Дене тәрбиесі және спорттың мақсаты мен міндеттері
Автор: yugyuh • Сентябрь 27, 2021 • Реферат • 2,796 Слов (12 Страниц) • 1,246 Просмотры
Дене тәрбиесі және спорттың мақсаты мен міндеттері.
Дене мәдениеті мен спорттық білім жүйесінің мақсаты барлық жастағы азамаматтардың оқып, үйренуге, өндірістік еңбекке және шығармашылық қызметке дене даярлығын қамтамасыз етуге жағдай жасаудан тұрады.
Бұл мақсат дене мәдениеті мен спорттың қазіргі заманғы даму сатысында жетілдірудің жалпы және арнайы міндеттерін шешумен жүзеге асады.
Білім беру мекемелеріндегі оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде дене мәдениеті мен спорт жүйесінің негізгі жалпы міндеттеріне мыналар жатады:
- оқып, үйренушілердің дене сапаларын дамыту және жетілдіру;
- әрбір оқып, үйренушіге дене мәдениетінің негізгі қолданбалы дағдыларын меңгерту;
- мақсатқа лайықтылық, батылдық және шешімшілдік, бастамашылдық және тапқырлық, табандылық және жігерлілік, ұстамдылық және байсалдылық, ұжымшылдық сезімі және өзара жолдастық көмек беру сияқты адамдық қасиеттерге тәрбиелеу;
- денсаулықты нығайту және ағзаны шынықтыру, қолайсыз қозғаушы күштердің және кәсіби қызмет жағдайының әсеріне орнылықты арттыру.
Дене мәдениеті курсының арнайы міндеттері – оқытып, үйретудің мақсаттар мен міндеттерін іске асыруға, бағыттылық оқыту бағдарламасына дене мәдениетінің барлық бөлімдерін кіргізу, олардың әрқайсысын меңгеруге оқу уақытының үйлесімді қатынасын белгілеу, оқу-тәрбие үдерісін жандандыру. Әрбір міндеттің өзінің өзгеше ерекшелігі болады.
Бірінші міндет – дене мәдениеті міндеттерінің ішінде басты орынды дене сапаларын дамыту және жетілдіру алады.
Төзімділікті, күшті, шапшаңдықты және әбжілдікті дамытудың жоғары деңгейінің маңызы жалпыға белгілі және көпшілік мойындаған қағида болып табылады. Қазіргі заманғы жағдайда бұл дене сапаларының маңыздылығы тек дәлелденіп қойылған жоқ, сонымен бірге адам ағзасының жалпы тұлғалық жағдайына олардың әсерінің сандық және сапалық сипаттамасы алынған.
Жоғары дене дайындығы деңгейі бар, үлкен дене жүктемелері мен жүйке-психикалық күштенудің әсері жағдайында жан-жақты дамыған адам, тәжірибе бойынша, жұмыс қабілеттілігі, қажуы, жүйке орнықтылығы көрсеткіштері бойынша басқа адамдарға қарағанда едәуір басымдықта болады.
Екінші міндет - дене мәдениетінің негізгі қолданбалы дағдыларын әрбір оқып, үйренушінің меңгеруі жүруде, жүгіруде, секіруде, өзін-өзі қорғау әдістерін орындаудағы әрекетте және қозғалу біліктілігіндегі қалыптасуды қарастырады.
Адамның қозғалыс біліктілігінің бөлшегі ретінде әдістер мен жаттығулар дене және психологиялық сапаларды дамыту және жетілдірудің тиімді құралы болып табылады. Олар экстремальды жағдайларда апаттық-құтқару құралдарын, жеңіл суға сүңгудің (водолаз) жабдықтарымен, киімімен жүзу, сүңгу және басқа судағы және су астындағы әрекеттер, күтпеген жағдайда кедір-бұдырлы, жыртылған жермен жүгіру, қарлы- борасын жағдайында қашықтықты қажет болған жағдайда шаңғымен жүріп өту сияқты арнайы дағдыларды меңгеруге негіз болады
Суға жүзуді үйрету үдерісі ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру, әсіресе жүрек-қан-тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметін жақсарту, денсаулықты нығайту және шынықтыру мақсатында жеке тұлғаның дене және ерік-жігер сапаларын жетілдіру үшін қолайлы мүмкіндік туғызады.
Шаңғымен жүру негізінен қысы қарлы аудандарда меңгеріледі. Қазіргі таңда кез келген ауа райында роликті шаңғылармен, роликті конькилермен шаңғымен қозғалу жаттығуларының иммитациялық мүмкіндіктерін орындауға болады.
Үшінші міндет – оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде оқып, үйренушілердің жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыру.
Жеке тұлға – адамның психологиялық-әлеуметтік қасиеттерінің негізгі иесі.
«Жеке тұлға» ұғымында жеке адамның қоғам құрамында болатындығы анықталатын белгілері айқындалады.
Мақсатқа ұмтылуға, батылдыққа және шешімшілдіке, бастамшылдыққа және тапқырлыққа, табандылыққа және қажырлылыққа, ұстамдылыққа және сабырлылыққа, ұжымшылдық сезіміне және өзара жолдастық көмектесуге тәрбиелеу өскелең ұрпақтың және азаматтың жеке тұлғасы сипаты мен сапаларын қалыптастырудаға маңызды міндеті болып табылады.
Жоғарыда атап көрсетілген сапаларды дене мәдинеті мен спорт құралдары арқылы дамыту және жетілдірудің іс жүзіндегі мүмкіндіктері адамдардың жеке ерекшеліктерімен алдына қойылған оқу және тәрбиелік міндеттерді шешуі есепке алынып пайдаланылатын арнайы жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді шұғылдану сабақтарында орындау кезінде оларды жүйелі және мақсатты бағытта қолдану жағдайында ғана жүзеге асырылады.
...