Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азаматтық құқықтың түсінігі

Автор:   •  Апрель 18, 2023  •  Реферат  •  419 Слов (2 Страниц)  •  161 Просмотры

Страница 1 из 2

Азаматтық құқықтың түсінігі.Азаматтық құқықтық қатынастар.Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау.Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі.

«Азаматтық құқық» ғылым ретінде, құқық саласы, заңнама саласы және оқу пәні ретінде түсіну мен пайдалану айырмашылықтарын білген жөн. Азаматтық құқық - ол «Құқық» мамандықтары тобының негізгі бір пәні, жеке құқық саласындағы барлық пәндерін оқып игеруге негіз болып табылады.Құқық жүйесінің әр саласын бір бірінен олардың реттеу нысанасы менреттеу әдістері айырады. Құқық саласының реттеу «нысанасы» - ол құқық саласы нені, яғни, қандай қоғамдық қатынастарды реттейді, ал «әдістері» - ол құқықтық сала сол қоғамдық қатынастарды қалай реттейді деген сұрақтарға жауап береді. Азаматтық құқықтың негізгі нысанасы ақшалай-тауарлық қатынастар болып табылады, яғни нақтылы құндылығы бар мүліктік құқықтар мен игіліктер жөніндегі мүліктік катынастар.

Сонымен қатар, азаматтық құқықтың нормаларымен жеке мүліктік емес қатынастар да реттеледі (мысалы, ар-намыс, азаматтың есімі, жеке құпия т.с.с. жөніндегі қатынастар). Мүліктік емес жеке қатынастар өз кезегінен мүліктік катынастармен байланысты және мүліктік қатынастармен байланыссыз топтарға төлінуге жатады (ҚР Азаматтық кодексінің 1-б., 1-2 тармақтары) Мысалы: авторлық құқық саласындағы қаламақы алу жөнінде қалыптасатын қатынастар жеке мүліктік емес қатынастар бола тура, сонымен бірге мүліктік қатынастармен байланысты болады, себебі қаламақыны есептеу мүмкін болуының салдарынан автор нақты соманы алуға және оны таоап етуге құқылы. Азаматтық құқықтың негізгі бастаулары (қағидаттары, принциптері) өзге құқық салаларының қағидаттары сияқты, тиісті нормаларды дұрыс түсініп, оларды тиісінше қолдануға мүмкіншілік беретін негізгі бастамалар. Құқықтық қағидаттар конституциялық және салалық болып бөлінеді. Арнайы немесе азаматтық құқықтың салалық қағидаттары нормативтік деп аталады, өйткені олар Азаматтық кодекстің екінші бабында бекітілген. Бұл бапта келесі қағидаттар аталған: қатысушылар теңдігі, меншікке қол сұқпаушылық, шарт еркіндігі, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласпауы, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асырылуы, нұқсан келген құқықтардың қалпына келтірілуі, азаматтық құқықтардың сотта қорғалуы. Әр қағидаттың мазмұнын студент толық ашып көрсету қажет.

...

Скачать:   txt (6.5 Kb)   pdf (75.8 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club