Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазак журналдары: коfамдык сана модернизациясы

Автор:   •  Июнь 15, 2022  •  Реферат  •  6,220 Слов (25 Страниц)  •  332 Просмотры

Страница 1 из 25

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛДАРЫ: ҚОҒАМДЫҚ САНА МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ

КІРІСПЕ

1 Қазақ журналдары: қоғамдық сана модернизациясы

1.1 «Қызыл Қазақстан» журналындағы тақырып пен идея

1.2 «Темірқазық» журналындағы өркениетке ұмтылыс және әлеуметтік реализм

2 «Жас қазақ» – ұлт жастарының үні

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

ХХ ғасырдың басынан жарық көре бастаған қазақ журналдары қазақ қоғамындағы өзгерістерді, мәдени-тарихи дамуымызды қазақ қоғамының өркениетке ұмтылысын, олардың заман ағымына қарай іс-әрекеттерін жариялады. Ұлт жанашыры М.Дулатовтың: «Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті, өзі де өнерлі» [1], - деген сөзі ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі журналдардың ұлт алдындағы салмағын, халықты жұмылдыру, халықты ұйымдастыру, ұлттың санасын оятуға түрткі болатын іс-қимылдарының қаншалықты екендігін айқын көрсетеді. Осы тұрғыдан келгенде, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жарық көрген қазақ журналдарының мазмұны арқылы өткенге көз жүгірткендегі мақсат қазақ халқының өркениетке, білімге, әдебиетке деген ерекше ықыласы мен жаңа дүниенің көзін ашуда жеткен жетістіктерімен қоса өзге мемлекеттің айтқанынан шыға алмайтын шеңберде бола тұра, бір ғасыр бұрын көтерген ұлттық мәселелерінің бүгінгі заманға сабақ болар тарихи тағылымдарын зерделеуден жұмыстың өзектілігі туындайды. Сондықтан ХХ ғасыр басындағы қазақ басылымдарының атқарған қызметтерін ұлттық руханиятымыздың бастауы, қайнар көзі ретінде бағалау ләзім.

Қазақ журналдарының алдына қойған міндеті қазақ халқының санасын оятып, ұлт деңгейіне көтеру, өз елін жат үстемдіктің экспансиясынан құтқарып, тәуелсіз елге айналдыру болды және осы мұратқа жету жолында бұқара мен арада ортақ түсінік қалыптастыруға күш салды. Расында да, ХХ ғасыр басында жарық көрген газет-журналдар халықты оқу мәдениетіне біртіндеп тартты, оларды журнал ісіне араласуға, мақала жазуға, елде болып жатқан жағдайдарды қысқаша баяндауға шақырды. Елге жеткен алғашқы журналдар ауыл-ауылға тарап, қолдан-қолға жетті. Газет шығарушылардың жігерлі сөздері көзі ашық азаматтарға рух берді, қолдарына қалам ұстатты. Журналдардың ашылуына өз қуаныштарын білдіріп жатқан хаттар редакцияларға жетіп жатты. Елден келген хат-хабарлар журнал шығарып жатқан ұжымға да қанат бітірді. Жақсы мақалалар мен өлеңдерге басылым беттерінен орын берілді. Осының барлығы оқырманмен кері байланыс орнатты. Осылайша, журнал шығару тәжірибесі қалыптасып, оқырманмен байланыс дамыды.

ХХ ғасырдың басында қазақтан шыққан оқымысты, көзі ашық азаматтар оқу-ағарту жолындағы еңбектерін дамытып, халықтың алға жылжып, өсіп- өркендеуі үшін жан- жақты үлес қосу жолында тер төкті. Бір ғасыр бұрын жарық көрген қазақ журналдары баспа ісінде де, журнал шығару тарихында да, журналистика жанрларының дамуында да, әдебиет пен мәдениет, шаруашылық, саясат, ағартушылық, ұйымдастырушылық қызметтерінің баспасөз беттеріндегі қоғамдық болмысының көрінісі болды. Қазақ жерінде баспасөз бен баспа ісі, полиграфия саласының қалыптасуы өте қиын жағдайда өтті. Алғашқы кездері баспаханалардың болмауынан жаңа басылымдар Ташкент, Мәскеу, Орынбор, Уфада басылды. Ұлт ішінен шыққан қазақ зиялыларына «алашордашыл, ұлтшыл» деген айыптар тағылып, басылымдарды «ескішіл, ұлтшыл» деген желеулермен жауып отырды. Ұлт жанашырлары шығарған қазақ журналдарының бір ғасыр өткеннен кейін, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген соң қайта сараланып, сол кездегі бағыты мен идеясын ұстанып, жалғасын тауып, жарыққа қайта шыққандары да бар. Мәселен, 1918 жылы Алаш қаласында шыққан «Абай» журналы, 1992 жылы Семей қаласында қайта басылып  шықты.

«Таң» және «Шолпан» журналдары 2000 жылдары біріктіріліп «Таң-Шолпан» деген атпен шықса, кейіннен Семейде «Таң» журналы жеке жарық көрді. Кеңес дәуірінде жарық көрген «Қызыл Қазақстан» журналы бүгінде «Ақиқат» деген атаумен шығып жатыр. Бүгінгі жастар басылымдарының алғашқы қарлығашы ретінде «Жас қазақ» журналын айта аламыз.

Осылайша, азат елді, мәңгілік елді аңсаған ұлт зиялыларының басылым беттерінде көтерген идеялары: баспасөз арқылы халықты ояту, ағарту, ұйымдастыру, тарихи сананы қалыптастырудағы істері сол заманда көтерілді, жалғасын тапты, жаңғырды. Сондықтан да, ХХ ғасыр басындағы қазақ журналдарын, онда жарияланған асыл мұраларымызды, тарихымызды, мәдениетімізді, әдебиетімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізу – басты парызымыз деп білеміз.

...

Скачать:   txt (86.5 Kb)   pdf (212.6 Kb)   docx (37.7 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club