Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азаматтардың өміріне келтірілген зиян үшін жауапкершілік

Автор:   •  Февраль 18, 2018  •  Курсовая работа  •  9,073 Слов (37 Страниц)  •  1,651 Просмотры

Страница 1 из 37

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жалпы және арнайы құқықтық пәндер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Азаматтық құқық

Тақырыбы: Азаматтардың өміріне келтірілген зиян үшін жауапкершілік

Орындаған:

Ғылыми жетекші:

Қарағанды 2018

КІРІСПЕ

1. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ

        1.1. Азаматтық-құқықтықжауапкершіліктің түсінігі.........................

        1.2. Азаматтық - құқықтың жауапкершілік формалары.....................

        1.3. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік функциялары...................

2. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

        2.1. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік...........................................

        2.2. Адам   өмірі    мен   денсаулығына    келтірілген   зиян   және моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік........................................

2.3. Зиян  келтірудің  жекелеген  жағдайлары   үшін  туындайтын жауапкершілік................................................................................................

  5

  5  

10

15

15

18

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................

28

30

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Адам өміріне келтірілген зиян үшін жауапкершілік әрқашан өзекті болып табылады. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»,-деп жарияланған. Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Азаматтық құқық адам құқығын қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына (игіліктеріне) және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң шығарушының назарынан тыс қалмайды және қоғамдық қатынастардың реттеушісі ретіндегі азаматтық құқықтың құндылығын дәлелдеп, көрсету.

Курстық жұмыстың міндеті:

1)ҚР Азаматтық құқығының адам өміріне зиян келтіргені үшін жауапқа тартуға болатын бап-тармақтарымен толық танысу.

2)Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрлерін, оларлың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастыру.

Зиян келтіргені үшін жауаптылық, азаматтық құқықта – азаматтың жеке басына немесе мүлкіне не заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіргені үшін зиян келтірушінің жәбірленушіге оны толық көлемде өтеуге міндеттілігі. Заңда немесе шартта зиян келтірушінің жәбірленушіге зиянның өтеуінен тыс өтемақы төлеуге міндеттілігі белгіленуі мүмкін. Зиян келтірген адам өзінің кінәсіз екенін дәлелдеген жағдайда зиянды өтеуден босатылады. Егер зиян жәбірленушінің өтінішімен немесе келісімімен келтірілсе, ал зиян келтірушінің әрекеттері қоғамның адамгершілік қағидаттарын бұзбаған болса, ол зиянды өтеуден босатылуы мүмкін. Қажетті қорғаныс жағдайында келтірілген зиян қорғаныс шегінен шығып кетпесе, өтелмейді. Аса қажеттілік жағдайда келтірілген зиян, яки зиян келтірушінің өзіне немесе басқа адамдарға төнген қауіпті жою үшін жасалған әрекеттерден келтірілген зиян, бұл қауіп басқадай жолмен жойылмайтын болған жағдайда, өтелуге тиіс. Мұндай зиянның келтірілуіне себеп болған мән-жайды ескере отырып, сот оны өтеу міндеттілігін үшінші бір адамға (зиян келтіруші соның мүддесі үшін әрекет еткен болса) жүктеуі мүмкін. Жұмыс беруші, яки заңды тұлға немесе азамат өзінің қызметкері еңбек (қызмет бабындағы, лауазымдық) міндеттерін орындау кезінде келтірген зиянды өтеуге міндетті. Жалпы ереже бойынша, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ, олардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан, соның ішінде заңға немесе өзге құқықтық актіге сай келмейтін акт шығаруы салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян өтелуге тиіс [1].

...

Скачать:   txt (141.8 Kb)   pdf (366.2 Kb)   docx (45.5 Kb)  
Продолжить читать еще 36 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club