Қазақстан 2020 стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламасын іске асыру
Автор: niiazbek • Ноябрь 7, 2021 • Доклад • 670 Слов (3 Страниц) • 351 Просмотры
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагокикалық университеті
Білім алушының өзіндік жұмысы
Қазақстан 2020 стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламасын іске асыру
Орындаған: Нязбек Құрбантай
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы болып табылады. Бұл стратегия 1997 жылы 1 қазанда қабылданған болатын. Және бұл мәселе біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында толық баяндалған. Негізінен стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнатудан тұрды.
Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестіруден келелі, идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.
Қазақстан стратегиялық даму жоспарының екі кезеңі 5 бағытты болды. Алғашқы кезеңі 2010 жылы болды ол кезеңде экономикасы мен өндірісі және ауыл шаруашылығы дамыған, әлеуметтік саланың қызмет көрсету деңгейін қолжетерліктей дәрежеге жеткізу міндеттерін анықтап берді. Стратегия барысында көп теген салалар алға ілгере бастады Бүгінгі жеткен орасан жетістіктеріміз, Қазақстан азаматтарының алға қарай жасаған ұмтылыстарының бірізділігін сақтаудың, экономиканы жетілдірудің, заманауи азаматтық қоғам құрудың негізін анықтап берді деп мықты сеніммен айта аламыз. 2010 жылға дейінгі cтратегиялық бағдарламалардың дамығанына қарағанда көпшілігінің жоспарлары аяқталмай қалыпты қалды себебі 2007 жылы әлуметтік дағдарыс болады бұл Қазақстанның даму жағдайында ереуілі өзгеріс болды Қазақстанға да өз әсерін тигізді. Экономикамызды әлемдік дағдарыстың көлеңкелі тұстарынан сақтандыратын шаралар қабылдау қажеттілігі туды. Осыған орай 2020 жылғa дейінгі стратегиялық даму жоспары қабылданады. Ол дағдарыс кезеңінде бәсекелесуге қабілетті экономиканы қалпына келтірудің негізін салуға бағытталған. ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында мемлекеттік қызметте бес басты бағыт болады.Қазақстан 2020 жылы әлемдік дағдарыстан біршама қуатты және бәсекеге қабілетті, экономикасы әртараптандырылған және халқы белсенді түрде жаңа экономикаға тартыла отырып шыныққан елге айналады.Жаһандық экономиканың дамуын бағалау оны қалпына келтіру баяу жүреді дегенге негізделеді. Әлемдік сұраныстың азаюына орай экспорттық нарықтағы бәсекелестік күшейе түседі, ал тауарлардың бағасы орнықты өсерліктей жағдай жасалмайды немесе қалай болғанда да өткен онжылдыққа қарағанда ақырын өсетіні байқалады. Жаһандық экономиканың болжанып отырған шамалы өсімі мен экологиялық таза энергетикалық технологиялардың өскелең рөлінің ұштасуы дәстүрлі энергия тасығыштардың әлемдік бағасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
...