Саяси мәдениет
Автор: 756651 • Ноябрь 12, 2022 • Контрольная работа • 1,165 Слов (5 Страниц) • 180 Просмотры
11 ТАҚЫРЫП Саяси мәдениет.
1. Саяси мәдениет түсінігі, мәні құрылымдық компонентер және саяси мәдениет қызметтері.
2. Саяси мәдениет қоғамдык-тарихи негіздің ажырамас бөлігі ретінде
Саяси мәдениет ұғымы, оның тұжырымдамалары, атқаратын қызметтері мен типологиясы. Саяси мәдениет ұғымы алғаш рет Платон, Аристотель еңбектерінде кездеседі. Аристотель «Политика» еңбегінде қоғамның тұрақтылығы, немесе, өзгерісіне әсер ететін «ой жағдайы» туралы айтты. Т.Гоббс «Левиафан, немесе, материя, форма және шіркеулік, азаматтық, мемлекеттік билік» (1651ж.) еңбегінде адамдардың қалыпты жағдайы – бұл бәрінің бірбіріне қарсылығы, және «кедейлердің байлармен келісімге консенсусқа келуі – мәдениеттің көрінісі» дейді. Адамдар қандай да бір әлеуметтік организм шеңберінде бірігіп өмір сүре алады. Ендеше оларды не біріктіреді, әлеуметтік байланыс пен қоғамдық тұрақтылық механизмі неде деген сұрақтар туады. О. Конт бұл механизмді жалпыға ортақ келісім принциптерінен – қоғамның барлық бөліктерінің қызмет етуінің заңдарын түсіндіруге мүмкіндік берген әлеуметтік консенсустан көрді. Консенсустың арқасында қоғам әлеуметтік организм ретінде, адамдардың бір-біріне деген ұжымдық өзара ұнатушылық сезімдеріне сүйене отырып қызмет ете алады («Позитивті саясат жүйесі», 1850ж.). Француз ойшылы А. де Токвиль қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету, немесе, өзгеруіндегі саяси құндылықтар мен мінез-құлықтар мәнін ерекше көрсетті («Америкадағы демократия туралы», 1835ж.). Неміс социологы М.Вебер саяси құрылымдардың құрылуы мен қызмет етуінде дінге маңызды мән берді, («Протестанттық этика және капитализм рухы», 1904ж.). Француз әлеуметтанушысы Э.Дюркгейм «ұжымдық сана» концепциясын берілген қоғам мүшелерінің бөлісетін ойлары мен сенімдері жиынтығы ретінде жасады («Қоғамдық еңбектің бөлінуі туралы. Социология әдісі», 1891ж.). Саяси мәдениеттің теоретикалық мәні қазіргі заманғы философия, әлеуметтану, психологияда көрініс тапты. Әлемге танымал ойшылдар Дж.С.Милль, М.Вебер, Т.Веблен, У.Томас, Ф.Знанецкий және басқалардың еңбектерінде саяси мәдениет концепциясының негізі 162 қаланды. Алайда, “саяси мәдениет” түсінігін алғаш қолданған неміс философы ХVІІІғ ағартушысы Иоганн Гердер болды. Ол «саяси мәдениет» ешқандай жағдайда саяси шындықты бейнелей алмайтын «екі жүзділіктің көрінісі» деп бағалайды. Г.Алмонд пен С.Верба, Д.Пауэлл «Азаматтық мәдениет” кітабында саяси мәдениет туралы өз түсініктерін 5 елдің – АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия және Мексикандық саяси мәдениетін тарихисалыстырмалы зерттеу арқылы көрсетті. Олардың анықтауынша саяси мәдениет – бұл әрбір саяси жүйенің айырмашылығын көрсететін саяси іс-әрекеттерді бағдарлаудың ерекше түрі. Бір жағынан, саяси мәдениет белгілі-бір автономияға ие болғанымен, берілген қоғамның жалпы мәдениетінің ерекше бөлігі болып табылады; екінші жағынан, нақты саяси жүйемен байланысты. Саяси мәдениет үш деңгей түрінде көрініс табады: 1) саяси жүйе, оның рөлі, сол рөлдерді алып жүрушілер және оның қызмет етуі туралы білімді қамтитын танымдық бағдарлар; 2) саяси жүйе, оның қызметі, қатысушылары және қызметіне қатысты сезімдерді көрсететін эмоционалдық бағдарлар; 3) саяси жүйе, оның қатысушылары мен олардың әрекеттеріне жеке қатынасты көрсететін бағалау бағдары.
Саяси мәдениет деп тарихи қалыптасқан, тұрақты, бұған дейінгі ұрпақтардың сенімдерін, ұстанымдарын, көзқарастарын, құндылықтарының тәжірибесін көрсететін, адамдардың іс-әрекеттерінде көрініс тауып, қоғамның саяси өмірінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мәдениетті айтамыз. Ол белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен ісәрекеттердің ұқсастық жиынтығы түрінде анықталады. Саяси мәдениеттің сипатты белгілері: - саяси сана мен саяси мінез-құлықты анықтайды; - қоғамның табиғи-тарихи дамуының жемісі болып табылады; - жаппай сипатқа ие, тұрақты қайталанбалы байланыстарды қамтиды, саяси тәжірибені бекітеді. Саяси мәдениеттің атқаратын қызметтері: - тәрбиелік; - біріктірушілік; - қорғау; - сабақтастық; - бағдарлау; - танымдық; - реттеушілік; - идентификация – адамның қай саяси топқа жататындығын анықтау; - адаптация (бейімдеу); - әлеуметтену; - коммуникация (қарым-қатынас). - интеграция (топтастыру) Аталмыш қызметтерді нақтырақ саралар болсақ, саяси мәдениеттің бұл қызметтері төмендегідей сипатқа ие: Идентификация, адамның ұдайы белгілі бір топқа кіру қажеттілігін ұғынуды, осы қауымдастықтың мүдделерін білдіруді және қорғауды көрсетеді; Бағыттылық, адамның саяси құбылыстарды мағыналық бейнелеу, нақты саяси жүйеде өзінің бостандықтары мен құқықтарын іске асыру барысында жеке мүмкіншіліктерін түсіну ұмтылысын сипаттайды; Танылу (бағдарламалау), адамның мінез-құлқына белгілі бір бағдар беретін, нақты нормалар мен көзқарастардың, бағыттардың басымдылығын білдіреді; Бейімделу, адамның өзгеріп жатқан саяси ортаға икемделу қажеттілігін көрсетеді; Әлеуметтену, тұлғаның өзінің құқықтарын, саяси қызметтері мен мүдделерін іске асыруға мүмкіндік беретін белгілі бір дағдылар мен қасиеттерге ие болуды сипаттайды; Интеграция, нақты саяси жүйе шеңберінде әр түрлі топтардың қатар өмір сүруін, мемлекет тұтастығын қамтамасыз ету; Коммуникациялар, жалпыға ортақ терминдерді, рәміздерді, стереотиптерді және басқа да ақпарат көздері мен қатынас тілі негізінде барлық субъектілер мен билік институттарының өзара әрекеттестігін қамтамасыз етуді білдіреді. Өзінің функцияларын іске асыру барысында саяси мәдениет саяси процестер мен институттарға үш жақты әсер етеді: - оның ықпалымен қоғам үшін дәстүрлі саяси өмір формалары қайтадан туындайды; - қоғам үшін белгісіз, жаңа әлеуметтік және саяси өмірдің формалары дүниеге келуі мүмкін; - бұрынғы және болашақ саяси құрылыстың элементтерін қиыстыру. Саяси мәдениеттің түрлері- жалпылама; - үстемдік етуші; - патриархалдық; - рационалды; - активті; - демократиялық; - бағынышты, бодандық; - субмәдениет; - контрмәдениет.
...