Ғылымның анықтамасы ,жіктеу
Автор: Ai003 • Октябрь 8, 2022 • Лекция • 14,217 Слов (57 Страниц) • 428 Просмотры
"1.Ғылымның анықтамасы ,жіктеу
«Ғылым» мағанасын бірнеше бағытта түсінуге болады
(1) Ғылым- бұл адамның қызметінің саласы, табиғат туралы, қоғам, өмірдегі қоршаған ортаны тану және ойластыру;
(2) Ғылым- алынған ғылыми нәтижелердің жүйесі;
(3) Ғылым – бұл қоғамның жетілу түрінің бірі, қоғамдық институт. Осы мағанаға
ғылыми орындармен қарымқатынаста болу, бірге жұмыстар атқару жүйесі және ғылыми қоғамның мүшелері, сонымен қатар оған ғылыми ақпараттар жүйесі, нормасы және ғылымның құндылығы және т.б. енеді.
Ғылымның негізгі мақсатына:
(1) объективті мен субъективті әлем туралы білім алу (2) объективті дәлелдемеге жету жатады.
Ғылымның міндеттері:
(1) фактілерді жинау, сипаттау, талдау, қорытындылау және түсіндіру; (2) табиғат, қоғам, ойлау және білу қозғалысы туралы заңдарды ашу;
(3) алынған білімді жүйелендіру;
(4) құбылыстар мен процестердің мәнін түсіндіру;
(5) оқиғаларды, құбылыстарды және процестерді болжау;
(6) тәжірибиелік қолдану бағыттарын анықтау мен нысандарын белгілеу
Ғылымның жіктелуі
Ф. Энгельстің «Табиғит диалектикасы» еңбегінде ғылымның жіктелуі ерекше орын алған. Қозғалыстағы материяның ең төменінен жоғарыға дамуын байқай отырып, ол механиканы, физика, химия, биология және әлеуметтік ғылымдарды бөлді.
Б.М. Кедровтың ғылымды жіктеуі осы принципке негізделген. Ол материя айналымының алты негізгі түрлерін атайды: субатомды-физикалық, химиялық, молекулярлы-физилық, геологиялық, биологиялық және әлеуметтік.
Қазіргі кезде ғылымның саласына, тҥріне және әдістеріне қарай ажыратады: Табиғат туралы- табиғи;
Қоғам туралы – гуманитарлық және әлеуметтік;
ойлай және тани білу туралы - логика, гносеология, эпистемология,
герменевтика және т.б.
Мамандықтар бойынша кандидат және доктор ғылыми атақтарын және
ғылыми дәрежелерді алу үшін диссертацияны қорғау жҥргізіледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы аттестациялық комиссиясының шешімімен мына төмендегі ғылым салалары белгіленген.
(1) Физика-математикалық;
(2) Химиялық;
(3) Биологиялық;
(4) Геологиялық;
(5) Техникалық;
(6) Ауылшаруашылық;
(7) Тарихи;
(8) Экономикалық;
(9) Философиялық;
(10) Филологиялық;
(11) Географиялық;
(12) Юристік;
(13) Педагогикалық;
(14) Медициналық;
(15) Фармацептикалық;
(16) Ветеринариялық;
(17) Өнер; (Культурология и искусствоведение)
(18) Архитектуралық және дизайн;
(19) Психологиялық;
(20) Военные;
(21) Ұлттық қауіпсіздік;
(22) Әлеуметтік;
(23) Саясаттық;
(24) Денешынықтыру және спорт;
(25) Мемлекеттік басқару
2. Ауру, оның сатыларын анықтау.
Ауру жұқпалы емес және жұқпалы түрде болады. Жұқпалы аурулар өз ретіне қарай, қоздырушылары өсімдік тұқымдасты (бактериялар, бациллалар, фильтрлеуші вирустар) зардапты организмдер болып табылатын індетті және жануар тұқымдасты (бірторшалылар-қарапайымдылар, паразиттік құрттар-гельминттер, өрмекші тәріздестер және жәндіктер) паразиттерден пайда болатын инвазиялық болып бөлінеді.
Ауру – организмнің зардапты агентке жауап беруін қалыптастыру күрделі реакциясы, организм мен сыртқы ортаның қарым-қатынасының бұзылуының нәтижесінде
...