Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына сипаттама

Автор:   •  Март 12, 2018  •  Курсовая работа  •  10,552 Слов (43 Страниц)  •  1,447 Просмотры

Страница 1 из 43

ЖОСПАР

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАНКРОТТЫҚҚҚА ҰШЫРАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ......................................................................................4

1.1. Банкроттықтың теориялық негіздері..............................................................4

1.2. Банкроттық түсінігі, түрлері және себептері.................................................6

2.  ОҢАЛТУ ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҚ КЕЗІНДЕГІ ҚҰҚЫҚҚА СИЫМСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ...............10

2.1. Банкроттықты құқықтық реттеу...................................................................10

3.  «ОҢАЛТУ ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ...........................................................................12

3.1. «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына сипаттама........................12

3.1. Заңнның құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдары...................20

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................36



 

КІРІСПЕ

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына жиырма жылдан асты. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілде айының он алтыншы жұлдызында Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Кәсіпорынның банкроттығы нарықтық қатынастарды қамтыған Қазақстан экономикасы үшін жаңа құбылыс емес. Қазақстан экономикасында шаруашылық субъектілердің банкротқа ұшырауының көптеген алғы шарттары бар. Қазіргі уақытта бұл саладағы нормативтік база қабылданып және дамытылып жатыр. Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. «Банкроттық туралы» Қазақстанда үш заң актісі қабылданды. Бірінші заң 1992 жылы 14 қаңтарда қабылданып, 1992 жылы 1 ақпанда күшіне енді, ал екіншісі – Президенттің 1995 жылғы 7 сәуірдегі заң күші бар Жарлығы. Бірақ қабылданған заң актілері көп мәселелерді шешпеді, дауларды қарау кезінде көптеген қиындықтар байқалды. Мұндағы заңдарды жаңарту қажеттігін туғызатын ең басты себеп – банкроттыққа байланысты мәселелердің біріңғай жүйеленбегендігі еді. Мәселен, қайта ұйымдастыру, кредиторлардың мүдделерін қорғау жолдары шешілмеген. Кредиторлардың өз мүдделерін қорғауларына мүмкіндік беретін құрылтай жиналысы қалыптаспаған екен. Банкроттық туралы заңдардың жетілмеуінен және борышкердің дәрменсіздігіне қатысты нақты критерийлердің және сот шешімін орындау механизмінің жоқтығынан төлем қабілеттілігі жоқ көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер күнделікті айналымнан шығарып тасталынбады, мұның өзі экономиканың дамуына кері әсер етті.

Алайда, 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚР-ң заңы қабылданып, қазіргі таңда реттеліп отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты. Азаматтық кодекстің 44-бабына (2-бөлім) сәйкес қазыналық кәсіпорын мен мекемеде ақша қаражаты жетіспеген жағдайда олардың міндеттемелері бойынша тиісті мүлік иесі субсидиялық жауап беретін болғандықтан қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істерге қолданылады. Азаматтық кодекстің аталған ережесі осындай заңды тұлғаларға қатысты банкроттық жөн – жосықтарды қолданудың практикалық мәнін жоққа шығарады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қатысты (олардың ұйымдық – құқықтық түріне тәуелсіз) банкроттық жөн-жосықты қолдану ерекшеліктері арнайы заңдарда көзделуі керек.

Курстық жұмыстың міндеті. Оңалту және банкроттық кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттердің қылмыстық-құқықтық сипаттамасын ҚР-ң қабылданған заңдарға сүйене отырып тақырыпты ашу, ұсыныс енгізу арқылы қойылған мақсатқа жету.  

        1.        Кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырауының теориялық негіздері

  1. Банкроттықтың теориялық негіздері

             Банкроттық деген сөз барлық қызығушы тұлғалар үшін белгісіздікке әкелетін фирманың, банктің, ұйымның қызметінің жойылуын білдіретіндіктен жиі қорқыныш пен үрей туғызады.

             Бірақ, бұл тек банкроттылықтың салдары ғана. Іс жүзінде нарықтық экономикада банкроттықтың рөлі зор және кең.

...

Скачать:   txt (164 Kb)   pdf (446.4 Kb)   docx (793.7 Kb)  
Продолжить читать еще 42 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club