Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халықаралық саясатқа қатысты көзқарастар

Автор:   •  Ноябрь 1, 2021  •  Реферат  •  542 Слов (3 Страниц)  •  237 Просмотры

Страница 1 из 3

Халықаралық саясатқа қатысты көзқарастар

1.Реалистік көзқарас.Реализм  (кейде  «саяси  реализм»  деп  аталады)  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  халықаралық  саясатта  үстем  концепцияға  айналды.  Ол  халықаралық  саясатқа  «реалистік»  тұрғыда  қарауға  тырысады,  яғни  мәселені  салқынқандылықпен талдайды, «қалауымыздың ыңғайына жығылуға және алдамшы морализмге жол бермейді» дейді реалистер. Реалистер үшін халықаралық саясат дегеніміз, ең алдымен, билік және жеке мүдде. Осы себепті ол кейде әлемдік істердегі «күштік  саясатының»  үлгісі  ретінде  сипатталады. Ганс  Моргентау  (1948) айтқандай, «саясат дегеніміз – адамдарға билік ету жолындағы күрес, яғни  түпкі  көздегені  не  болса  да,  билік  –  саясаттың  тікелей  мақсаты,  ал  билікке жету, оны қолда ұстау және пайдалану саяси іс-қимылдың техникасына байланысты».

Күштік саясат «Саясаттағы адамның басты мақсаты – билікке ұмтылу» деген тұжырымға негіздел-ген саясат. Күштік  саясат  теориясы  екі  негізгі  ұйғарымға  негізделген.  Бірінші:  адам-дар  табиғатынан  өзімшіл  және  бәсекелестікке  бейім, яғни  эгоизм  –  адам  табиғатының негізгі ерекшелігі. Никколо Макиавелли мен Томас  Гоббстің саяси  теориялары  осы  идеяның  негізінде  жасалды.  Алайда  Макиавелли  мен  Гоббс,  ең  алдымен,  жеке  адамдардың  немесе  әлеуметтік  топтардың  мінез-құлқын  түсіндіруді  ойласа,  халықаралық  реалисттер бәрінен бұрын мемлекеттердің мінез-құлқына назар аударады,  өйткені  олар  халықаралық  аренадағы  ең  маңызды  факторлар  болып  есептеледі.  

2.Либералдық көзқарас. Либерализм  халықаралық  саясатқа  оптимистік  тұрғыда  қарайды.  Бұл  көзқарас адамның рационалды табиғатына және адамгершілігі мен қайырымдылығына негізделген (бірақ либералдардың пікірі бойынша да «адам – табиғатынан өзімшіл тірлік иесі» саналады). Осы себепті олар әлеуметтік өзара әрекеттестіктің барлық формасында теңестіру немесе үйлесім бар деген сенімде. Либералдық  көзқарасқа  сәйкес,  экономикада  табиғи  немесе  реттеуді  қажет  етпейтін  тепе-теңдік  түзілетіні  сияқты,  мемлекеттер  арасында  да  мүдделер  теңгерімі  қалыптасады.  Осы  себепті  либералдар  интернационализмге сенеді және «реалистер халықаралық жүйеде ынтымақтастық пен сенімді нығайту мүмкіндіктерін жете бағаламайды» деп есептейді

...

Скачать:   txt (6.1 Kb)   pdf (77.6 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club