Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азаматтық құқықтың қағидаларына

Автор:   •  Декабрь 8, 2021  •  Реферат  •  3,891 Слов (16 Страниц)  •  338 Просмотры

Страница 1 из 16

2. Азаматтық құқықтың қағидаларына:

Принциптер-азаматтық-құқық нормалардың мазмұнын мен мәтінін дұрыс түсінуге,оларды түсіндіруге,арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге септігін тигізетін іргелі идеялар.

  • тараптардың теңдігі;
  • шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
  • еркіндік;
  • тәуелсіздік;
  • меншікке қолсұқпаушылық;
  • біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
  • азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;  
  • бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;  
  • азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.

Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

3.заң ұқсастығы – ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдардың нормаларын реттелмеген қоғамдық қатынастарға қолдану;

4.құқық ұқсастығы – заңнаманың мәнін, құқықтың жалпы қағидаттарын және құқықтың нақты салаларының қағидаттарын реттелмеген қоғамдық қатынастарға қолдану;

5. Азаматтық құқықтың реттеу әдістері – азаматтық қатынастарға қатысушыларының тиісті мінез-құлқын қалыптастыра алатын құралдар мен әдістердің жүйесі. Тыйым салу мен міндеттеу әдістерінен өзге азаматтық құқықта рұқсат ету әдісі де қолданылады. Жалпы азаматтық құқықта императивтік әдіске қарағанда диспозитивтік әдіс кеңінен қолданылады. Себебі, императивтік әдіс тараптардың еркін қалыптастырмайды, ал мемлекет азаматтардың еркін шектемейді. Диспозитивтік әдіс болса, тараптардың арасындағы қоғамдық қатынастарды өзара еріктілік пен келісім негізінде шешеді. Одан өзге азаматтық құқықта қорғау әдісі де танылады, яғни мемлекет жеке мүддені құқық бұзушылықтардан қорғай отырып, қатынастарды реттейді.

6. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері. Азаматтық құқықтық қатынастар тууы үшін құқықтық норма болуы тиіс, ал ол осы қатынастардың қатысушысы бола алатын субъектілердің құқық қабілеттілігін көздейді, бірақ бұл оның пайда болуының тек алғышарты ғана. Құқықтық қатынастар тууы үшін нақты адамдар арасында нақты құқықтар мен міндеттер туғызатын нақты мән-жайлар болуы тиіс. Мұндай мән-жайлар заңдық фактілер деп аталады. Заңдық факті – заң құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуынн онымен байланыстыратын мән-жай. Заңды фактілерді екіге бөліп қарастырамыз, олар: іс-әрекет және оқиға.

7. Азаматтық құқықтарды қорғау әдістері – азаматтық құқықтарды қорғау сот, төрелiк: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттердің жолын кесу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, тұрақсыздық айыбын өндiрiп алу; дау айтылатын мәмiленi жарамсыз деп тану және оның жарамсыздығы салдарын қолдану, маңызсыз мәміленің жарамсыздығы салдарын қолдану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн актісін жарамсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматқа немесе заңды тұлғаға құқықты иеленуіне немесе жүзеге асыруына кедергi келтіргені үшiн мемлекеттiк басқару органынан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiрiп алу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де тәсілдермен жүзеге асырады.

8. Кәсіпкерлік дегеніміз – азаматтардың, қандастардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген дербес, бастамашылық қызметі.

9. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субьектілері болып танылады. Жеке индивидтерді жеке адамдар деп атайды. «Жеке адамдар» ұғымы ҚР-ның азаматтарын,шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қамтиды.Көп жағдайда аз-құқ-қ қатынастардың субьектілері ҚР-ның азаматтары болады. Егер олардың заңды тұлға мәртебесі болса,адамдар құратын ұжымдық құрылымдар азаматтық құқық субьектілері болып танылады.Ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері азаматтық құқықтың субьектілері бола алмайды,өйткені олар заңды тұлғалар болып танылмайды. Заңды тұлға-меншік,шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін,өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар  мен міндеттерге ие болып,оларды жүзеге асыра алатын,сотта талапкнр және жауапкер бола алатын ұйым. Қызметінің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар  коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларға бөлінеді. Коммерциялық ұйымның  өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздеу. Коммерциялық емес ұйым табыс табудан өзге мақсаттар үшін құрылады.Мысалы:діни бірлестіктердің мақсаты-бірлесіп ғабидат ету және тиісті дінді тарату. Жеке және заңды тұлғалармен қатар,азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер болуы мүмкін,бұлар аз-құқ-қ қатынастарда осы қатынастардың өзге қатысушылармен тең негіздерде әрекет етеді. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер заңды түлғалар болып табылмайды,алайда заңды түлғалардың аз-құқ-қ қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар бұларға да қолданылады.

...

Скачать:   txt (58.4 Kb)   pdf (181 Kb)   docx (25.1 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club