Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының е-денсаулық сақтауының дамуы

Автор:   •  Ноябрь 30, 2021  •  Курсовая работа  •  7,428 Слов (30 Страниц)  •  1,800 Просмотры

Страница 1 из 30

Мазмұны

  1.  Қазақстан Республикасының е-денсаулық сақтауының дамуы.................................2- 3
  2. Қазақстан Республикасының е-денсаулық сақтауын стандарттау тәсілдері ...............4-7
  3. Е-денсаулық сақтау саясаты. Жоспарлау мен инновация стратегиялары.......................8-10
  4. Денсаулық сақтаудағы бар ақпараттық жүйелер және қосымшалар. Денсаулық сақтау жүйесінің инфраструктурасы ..........................................................................................11- 13
  5. Ақпараттық жүйелердің сипаттамасы.............................................................................14- 15
  6. Е-денсаулық сақтау стратегиялық дамуының негізгі құжаттары ................................16- 17
  7. Қазақстан Республикасының  е-денсаулық сақтанудың міндеттері ............................18- 20
  8. Қазақстандағы е-денсаулық сақтау дамуының негізгі қағидалары және жалпы жолдары... ..........................................................................................................................21-25

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының е-денсаулық сақтауының дамуы

Қазақстан Республикасының  электрондық  денсаулық  сақтау саласын дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) қолданыстағы үлгіні пациенттің  мұқтаждылығына қайта бағдарлау үшін жаңарту, медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігін арттыру мақсатында әзірленген.

Қазақстан Республикасының электрондық  денсаулық  сақтау саласының

көрінісі мынадай нұсқамен тұжырымдалған:

2020 жылға Қазақстан Республикасының  электрондық  денсаулық  сақтау саласын іске асыру пациенттің  мұқтаждылығына бағытталған денсаулық сақтаудың  қауіпсіз, әділ, сапалы және тұрақты жүйесін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы, өзекті, нақты және толық  ақпаратты автоматтандырылған түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Электрондық денсаулық сақтаудың басты элементі адамның  денсаулығы туралы басты деректерді сақтау және оны ауыстыру үшін логикалық  құрылымды қамтамасыз ететін және медициналық қызметтің  қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ  барлық  деңгейде менеджментті жетілдіруге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің міндеттерін іске асыру құралы болып табылатын электрондық денсаулық паспорты болады.

Көрініс Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министрлігінің барлық  құрылымдары мен медициналық  ұйымдарында қағазсыз технологияда негізделген электрондық  денсаулық  сақтау жүйесіне қорғалған және жоғары жылдамдықтағы рұқсаттың  болуымен қамтамасыз етілетін болады. Орталық деңгейде денсаулық  сақтаудың  ұлттық  репозиторийі ұйымдастырылатын болады, оның  ішінде:  

(і) медициналық  ұйымдардың  әртүрлі ақпараттық жүйелерінен алынған біріктіруші ақпарат, орталық  компонент ретінде электрондық  денсаулық паспорттары, және (іі) жоғары сапалы статистикалық, талдау және қаржылық деректердің қоймасы.

Электрондық  денсаулық  сақтаудың  көрінісін іске асыру үшін денсаулық сақтау процестерін қолдауға қатысатын ақпараттық  жүйелердің  арасындағы толық интероперабельдікті қамтамасыз ететін, болжамды архитектураның қызметін іске асыру мүмкіндігін айқындайтын стандарттар әзірленіп, енгізіледі. Қолдау жүйелерін интеграциялау даму процесіне мүдделі тұлғалардың  кең шеңберін, бірінші кезекте түпкілікті тұтынушыларды тартумен бөлінген бірыңғай ақпараттық кеңістікті құруға мүмкіндік беретін, жаңа архитектураның маңызды қабілеті болып табылады, бұл электрондық  денсаулық  сақтауды дамытудың  сапасын және қарқынын қамтамасыз етудің  қажетті шарты болып табылады.

Электрондық  денсаулық  сақтау саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министрлігі (бұдан әрі – ҚР ДСМ) саясатты әзірлеуге, электрондық  денсаулық  сақтау секторын реттеуге және стандарттауға назар аударады, сондай-ақ  ұлттық деңгейдегі ақпараттық  жүйелердің,  сонымен қоса денсаулық  сақтаудың  мынадай жүйелерін басқару және қаржыландыру қызметін іске асыру үшін қажетті жүйелердің  орталықтандырылып әзірленуі және енгізілуі үшін жауап

беретін болады:

...

Скачать:   txt (112.9 Kb)   pdf (916.9 Kb)   docx (689 Kb)  
Продолжить читать еще 29 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club