Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҚР Білім туралы Заңы

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Реферат  •  1,293 Слов (6 Страниц)  •  1,209 Просмотры

Страница 1 из 6

[pic 1]                        «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті»          

Ерекше блімді қажет ететін тұлғаларға қатысты халықаралық құқықтық құжаттар

Орындаған:Нурбаева Т.С.

Курс:1

Мамандық:Педагогика және психология

Тексерген: Касымжанова Г.Н.

Эдвайзер: Уакасова М. Б.

                     

                                         2021-2022 оқу жылы

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  •  ҚР Білім туралы Заңы
  • 29-бап. Мүгедектерге бiлiм алуы және мектепке дейiнгi

     тәрбие алуы үшiн жағдайларды қамтамасыз ету

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

                                         Кіріспе        

Адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық шарттарға, ең алдымен Адам құқықтары туралы БҰҰ Декларациясына, Мүгедектердің құқықтары туралы, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенцияларына қосылып, Қазақстан Республикасы жалпы адамзат құқықтарын сақтау, атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алу құқығын қамтамасыз ету бойынша өзіне міндеттемелер алды. Қазақстан Республикасының Конституциясына және білім беру, оңалту, әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекет инклюзивті білім беруді енгізу арқылы әр баланың қабілеттерін, мүмкіндіктерін және қызығушылықтарын ескере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Елімізде инклюзивті білім беруді дамытудың бастапқы кезеңі инклюзивті білім берудің жай-күйіне талдау жасауға және проблема бойынша бірқатар нормативтік құқықтық, нұсқамалық құжаттар, талдамалық материалдар мен ғылыми жарияланымдар дайындауға мүмкіндік берді. Қазақстанда инклюзивті білім берудің ұғымдық аппаратын, прициптерін, сонымен қатар инклюзивті білім беруді іске асыру тетіктерін қозғаған бірқатар маңызды нормативтік құқықтық құжаттар қабылданды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен (2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 534) бекітіліп қабылданған Инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешені инклюзивті білім беру саласындағы стратегиялық құжат болып табылады. Инклюзивті білім беруді дамытудағы келесі маңызды кезең 2015 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен (2015 жылғы 1 маусымдағы № 348) бекітілген, Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеу және бекіту болды, онда баршаға арналған сапалы білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету басым принцип деп жариялады және инклюзивті білім беруді дамытуды ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындады. Адам құқықтары саласының негізін құрайтын халықаралық құжаттарға және қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттеріне сәйкес Тұжырымдамалық тәсілдерде инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары атап көрсетілді. Бұл бағыттар инклюзивті білім беруді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны дамытуды, ғылыми-педагогикалық негіздер мен кадрлық, оқу-әдістемелік әлеуетті қалыптастыруды қамтиды. Қазақстанның инклюзивті білім беруді дамытуда жасаған маңызды қадамдарына қарамастан, әлі де «кедергісіз мектептер» құрылған жоқ, ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру, кәсіби дайындау үшін жағдайлар жеткіліксіз, инклюзивті ортада жұмыс істеуге дайын педагогикалық кадрлар да жеткіліксіз. Инклюзивті білім беруді дамыту болашағына негізделген және  педагог пен ЕБҚ бар баланы қолдау институтын (педагог-ассистент) енгізуді, барлық санаттағы балаларды білім беру ортасына қосу үшін жағдайлар жасауды болжайды.

...

Скачать:   txt (18.1 Kb)   pdf (128.7 Kb)   docx (32.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club