Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Арнайы дәрігерлік топ оқушылармен жұмыс жүргізу іс-тәжірибелері

Автор:   •  Март 28, 2019  •  Курсовая работа  •  8,745 Слов (35 Страниц)  •  1,377 Просмотры

Страница 1 из 35

Көпсалалы «Болашақ» колледжі

________________________________________ кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Дене тәрбиесінің теориясы

Тақырыбы: Арнайы дәрігерлік топ оқушылармен жұмыс жүргізу іс-тәжірибелері

Мамандық:

Орындаған:

Ғылыми жетекші:

Ақтөбе, 2019 ж.

Мазмұны

Кіріспе

1.1 Дене тәрбиесінің негізгі міндеттері

1.2 Дене тәрбиесіне алдын ала арнайы дәрігерлік бақылау жүргізу процесі

1.3 Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары  

2.1 Арнайы дәрігерлік топ оқушылармен жұмыс жүргізу іс-тәжірбиелері

2.2 Дене тәрбиесі сабақтарында арнайы дәрігерлік топ оқушыларының мүмкіндіктерін анықтау

2.3 Арнайы дәрігерлік топ оқушылармен  ауыл мектептерінде жүргізілетін жұмыстар

3.1 Арнайы дәрігерлік топ оқушылармен жұмыс жүргізудің маңызы

3.2. 6-8 сынып оқушыларының арнайы медициналық тобының дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері

4.Қорытынды

5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі және спорт жұмыстары арнайы ұйымдастырылған екі түрде жүргізіледі. Ол дене тәрбиесі сабағы және басқа да жаттықтыру жұмыстары деп аталады. Дене тәрбиесі үрдісін орындайтын негізгі түр – дене тәрбиесі сабағы. Дене тәрбиесі сабағы мұғалімнің басшылығымен, арнайы мемлекеттік бағдарлама, белгіленген сабақтар кестесі бойынша 1-11 сынып оқушыларына міндетті түрде жүргізіледі.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру. Физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Курстық жұмыстың міндеті:

1) Арнайы дәрігерлік топ оқушылармен  денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
2)
 Арнайы дәрігерлік топ оқушыларының дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;
3) дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
4) өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;
5) тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау жұмыстарын зерделеу.
Зерттеу әдістері: Жинақтау, салыстырмалы түрде зерттеу, талдау, сұрыптау, қорытындылау, тұжырым шығару әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, негізгі 3 бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Дене тәрбиесінің негізгі міндеттері

Мектептегі дене тәрбиесі оқушылардың ақыл - ой және дене қабілеттерінің дұрыс дамуына көмектеседі, ерік сапаларын қалыптастырады, күшін арттырып, денсаулығын нығайтады, организмін шынықтыру мен спорт саласындағы керекті дағдылармен қаруландырады .Жоғарыда саналып өткен міндеттер негізінен дене шынықтыру сабақтарында жүзеге асатын мектептегі дене тәрбиесінің бүкіл жүйесін дұрыс жолға қойған жағдайда ғана ойдағыдай шешіледі. Сондай - ақ, оқушыларға оқу сабақтары басталғанша ұдайы гимнастика жасатып, оқу күні мен өндірістік практика барысында дене шынықтыру минуттарын, үзілістерді, ұзақ үзіліс кезінде серуен, дене шынықтыру шараларын ұйымдастыру да өте маңызды. Мұның бәрі балалардың денесінің дұрыс дамуына және оқу күні мен оқу аптасы бойынша олардың жұмысқа қабілеттіліктерінің сақталуына көмектеседі. Оның үстіне оқушылардың дене тәрбиесі жүйесіне бұлардан басқа спорттық секциялар, дене шынықтыру жарыстары, аттракциондар, экскурсия мен жорықтар, ГТО комплексі т. б. бойынша жұмыс істеу тәрізді мектептен тыс жүргізілетін көпшіліктік дене шынықтыру жұмыстары да кіруі тиіс.

...

Скачать:   txt (134.4 Kb)   pdf (430.4 Kb)   docx (41.8 Kb)  
Продолжить читать еще 34 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club