Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жер ресурсын басқарудың теориялық негіздері

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Реферат  •  882 Слов (4 Страниц)  •  485 Просмотры

Страница 1 из 4

Дәріс 2

Жер ресурсын басқарудың теориялық негіздері

Жер қоры кез келген мемлекеттің ұлттық байлығы болып табылады, сондықтан оны ұтымды пайдалану басқару жүйесінсіз мүмкін емес.Оның қажеттігі әсіресе қазіргі жер қатынасынның қайта құрылып, барлық жерде жерді қайта бөліп, оны жеке меншікке беріп, жер қатынасы объектілерінің қайта құрылуында аса қажет.

Қазіргі қалыптасқан жер ресурсын басқару жүйесі мемлекет пен қоғамның құқықтық, саяси, ұйымдастырушылық, экономикалық, экологиялық және әлуеметтік жағдайын ескергенімен, жер ресурсының экономикалық-географиялық және геоэкологиялық жағдайлары аз ескерілуде.

Жер ресурсын пайдаланудың географиялық негіздері адамзат іс-әрекетінің өзекті мәселелерінің бірі. Жер ресурсын пайдалануда аймақтық және тіпті локалды табиғи, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тарихи сияқты географиялық жағдайлармен байланысты мәселелерді қарастырудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасында саяси және экономикалық кұрылысты реформалау процестері жер қатынастарын түбегейлі өзгерту мен мемлекеттің тікелей басқаруымен және бақылауымен жер реформасын жүргізу кажеттілігін туғызды.

Нарықтық экономикаға көшу жерге әр түрлі меншік нысандарын енгізу, жер пайдаланудың ақылы болуын, жердің, оның өндіріс құралы, кеңістіктік базис және шектелген маңызды табиғи ресурс сияқты басты функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын мүлік және құқықтық реттеу нысанасы ретінде заң тұрғысынан танудың объективті кажеттілігін туғызады.

     Осыған байланысты елдің жер ресурстары әлеуетін тиімді пайдалану мен қорғаудың негізгі стратегиялық бағыттарын белгілеу айрықша өзекті болып отыр.

Қоршаған ортаға техногенді әсер етудің күшеюі табиғи-территориялық кешеннің көптеген жылдар бойы қалыптасқан морфологиялық, құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін анропогендік өзгерістерге әкеліп соқты. Әртүрлі географиялық жағдайлардағы мұндай өзгерістердің салдары көбінде жер ресурсын пайдаланудың экономикалық тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеледі. Соның салдарынан өмір сүрудің әлеуметтік жағдайы мен адамзат іс-әрекетінің нашарлауына әкеледі.

Қазақстан Республикасы территориясында көптеген жылдар бойы аймақтық жер ресурстары «табиғи ресурстарды эктесенсификациялау» жолымен жүріп, ресурс үнемдейтін технологияларды пайдаланбай, алынатын экономикалық нәтижелер салым құралдарымен сәйкес келмеді. Мұның негізгі себептерінің бірі бүкіл жер ресурсының мемлекет қарамығында болып, адамдардың санасында жер ресурсын «ешкімдікі емес немесе жалпы» деген түсінік қалыптасты.

      Жер қатынастарын орталықтандырылған басқару жүйесі жергілікті дәстүрлерді, аймақтық және локалды географиялық жағдайларды ескермей, аумақтың жеке учаскілері мен нақты шаруашылық объектілерін пайдалану формалары бойынша нұсқау беріп отырды.

      Бірақ Қазақстанның жер ресурсының сарқылмауы туралы түсінігі өзгеріп, жер қатынастарын мемлекеттік бақылау  жүйесі «аймақтық дербестікпен», «іскерлік...» объектісімен сипатталды.

      Қазақстан Республикасындағы экономикалық қайта құрулар  жер ресурсын басқарудың маңызын айқындап берді. Бұл жер ресурсының дәстүрлі (өндіріс құралы, территориялық базис, табиғи дене және т.б) қасиеттерімен бірге  құқықтық қатынас пен жылжымайтын мүлік объектісі болуымен байланысты.      

      Сондықтан бюджеттік кірісті, салық салынатын базаны көбейту, аймақтардың дамуына инвестиция тарту мен жер қатынасы субъектілерінің құқығын қатамасыз етудің тиімді жүйесін құру мүмкіндігін арттыратын жер ресурсын басқарудың теориялық және әдістемелік жағдайын жетілдіру қажеттігі туындады.

Жер ресурсын басқарудың жерге орналастырушылық, мемлекеттік жер кадастры, жер мониторингі және т.б. сияқты функционалды іс-әрекеттері бар. Сондықтан жер ресурсын басқару жүйесі жерге қатысты жеке меншік формасына байланысты мемлекеттік және шаруашылықішілік  болуы мүмкін.

Жерді пайдалану мәселесі ежелгі кезден бастап зерттелген. «Физиократтар» кез келген байлықты жермен байланыстырған. Жерге меншік әлеуметтік-экономикалық жүйенің ауысуында негізгі мәселе болды. Жер рентасы мен жерді бағалау мәселелері әлемнің белгілі экономист ғалымдарының еңбектерінде қарастырылған. Жерді тиімді пайдаланудың экономикалық механизмі - ренталық теорияның классикалық концепцисының негізін қалаушы экономомистер К.Маркс, А.Маршал, У. Петити, Д. Рикардо, А.Смит, А.Тюрго және басқалар болды. Ал табиғатты пайдалану экономикасының мәселелерін А.М. Бронштейн, А.А.Варламов, А.А., С.Н.Волков, Е.Б.Допир, К.Г. Гофман, А.А. Жученко, В.Я.Заплетин, М.Я.Лемешев, А.Л.Новоселов, Н.В. Пахомова,К.К.Рихьтер,М.А.Гендельман,П.Н.Першин,А.А.Семёнов,С.А.Ткачук, Ф.Г.Некрасов, Е.Б. Струкова, М.А.Сулин, Т.А.Щербатова,В.И.Шиян, Н.Н.Прокуронов,К.Н.Сазонов,Л.С.Семин,М.Д.Спектор,В.П.Троицкий,С.А.Удачин, О.А.Хауке, В.Н.Хлыстун, В.С.Шаманаев и др. және т.б. экономистер қарастырды. Жер ресурсын басқару мәселелерін зерттеуге А.П.Асташкин, А.М. Гатаули., П.В.Дегтярев, А.Кирьякова,Н.В.Комаров, А.Корнеева, В.Кузнецова, П.В. Никифоров, П.С.Семин, В.Н.Хлыстун. Д.А.Шишов және т.б. үлкен үлестерін қосса, А.В. Чаянов сияқты ғалым-экономистердің ғылыми іс-әрекеті толығымен ауыл шаруашлығы мен жер ресурстарын басқару мәселелеріне арналған.

...

Скачать:   txt (14 Kb)   pdf (77.6 Kb)   docx (11.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club