Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азаматтар азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде

Автор:   •  Сентябрь 25, 2022  •  Курсовая работа  •  4,667 Слов (19 Страниц)  •  262 Просмотры

Страница 1 из 19

ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Азаматтар азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде

Азаматтық құқық пәні бойынша

Орындаған: Қаратаева А.Ж

Курс, тобы: 3курс; ПК-31

Мамандық: 0201000 Құқықтану

Біліктілігі: 0201013  «Заңгер»

Курстық жұмыстың жетекшісі:Садыкова А.С

Нұр-Сұлтан қаласы 2022

Мазмұны

Кіріспе .....................................................................................................................1

I-тарау. Тұлға - Азаматтық құқық субъектісі.................................................5

  1. Азаматтық құқық субъектілерінің ұғымы............................................5
  2. Жеке тұлғаның жалпы сипаттамасы.....................................................6

II-тарау. Азаматтардың әрекет және құқық қабілеттілігі............................8

2.1 Азаматтың әрекет, құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілікті шектеу мен жеке тұлғаны әрекет қабілетсіз деп тану, азаматтың кәсіпкер ретіндегі құқықтық жағдайы...................................................................................8

2.2 Азаматты хабар ошарсыз кетуі және өлді деп тануы..........................14

2.3 Азаматтың тұрғылықты жері................................................................17

Қорытынды............................................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................20

Кіріспе

Тақырыпты бастамас бұрын негізігі мәселелерді қарастырып алуымыз керек, яғни Азаматтық құқық дегеніміз не және онда тұлғалардың алатын орнын айқындаған жөн. Сонымен ең біріншісіне тоқталатын болсақ Азаматтық құқық дегеніміз – адамадар арасындағы мүліктік және мүліктік емес өзіндік  қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Азаматтық құқық – құқық жүйелерінің негізгі саласы. Азаматтық құқықтық қатынастар өзгеде қатынастар сияқты үш элементтен тұрады:

  1. Субъект
  2. Объект
  3. Мазмұны

 Осының ішіндегі субъектке тоқталатын болсақ, субъект осы қатынасқа қатысушылар. Олар үшке бөлінеді:

  1. Азаматтар (жеке тұлғалар)
  2. Заңды тұлғалар
  3. Мемлекет және әкімшілік аумақтық бөлініс. [pic 1]

        

Осы азаматтық құқық дегеніміз деген сұраққа жауап іздей отыра, осы азаматтық құқықта тұлғалардың алатын орнын аша аламыз. Яғни Жеке тұлға дегеніміз – Азаматтық кодекстің 1-бабаында көрсетілгендей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі – азаматтар. Азаматтар деп айтылған кезде азаматтық құқықтық қатынастарға жеке тұлғалар қатысатындығы болжанылады.

Жеке тұлғаны азаматтық құқықтық қатынастардың бөлек субъектісі ретінде бөліп шығару осы субъектілер құқықтық қатынастарға табиғи қасиеттерін пайдаланып қатысатындыдығында болып келеді.

Азамат (жеке тұлға) азаматтық құқық қатынасының қатысушысы ретінде, оны жекелейтін және оның құқықтық жағдайына әсерін тигізетін қоғамдық және жасанды белгілерімен қасиеттерін иеленеді. Осылайша бұған оның атын, азаматтығын, жасын, отбасы жағдайын, жынысын енгізу қажет етіледі.

Мысалы, жеке тұлғаның азаматтық құқықтық субъектілігі туралы сұрақты шешу үшін басшылыққа оның дене қабілеттері немесе жүйке денсаулығы алынады, Заңнамада жасына байланысты дене қабілеті шектелген адамға қамқоршылық тағайындау мүмкіншілігі қарастырылады.

Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады. Құқық қабілеттілігі – құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтармен міндеттерінің жиынтығы болып табылады.

...

Скачать:   txt (67.6 Kb)   pdf (323.6 Kb)   docx (47.3 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club