Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуы – қоғамның әл-ауқатының жақсаруының кепілі

Автор:   •  Октябрь 5, 2021  •  Реферат  •  1,775 Слов (8 Страниц)  •  553 Просмотры

Страница 1 из 8

Пән: Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы

Тақырып: №10

ПС. Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуы – қоғамның әл-ауқатының жақсаруының кепілі.

Тапсырма № 1. Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Қазақстанда алғашқы зейнетақы реформасы қашан жүзеге асырылды?

Зейнетақы – азаматтарға қарттығына, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылғанда, арнаулы қызмет атқарған жылдары үшін, заңнамада көзделген басқа да Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап посткеңестік елдер арасында кеңестік зейнетақы жүйесінен қазіргі зейнетақы жүйесіне көшуді алғашқылардың бірі болып қолға алды. Үлгі ретінде Чили елінің зейнетақы жүйесі таңдалып алынды.

Зейнетақы реформасының әзірлеушілер Григорий Марченко мен Даулет Сембаев болды. Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқы болып жаңа жүйеге көшіп, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр жұмысшы өз табысының 10% арнайы жинақтаушы қорға аударып отыруы тиіс еді.

Елімізде реформалау нәтижесінде аралас әрі ерікті жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылып, ол өзінің тиімділігін көрсетті. 1,5 миллионнан астам зейнеткер ынтымақты негізде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етілді. Зейнетақы индексациялаумен бірге 2003 жылы оны саралап өсіру жүзеге асырылды. Жеке жинақ принциптеріне негізделген қамтамасыз етудің бір ғана түрі – жинақтаушы зейнетақы жүйесі ойдағыдай дамытылуда. 2004 ж. бір мемлекеттік және 15 жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларындағы 6,5 млн. азаматтың жеке есепшоттарында 415,2 млрд. теңге зейнетақы жинақталды. Оның ішінде 115,7 млрд. теңгесі инвестициялық кірістен түскен. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 2008 жылдың басында 1,1 триллион теңгеден асып түсті. Сөйтіп, біз зейнетақы жүйесін реформалауды табысты жүргіздік. Базалық зейнетақы төлемдерін есепке алғанда, ең төменгі зейнетақы көлемі 1998 жылдан бері 4,3 есе, ал зейнетақы төлемдерінің орташа көлемі 3,3 есе көбейді. 1,6 миллионнан астам адам мемлекеттік зейнетақыны республикалық бюджеттен алады.

Қазіргі таңда зейнетақы саласына қатысты өзгеріс — әлем халқының өмір сүру жасы ұлғаюы мен жұмыс күшінің азаюы салдарынан дамыған елдер өз зейнетақы жүйелеріне өзгерістер енгізіп, реформа жасауды жоспарлауда. Олардың көпшілігінде зейнетке шығу жасын ұлғайту байқалып жатыр. реттерде берілетін тұрақты ақшалай төлемақы.

2. Әлеуметтік қолдаудың қандай түрлерін білесіз?

Әлеуметтік қолдау  — қиын өмірлік жағдайға уақытша тап болған, халықтың еңбекке қабілетті жеке топтарына ақшалай жәрдемақы,несиелер, ақпараттар, оқу мүмкіндіктерін (қайта оқыту) және өзге де жеңілдіктерді ұсыну.

Әлеуметтік көмек түрлері Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер: 1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) өмір сүру сапасын жақсарту мен арттыру, медициналық-әлеуметтік технологияларды қолдану арқылы аурулардың алдын алуға, денсаулығын қалпына келтіруге, сақтауға және нығайтуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер; 2) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) әлеуметтікпсихологиялық бейімдеуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер; 3) физикалық мүмкіншіліктері мен ақыл қабілеттерін ескере отырып педагогикалық түзетуге және оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер; 4) әлеуметтік-экономикалық қызметтер; 5) әлеуметтік-құқықтық қорғауды көздейтін әлуметтік-құқықтық қызметтер; 6) жеке мұқтаждықтан туындайтын қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) тұрмыс-тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтіктұрмыстық қызметтер; 7) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері; 8) бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер.

...

Скачать:   txt (27.9 Kb)   pdf (81.3 Kb)   docx (16.1 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club