Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Геноцид анықтамасы: заманауи дамуының шегі

Автор:   •  Июнь 3, 2018  •  Лекция  •  1,511 Слов (7 Страниц)  •  697 Просмотры

Страница 1 из 7

               Геноцид анықтамасы: заманауи дамуының шегі

Заңды консервативті геноцид ұғымын артықшылық ретінде емес, халықаралық заңдаманың кемшілігі ретінде қарау керектігі сөзсіз. Өйткені, мұндай анықтама геноцид ұғымының шынайы мазмұнын тарылтып қана коймай,  

Геноцид туралы Конвенциялар қабылданып, заңды шекаралар бекітілгенмен, әлемде қазіргі таңда көптеген қылмыстық істер жасалынып жатыр. Бірақ        « nullum crimen sine lego»  қағидасының абсолютті әсерінен, көбі қылмыс ретінде танылмай қалады. Түсінбеушіліктерді болдырмау үшін, жоғарыда айтылған жағдайларға өзіндік анықтамалар ұсынылған. Олар:

  1. Этноцид- ұлысты, халықты нысаналы түрде қырып-жою немесе олардың ұлыстық-мәдени ерекшеліктерін: тілді, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, тарихи зердені, т.б. зорлық-зомбылықпен жою үдерісі. 
  2. Демоцид-үкімет іске асыратын жаппай өлтірулердің барлық формасын қамтитын термин. Көбінесе, қаруланбаған халыққа бақытталады.
  3. Политицид- этикалық немесе басқада топтарға емес, саяси топтарға бағытталған қылмыстар.
  4. Гендерцид- жынысына байланысты жаппай өлтіру.

Сонымен қоса, кейбір мамандар қазір тікелей геноцидтің «жанама» геноцидке айналу тұжырымдамасы бар екенін алға тартады. Бұл анықтаманы Ю.В. Черновицкий ұсынған. Табиғи жағдайларды, мәдени-тарихи ортаны, биологиялық және экономикалық факторларды өзгерту жолымен қандай да бір топтарды толықтай немесе жартылай жоюға әкелетін жағдай жасалынуы .

«Жанама» геноцидтің келесідей формаары анықталған(144):

  1.  Экономикалық араласуға бағытталған;
  2.  Мәдени тарихи ортаны өзгертуге бағытталған;
  3.  Биологиялық араласу, сонымен қоса гинетика деңгейінде
  4.  Табиғи жағдайларды өзгертуге бағытталған және т.б (145)

Айтылған жағдайлардың барлығы қазіргі құқық аясынан тыс жатыр және тиісті қылмыстық құқықтық нормалар шектелгендіктен, геноцид ретінде анықталмайды. Осы жағдайлар халықаралық құқық нормаларына өзгеріс енгізу керек екенін тағы да дәлелдейді.

Қылмыстық құқық сферасындағы мамандар арасында осы тақырып ұзақ уақыттан бері қызу талқылас туғызып жатыр.

Қазіргі таңда осы қылмысқа байланысты көптеген доктриналды анықтамалар бар.

Кейбірін қарастырып көрейік:

 Канадалық ғалым А.Джонс өзінің «Геноцид: қысқаша экскурс»(146) атты кітабында сараптама жасап, әртүрлі зерттеулер нәтижесінде кең таралған геноцид туралы анықтамаларды бір жерге жинақтауға тырысқан.

П.Дрост келесідей анықтама ұсынған: геноцид-бұл адамдың қандай да бір топа болуына байланысты, сол топты қасақана түрде жою.(147)

В.Дадрян геноцид ұғымының астарында, заңды түрде билігі бар немесе билік ресурстарына еркін қол жеткізетін доминатты топтардың халыққа зорлық-зомбылық көрсетуі жатыр деп есептеген. Өйткені, оларға  халық санының төмендеуі, толық жойылуы тиімді.

Бұған карамастан ол геноцид түрлерінің тұрпаттамасын ұсынған:

  1. Мәдениет геноциді.Мұндағы негізгі мақсат топтардың мәдениетін құлату және ассимиляцияға әкеп соқтыру болып табылады.
  2. Жасырын геноцидте қылмыскердің іс әрекеті «күтпеген» зардаптар  акеледі. Мысалы, жаппай бомбалау нәтижесінде адам өлімі немесе кездейсоқ ауру тарап кетуі.
  3. Картелді геноцид -адамдар тобының барлық мүшелерін емес, белгілі бір топшаға бағытталады.
  4. Пайдакүнемдік геноцид- экономикалық ресурстарға қол жеткізу үшін, адамдарды жаппай өлтіру.
  5. Ұтымды геноцидтің басты мақсаты- адамдар тобын толықтай жою ( мысалы, армяндар геноциді және еврейлер геноциді).(148)

Р.Дж.Раммельдің сөздеріне сүйенсек, геноцидтің үш түрлі мағынасы бар. Олар: ортақ, нормативті және кеңейтілген. Біріншісі, ұлттық, этникалық, нәсілдік, діни топ өкілдерін жоюды мемлекет іске асырады.Екіншісі геноцид туралы Конвенцияда бекітілген қылмыстық істің сипаттамасына сәйкес келеді. Біріншіден айырмашылығы, өзіне өлтіруге ілеспейтін, бірақ сонында толықтай топты жоюға бағытталған іс-әрекеттерді кірістіреді.Мысалы: бала тууды тоқтатыру, бір топтан екінші топқа балаларды күштеп беру және тағы басқалары. Үшінші кеңейтілген түрі бірінші түрімен ұқсас, бірақ өзіне саяси оппоненттерді өлтіру немесе мемлекет ұйымдастырған кез келген қасақана өлтірулерді кірістіреді.Қайшылықтар болмау үшін Р.Дж.Раммель үшінші түрге жаңа – «демоцид» деген ат берді. Демоцидке 1966ж Индонезиядағы коммунистерді қырып-жоюды, КСРО дағы жаппай өлтірулерді мысал ретінде келтірген.(149)

...

Скачать:   txt (23.4 Kb)   pdf (94.7 Kb)   docx (18 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club