Ислам в Казахстане
Автор: adokadok • Май 25, 2018 • Статья • 1,522 Слов (7 Страниц) • 666 Просмотры
Кез-келген халықтың ұстанатын діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін үлкен фактор болып табылады. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше.
Қазақ халқының рухани өмірі мен өткен тарихында ислам дінінің алатын орны ерекше. Өйткені, ислам дінінің қазақ топырағына орнығуы, кең байтақ жерімізге, араб-парсы өркениетінің озық үлгілерінің келіп, көшпелілердің бай өркениеті мен араб-парсы өркениеті ұштасып жаңа жасампаз өркениеттің қалыптасуына алып келді.
Еуразия даласының сан ғасырлық тарихы, қазақ халқының этногенезі мен этнографиясын зерттеу барысында қазақ мәдениеті мен руханияты Ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі екендігін көруге болады. Өйткені, халық санасына ислам діні бейбіт жолмен сіңісті. Ислам философиясын, құндылықтары мен өнерін дамыту мен жаңғыртуда біздің территориямызда мекен еткен ойшылдар: Әбу Насыр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Махмут Қашқари, Мұхаммед Хайдар Дулат, Жүсіп Баласағұн және тағы басқа мұраларының ислам өркениетінің асыл қазынасына айналуы қазақ халқының дүние танымында исламның рөлі басымдықты әрі маңызды екендігін дәлелдей түседі. [1;11]
Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. VIII ғ. басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыстың жандануы байқалады. Көптеген араб саяхатшылары Орта азия мен Қазақ жеріне сапар шегіп, жергілікті халықтың өмір салты мен мәдениетін, тарихы мен наным-сенімдері жайлы құнды еңбектер жазып қалдырды. Ал, исламның түбегейлі орнығуына VIII ғасырдың ортасында, дәлірек айтқанда 751 жылы Тараз қаласының маңындағы болған араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді. Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғасырдың аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. Міне, осы кезеңнен бастап қазақ жері ислам өркениеті тараған аймаққа айналды. Сунниттік бағыттағы мұсылман діні қазақ халқы рухани байлығының ажырамас бір бөлігіне айналды. [Қазақстан тарихы 1]
Ислам дінің келуі Қазақ жеріндегі қала мәдениетінің дамуына жол ашты. Х ғасырдың басында Қарахандар әулетінің негізін қалаушы Сатук ислам дінін қабылдады, ал оның ұлы Боғра-хан Харуб Мұсы 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Мұсылман діні бірінші кезекте қалаларда тарады. Ибн Хордадбек Фарабтың бас қаласы Кердердегі мұсылман топтары туралы айтады. Ибн Хаукаль Фараб, Кеңжиде мен Шаш аралығында көшіп жүрген мқсылман түріктер жайында баяндайды. Әл-Макдиси Оңтүстік Қазақ жері мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларын атай келіп, мешіттерді қалалардағы міндетті құрылыстардың бірі екендігін атайды. 1 том
Жалпы алғанда Ислам дінің қазақ жерінің жан-жақты дамуының негізгі қозғаушы күші болды. Бұл жайлы тек сол кезеңдегі араб, парсы саяхатшылары ғана емес, қазақтың кең даласында жүргізілген археологиялық заттай деректерде растайды.
Құйрықтөбе қаласының жұртын қазған кезде Х-ХІІІ ғасырдың басында салынған деп санайтын ғибадатханалы мешіттер табылды. Баласағұндағы мешіт пен мұнараның қалдықтары, Төменгі сырдария мен Тараздағы мұсылман сәулет өнерінің діни құрылыстары неғұрлым кейінгі кезеңге жатады. Мешіт пен мұнара әкімшілік биліктің және билік басындағылардың дінге деген адалдығының нышанын білдіреді.
...