Авторлық құқық азаматтық құқықтың институты ретінде
Автор: serik1980 • Август 15, 2018 • Курсовая работа • 30,686 Слов (123 Страниц) • 1,348 Просмотры
Мазмұны
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І тарау АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ.........................................................................................6
1.1 Авторлық құқық түсінігі, қалыптасуы мен даму тарихы .........................6
1.2 Авторлық құқық объектілерінің түсінігі және түрлері............................22
1.3 Авторлық құқық субъектілері....................................................................29
ІІ ТАРАУ АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ МҮЛІКТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТАР………………………………………………………………………..34
2.1 Автордың мүліктік емес жеке құқықтары……………………………34
2.2 Автордың мүліктік құқықтары…………………………………………43
ІІІ тарау АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ....................................................................................................................51
3.1Қазақстан Республикасының аумағында авторлық құқықтың қолданылуы................................................................................................................51
3.2 Авторлық шарт............................................................................................57
3.3 Авторлық құқықтарды қорғау....................................................................59
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................88
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................90
КІРІСПЕ
Магистрлік зерттеудің өзектілігі. Авторлық құқық-азаматтық құқықтың бір институты. Авторлық құқық реттейтін мүліктік және мүліктік емес қатынастар әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығару және қолданумен байланысты. Авторлық құқық жеке институт ретінде белгілі бір мәселелерді реттейді, оған мүліктік, мүліктік емес құқықтар және автордың заңды мүдделерін толықтай қорғау, ғылыми және көркем туынды шығару үшін құқықтық әдістерді пайдаланып жағдай жасау, туындының қоғамда кең қолданылуы жатады.
Объективті мағынада авторлық құқық дегеніміз ғылым, өнер, әдебиет туындыларын шығару және қолдануға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Субъективті мағынада авторлық құқық дегеніміз ғылым, өнер, әдебиет туындысын шығарған адамның мүліктік және мүліктік емес қатынастары.
Әдебиет, ғылым, өнер туындыларының авторы келесі құқықтарға ие: Авторлық құқық, тақырып таңдау құқығы, туындыны жариялау және пайдалану, шығармаға қол сұқпаушылық және т. б.
Авторлық құқық қағидаларына сәйкес, біздің авторлық құқыққа нақты бір жалпы қағидалар тән. Шығармашылық еркіндігі қағидасы, авторға шығаратын туындының, өзіне қызықты тақырыбын, нысанын, оны шығару әдісін таңдап алуға; өзінің туындысын барлық заңмен рұқсат етілген әдіс-тәсілдер бойынша пайдалануға мүмкіндік береді. Конститутциялық заңнама ғылыми техникалық және көркем шығармашылық еркіндігін, ғылыми, зерттеу, ойлап құрастыру және рационизаторлық қызметтің анағұрлым кең ауқымда қолдану, әдебиет пен өнерді дамыту жолы арқылы кепілдік береді.
Ғылым немесе көркем шығармашылық пен айналысатын тұлғаның ең негізгі құқығы автор құқығы. Автор құқығы бойынша автор оның туындысын пайдаланған жағдайда авторға сілтеу жасауды талап етуі де мүмкін. Автор құқығы туындының формасына немесе туындының мақсатына байланыссыз сақталады. Туынды басылса да, басылмаса да автор құқығы сақталады.
Бұл жұмыс авторлық құқық мәселелеріне арналған. Оның мақсаты-авторлық құқықтың сұрақтары халықаралық құқықтың деңгейінде және әртүрлі елдердің ұлттық заңнамаларында қалай шешілетінін көрсету, авторлық құқықтың түсінігін беру және қағидаларын қарастыру, оның пайда болу тарихын зерттеу, авторлық қатынастардың құқықтық тұрғыда реттелуін, сондай-ақ авторлық құқықтың объектілері мен субъектілерін қарастыру, авторлық құқықты қорғау механизмін зерттеу.
...