жақсы тығыздалады, ал жақсы тығыздалмаған қорамжәшіктің үстіңгі жағын (800 мм-ге дейінгі биіктік) тығыздауды не қолмен, не қосымша баспақтаумен жүргізеді.
Құмшашыратқышпен тығыздауды (1.2, в-сурет) өлшемі едәуір құю қорамасын өндірген кезде қолданады.
[pic 2]
Сурет 1.2. Өзекшелерді дайындау
Өзекшелеу машинасының негізгі түзілімі болып лақтыратын бастиек саналады. Осы бастиекте айналатын шөміш электрқозғалтқыштың роторына бекітіледі. Бастиеккке қорамалау қоспасы тасымалдаушымен жеткізіледі. Шөміште алдын ала тығыздалған қоспа қорамжәшікке 2…20 м/с жылдамдықпен беріледі. Осылай беру қоспаның төменде жатқан қабатын жақсы тығыздауға алып келеді. Өзекшелерді дайындауға өнімділіг жоғары машина келесі суретте келтірілген.
[pic 3]
Сурет 1.3. Өзекшелеу машинасы
Опоканы қалыптау қоспасымен толтыру затворлар мен дозаторлардың көмегімен аспалы бункерлердің көмегімен толтыруға болады. Заманауи баспалы машиналарда қоспа резервуарға опокадан беріледі. Мұндай машиналар құм урлеуші-баспалы деген атқа ие болған. Опоканы құм үрлеуші толтыру кезінде қағымдаумен қоспаның шығыны болмайды, одан басқа, қоспаның өзі де толтыру кезінде нығыздалады;
з) қағымдау-престеу, қағымдауды қолданып және кейінгі престеумен немес бірмезгілде баспалаумен қағымдаумен;
ж) көтеру бағаналарының саны бойынша:
1) бір бағаналы консольды қондырғылар;
2) екі тірек бағаналары бар қондырғылар;
3) үлкен қуатты төрт бағаналы қалыптау баспалары.
Баспалы машиналардың станиналары С-тәрізді бір бағана ретінде жасалады, оған машиналы үстел мен бұрамалы траверса, немес екі немес төрт бағана түріндегі болады, оған машина үстелі бекітіледі, ал жоғарғы жағынан траверса бекітіледі. Станинаның мұндай конструкциясы машинаның салмағын азайтады.
и) агрегатталуы бойынша престеу қалыптау машиналары бір позициялы және көп позициялы болып бөлінеді;
...