Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ислам дәуірі әдеби мұраларын зерттеген ғалымдар еңбектеріне талдау

Автор:   •  Октябрь 14, 2023  •  Творческая работа  •  1,088 Слов (5 Страниц)  •  213 Просмотры

Страница 1 из 5

Жоспар:

  1. Ислам дәуір әдебиеті туралы кіріспе
  2. Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанының мәні мен мағынасы
  3. “Диуани лұғат ат-түрік” еңбегінің зерттелуі
  4. Қорытынды
  5. Пайдаланылған әдебиеттер

Түркі халықтары әдебиеті тарихында Х-ХІІ ғасырлар, яғни ислам дәуірі әдебиеті ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті» деген терминді алғаш рет өз зерттеу еңбектерінде кеңінен қолданған ғалымдар Ф.Көпрүлузеде, Н.Банарлы және Г.Грюнебаум еді. Ал Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл түркі халықтарының Х-XII ғасырлардағы тарихына қатысты болып келетін «ислам дәуір әдебиеті» деп аталатын аса кең мағынадағы ұғым түсінікті қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлу үрдісінде зор білгірліктен нақтылай түскен. Ол қазақ әдебиеті тарихына талдау жасай келіп, оны төмендегідей дәуірлерге бөліп қарастырады: «Бұрын қазақтарда жоқ сөздердің түрлері шыға бастайды. Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты - тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болады. Сөйтіп жазба әдебиетттің өзі екі дәуірге бөлінеді:

  1. Діндар дәуір;
  2. Ділмар дәуір. (Діндар - діншіл деген мағынада, ділмар - тілшең деген мағынадағы сөздер).

Ислам дәуірінде қазақ жерінен көптеген ғұлама ғалымдар шықты: Әбунасыр әл-Фараби, Ғаббас әл-Жауһари, Исмаил әл-Жауһари, Жамал Түркістани, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иассауи, т.б. Бұдан кейінгі ХІІІ-ХІҮ ғасырларда қазіргі Қазақстан жеріндегі түркі тайпалары Алтын Орда мемлекетінің қоластына бірікті. Бұл мемлекетгің құрылуы қоян-қолтық араласа тіршілік құрған түркі-монғол тайпаларының бірінен шыққан Шыңғысхан шапқыншылығына байланысты болды. Алтын Орда мемлекетінде түркі халықтары аралас өмір кешкендіктен, әдебиеті де сол аралас оғыз-қыпшақ, шағатай тілдерінде жасалды. Сол кезден бізге жеткен ескерткіштердің таза бір тілде жазылғаны кездесе бермейді. Сондықтан да, ол мұралар - қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, өзбек сияқты т.б. түркі халықтарының ортақ қазынасы болып табылады.

Осы түбі бір түркі халықтарына ортақ мұраны зерттеу барасында Алма Қыраубаева өзінің «Ежелгі Әдебиет» атты еңбегінде Ислам дәуіріндегі әдебиетті Сыр бойы әдебиеті және Қарахан әдебиеті деп екіге бөліп қарастырады. Сыр бойы әдебиетіне Әбу Насыр әл-Фараби мен Ахмет Иассауидің еңбектеріне тоқталып өтеді. Ал Қарахан әдебиетінен Жүсіп Баласағұн мен Махмуд Қашқариді әлемге танытқан шығармаларына шолу жасап өтеді. Сонымен қатар ислам дәуірі әдебиетін зерттеушілердің қатарына Н.Келімбетов, Х.Сүйіншалиев, М.Жолдасбеков сынды ғалымадарды атап өтсек те артық етпейді.

Бұдан бөлек ислам дәуірі әдебиеті туралы кейінгі зерттеу еңбектер мен мақалаларда баршылық. Соның бірі “Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанының мәні мен мағынасы” деп аталады. Мақала авторлары:  Ж.Д.Дәдебаев пен С.Б.Жусанбаева. Еңбекте Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының мәні мен мағынасының өзекті ғылыми мәселе екендігіне баса назар аударады. Дастанның мәні мен мағынасын пайымдау, іс жүзінде пайдалану - қазіргі қоғамның әр мүшесі үшін пайдалы болатынына да кеңінен тоқталады. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару ісінде Жүсіп Баласағұн дастанында негізделген құтты білік өлшемдері - мәні мен мағынасы аса бай интеллектуалдық құндылықтар болатыны мақалада ашық көрсетіледі. Оларды білу, түсіну, пайымдау және іс жүзінде қолдану жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің құтын асырады делінеді.

Мақалада Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының мәні мен мағынасын бүгінгі күн сұраныстары тұрғысынан жаңаша пайымдау мақсаты қойылды. Мақсат аясында дастанның мәні мен мағынасын танудың, оның өзегіндегі құтқа жеткізетін құндылықтарды тұтынушылардың пайдалануына қолайлы нақты қағидалар түрінде түзудің методологиялық негізін жасауды көздейді.

Енді XI ғасырда жазылып, XX ғасырда ғана ғылыми ортаға оралған «Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігі - түркі халықтарының энциклопедиясына айналып, күні бүгінге дейін құнын жоймаған ұлы еңбек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Махмұт Қашқаридың бұл сөздігінде осыдан мың жылдай бұрын өмір сүрген түркі тайпаларының айтылу, жазылу заңдылықтары, қолдану аясына қатысты айырым белгілері терең зерттеліп, әлемдік түркітану тарихында алғаш рет тарихи- салыстырмалы зерттеу әдісімен диалектология ғылымының негізі қаланған.

...

Скачать:   txt (16 Kb)   pdf (83.3 Kb)   docx (13.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club