Дәрігерлік учаскедегі эпидемияға қарсы жұмыс
Автор: Қанағат Алдабергенова • Февраль 6, 2024 • Реферат • 3,092 Слов (13 Страниц) • 101 Просмотры
КеАҚ «Қарағанды медицина университеті»
Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебі
Эпидемиология модулі
Тақырып: Дәрігерлік учаскедегі эпидемияға қарсы жұмыс
Жұқпалы аурулардың патологиялық өзгерістері адамдардың тек уақытша еңбекке жарамсыздығымен ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қоғамдық әрі экономикалық үрдістерге зиян келтірумен, тұрғындардың денсаулығын төмендететін фактор ретінде анықталады.
Жұқпалы аурулар адам патологияларының ішінде әлі де бірінші орында тұр. Олармен күрес және алдын алу шаралары да дәрігерлік участкеде, инфекциялық стационардағы негізгі жұмыс болып табылады.
Инфекциялық науқастармен жұмысты дәрігер бастайды; ол науқастарды тауып, анықтап, инфекциялық ауру диагнозын қояды. Ал біріншілік эпидемияға қарсы шаралардың дәрігерлермен қалайша жүргізілуі, келесі СЭББ (санитарлық эпидемиялогиялық бақылау басқармасы) мамандарының жүргізетін жұмысының тиімділігін анықтайды. Сондықтан жалпы медицина мамандығы студенттері инфекциялық аурулардың эпидемиялық процесін білуді, инфекциялық аурулар кезіндегі эпидемиялық ошақтағы белгілі бір шараларды жүргізуді үйренуге міндетті.
Жұқпалы аурулардың алдын алу және эпидемияға қарсы шаралары, тұрғындарды қорғауға бағытталған әртүрлі жұмыстардың кең шеңберінен тұратындықтан, олар эпидемиологиялық қадағалау деп аталады.
Эпидемиологиялық қадағалау-эпидемиялық процесті комплексті динамикалық бақылау болып табылады. Оның ішінде инфекциялық ауруларды көпжылдық және бір жыл ішінде талдау, әртүрлі жастағы топтардың зақымдалуын зерттеу; инфекциялық аурулардың клиникалық түрлерін, летальділігін, аурудың таралуына әсер ететін факторларды анықтау жұмыстары кіреді.
Эпидемиологиялық қадағалауды эпидемиологтар, клиницисттер, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары іске асырады.
Жұқпалы ауруларды алдын алу, олардың таралуын шектеу бойынша жүргізетін шаралар эпидемиялық процестің барлық 3 звеносына әсер етуі қажет:
- инфекция қоздырғышысының көзіне;
- берілу механизміне;
- қабылдағыш организмге.
- және қосымша жалпы шараларда қосылады
Жұқпалы аурулар ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар
Эпидемиялық процестің бірінші звеносы | Эпидемиялық процестің екінші звеносы | Эпидемиялық процестің үшінші звеносы | Жалпы шаралар |
Зақымдалған адамдар:
тіркеу журналына тіркеу ф.060ф
Закымдалған жануарлар:
| Сыртқы орта факторлары:
| Инфекция көзімен қатынаста болған адамдар:
инкубациялық кезең уақытында бақылау.
тика. |
|
...