Исламдағы рақымдылықтың түсінігі
Автор: 1374Unity • Март 26, 2023 • Курсовая работа • 20,529 Слов (83 Страниц) • 251 Просмотры
«Сені әлемдерге тек мейірім етіп қана жібердік», – деді. [1.21,107]
Алла елшісінің мейірімі бір мекенмен немесе уақытпен шектеліп қалған емес. Расында ол бүкіл әлемге жіберілген мейірімнің теңдессіз үлгісі. Бұл мейірімнің арайлы шуағы Хазреті Мұхаммедке (с.ғ.с) пайғамбарлық келгеннен бастап, қияметке дейін жалғасын таппақ. Себебі, уақыттар ағымындағы әрбір тайпа жер бетіндегі барша мінез-құлық пен мейірімділікке өздерінің көрген-білгендерімен ғана анықтама береді. Ондай бағамдау қателікке ұрындырмай қоймайды. Сондықтан да, адамдардың талас-тартыс уақытында жүгінетін ортақ өлшемінің болуы заңдылық. Ол – Пайғамбарымыз (с.ғ.с).
Зерттеудің мақсаты. Ғылыми жұмысты жазу барысында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмір жолындағы мейірімділікті барлық жағынан қамтуды мақсат еттім. Бірақ, тек осы зерттеуіміз арқылы ғана күллі ғибратты өмір жолы мейірімділікке толы Алла елшісінің рақымдылығын қамту мүмкін емес. Дегенмен, адамзаттың өміріне қажет болатын тұстарын тілге тиек етіп, сөзіміздің тұщымды болуы үшін Құран мен хадистерді дәйек ретінде келтірдім.
Ғылыми жұмыстың басты мақсаты ретінде Ислам шариғатындағы тек мейірімділікті ғана көрсетпедім. Керісінше, оны жан-жақты үйлесімділікпен жеткізуге тырыстым. Өз кезегінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мейірімділігі Алла тағаланың жаратқандарына деген рақымының көрінісі екені даусыз. Сондықтан, бұл зерттеуімде тек мейірім хақындағы Алла елшісінің (с.ғ.с) сөздерін ғана келтіріп қоймай, әлемдердің рақым нұрының (с.ғ.с) өз өмірінде сол айтқанын жүзеге асырып, жасаған ізгі амалдарын ашып көрсеттік.
Жоғарыда келтіргендерімізге қосымша айтар болсақ, расында әлемнің әрбір құрлығын мекен еткен тұрғындары бүгінгі күні өз қарым-қатынастарында мейірімділіктің жоғалғандығын сезінуде. Яғни, өмірлерінде қаталдық басты ұстынға айналған. Осы тұста, күллі әлем бүгінгі күні басынан өткеріп отырған мінез-құлыққа қатысты қиындықтары мен проблемаларынан шығу жолы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мейірімділік дәрісін өн бойымызға сіңіру арқылы ғана жүзеге аспақ. Бұл өз кезегінде аталмыш ғылыми жұмыста көтеріліп отырған тақырыбымыздың маңыздылығын арттыра түспек.
Бұл ғылыми жұмыс мұсылмандардың тек өз Пайғамбарларын танумен ғана шектелмей, адам баласына барлық салада Алла елшісінің (с.ғ.с) өмірінен пайда алуға итермелейді.
Зерттеу материалдары. Біздің ғылыми жұмысымыз Исламдағы рақымдылыққа байланысты ауқымды тақырып болғаны үшін, оның зерттеу материалдары ретінде араб және қазақ тілдеріндегі біршама еңбектер пайдаланылды. Мәселен: «Хаятус-сахаба», «Кемелдік кілті», «әр-Рахмату фи хаятир-расул», «Сахих Бұхари», «Отбасы бақытына апарар отыз жол», «Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны», «Нәбиу әр-Рахма» т.б. кітаптар және Ибн Кәсир, Имам ар-Рази, Мұхаммад Али Сабуни сияқты ғалымдардың тәпсірлері мен Ислам әдептері мен мінез-құлықтары туралы жазылған еңбектер пайдаланылды. Сондай-ақ, Құранның қазақша мағынасы мен түсінігі және имам Науауидің хадистер жинағынан мағлұматтар алынды.
Зерттеу әдістері. Осы жұмысты жазу барысында ғылыми тәсілдерді қолдануға әрекет жасадым. Негізгі тақырыпқа коса оған қатысты бүгінгі қоғамымызға қажетті, әрі өзекті мәселелерді де қозғауды жөн көрдім. Рақымдылық тақырыбына қатысты аят-хадистерді келтіріп, оның тәпсірі мен шархтарына да тоқталдым. Мейірімділік ұғымын жан-жақты талқылап, маңыздылығын тереңнен түсіндіруге тырыстым.
Жұмысты жазу барысында болған қиыншылықтар. Жұмыстың жазылуына байланысты ешқандай бір қиыншылықтар көрген жоқпын десек те болады.
Жұмыс құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды бөлімнен, сілтемелерден, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ИСЛАМДАҒЫ РАҚЫМДЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1.1 Исламдағы рақымдылықтың түсінігі
Рахымдылық сөзінің тілдік мағынасы «жұмсақтық» және «игі ниетті» деген мағыналарын қамтиды.
Ал, терминдік мағынасына назар аударар болсақ, төмендегідей түсінікке ие боламыз.
...