Әйелдерге арналған маусымаралық жакетті дайындауға жобалық- конструкторлық құжаттаманы әзірлеу
Автор: Arai Kazbek • Апрель 13, 2023 • Лабораторная работа • 1,991 Слов (8 Страниц) • 218 Просмотры
«Дизайн, текстиль және киім технологиялары» факультеті
Бұйымдар және тауарлар технологиясы мен құрастырылуы кафедрасы
СЕМЕСТІРЛІК ЖҰМЫС
KV PIShP 3304- «Тігін өндірісінің бұйымдарын жобалау» пәні бойынша
Тақырыбы: «Әйелдерге арналған маусымаралық жакетті дайындауға жобалық- конструкторлық құжаттаманы әзірлеу»
Орындаған
Тексерген:«БТТҚ» кафедрасының лекторы
Алматы, 2023
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................... 3
1. Жобалау мақсатында үлгі-аналогтарды талдау....................................... 5
1.1. Сәннің болашақ бағыты............................................................................. 9
2. Сырт киім ассортимент үлгілерінің коллекциясы..................................13
3. Үлгінің техникалық эскизі. Үлгінің сыртқы түріне көркемдік-техникалық шешімдік сипаттама............................................................................................ 19
3.1. Әйелдерге арналған маусымдық пальтоның техникалық
сипаттамасы.......................................................................................................... 21
4. Бұйымға конфекциялық карта жасау
4.1. Әйелдерге арналған маусымдық пальто материалдарын таңдау және
негіздеу...................................................................................................................21
4.2. Әйелдерге арналған маусымдық пальто материалдарына қойылатын
талаптар................................................................................................................. 23
4.3. Конфекциялық карта................................................................................ 25
5. Үлгінің конструктивті ерекшеліктерін талдау.......................................26
6. Бұйымның базалық және модельдік конструкциясын дайындау
(1:4)....................................................................................................................... 28
6.1. Өлшем белгілері мен бастапқы мәліметтерді жинау. БК есебін
тұрғызу.................................................................................................................. 31
7. Әйелдерге арналған пальтоның БК мен МК-сын тұрғызу................... 36
Бұйымға арналған жаға мен әрлеу бөлшектерін құрастыру
8. Үлгіні өндірістік процесске жіберу үшін бөлшектердің лекалоларын
дайындау және безендіру................................................................................... 39
9. Лекал спецификациясы.......................................................................... 46
10. Бұйымның технологиялық бірізділігін әзірлеу................................
Қорытынды.............................................................................................. 47
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................. 48
Кіріспе
Тігін өнеркәсібі- әлемнің көптеген елдерінің бюджетін құрайтын маңызды экономика салаларының бірі болып саналады. Жеңіл өнеркәсіп халық тұтынатын тауарларды өндіретін ( маталар, аяқ-киімдер, трикотаж, киім-кешек) көптеген мамандандырылған салалар. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы дамыту өнеркәсіп салаларын дамытудан басталады. Олардың бірі- тігін өндірісі. Тұтынушылар нарығын тігін бұйымдары және тауарларымен толықтыруда тігін өндірісі маңызды орын алады. Тігін өнеркәсібі- киім және тағы басқа тігін бұйымдарын өндіретін тұрмыстық және техникалық қолданыстағы маталар, трикотаж жаймалары, табиғи және жасанды былғары мен елтері, әр түрлі фурнитуралар мен әрлеуіш бұйымдар өндіретін жеңіл өнеркәсіп саласы. Тігін саласының кәсіпорындары халық шаруашылығының өзге салалары үшін арнайы қолданыстағы бұйым (арнайы киім, ведомстволық киім) шығаруды қамтамасыз етеді. Тігін өнеркәсібін автоматтандыру қазіргі кезеңдегі басқарулық системаларға сай болу керек, технологиялық саланың жеке ерекшеліктеріне, тігін өнеркәсібі үшін технологиялық басқаруда, бақылаушы қондырғылар қолданудың мүмкіншіліктеріне сәйкестенуі керек. Автоматтандырудың жоғарғы дәрежедегі дамуы жеңіл өнеркәсіпте технологиялық қондырғылардың автоматтандырудың үздіксіз дамуын қажет етуде. Тігін өнеркәсібіндегі заманауи қондырғылар арнайы мамандандырылған компьютермен жабдықталуда, қиын да күрделі техникалық іс- адамның тікелей араласуынсыз автоматты басқару жүйесімен іске асуда жөне бұл өнім сапасына деген қажеттілікті қанағаттандыруда өте жоғары. Тігін өндірісінің технологиялық процессінде автоматты басқарудың жүйесіне деген экономикалық талаптар тұрақты түрде жоғарылауда- шыққан шығынның тез өтелуін энергияның экономды өтелуін, энергияның экономды түрде қопдануын қажет етеді. Тігін учаскелеріндегі автоматтандыру машиналарының автоматты басқару жүйесінде микропроцессорлы жабдықталған қондырғылар қолдануды қажет етеді. Бұл жүйеде тігін іс-әрекетін қатаң программаға сай жүргізуді қамтамасыз етеді, яғни басқару жүйесіне бұл программаны енгізу алынған өнімнің сапасында, жоғарғы дәрежедегі көрсеткішке ие.
...