Ұн зауытына түсетін астық
Автор: jam97 • Ноябрь 22, 2018 • Доклад • 3,209 Слов (13 Страниц) • 771 Просмотры
Ұн зауытына түсетін астық бірнеше компонеттерден тұрады:
- Негізгі дән
- Басқа дақыл дәндері
- Қалдықтар
- Микроағзалар
- Ауа
- Зиянкестер
Берілген шығындағы және сападағы ұнды алу үшін астыққа келесі талаптар қойылады:
- Дәннің ылғалдылығы: а) сортты ұн тартуда-13%
б) басқа ұн тартуда -14%
2) Шөп-шалаң қалдықтар мөлшері 2%-дан аспау керек (егерде элеваторда дән тазаланатын болса, онда 1% -дан аспау керек)
3) Дәнді қалдқтар мөлшері : а) бидайда- 5%
б) қарабидайда -4%
Ірі және ұсақ | елеу |
Жеңіл | Аэродинамикалық әсері |
Минералды | Тығыздық бойынша елеу |
Ұзын-қысқа | Триерлер, ұяшықты елеу |
Қиын ажыратылатын | Фракциялық елеу |
Магнит | Магнитті сепараторда |
Електің тірі қимасы дегеніміз- ондағы тек қана тесігінің ауданы електің жалпы ауданына қатынасы. Сусымалы өнімдерді сұрыптау үдерісі бір мезгілде жүретін 2 кезеңнен тұрады:
- өздігінен сұрыптау (қабаттарға бөлінуі)
- еленеді
Өзі елеуүдерістерінің тиімділігі келесі факторларға байланысты болады:
- електің кинематиқалық параметрлеріне байланысты
- ылғалдылығы
- жүктеме мөлшері
- жасалынатын материалға
- електің тесігінің мөлшері мен пішіні
Сеператор дегеніміз- ені мен қалыңдығы бойынша ажыратылатын ерекшеленетін қалдықты ажырататаын елек. Оның негізгі жұмыс органы- елек.
Астық қабылдау және өңдеу салаларында сепаратордың келесі түрі қолданылады:
- Элеваторларда – А1-БИС -100 (100 т/сағ)
АБ1-СР-БШ (50 т/сағ)
- Ұн және жарма зауытында –А1-БИС-12 (12 т/сағ), А1-БЛС (16 т/сағ)
Элеваторларда астықтағы кездейсоқ түскен дөрекі қалдықтарды ажырату үшін А1-БЗО- скальпираторларқолданылады. Оның өнімділігі 100 т/сағ
Дискілі триерлер өнімділігі жоғары, сыртқы өлшемдері кіші. Негізгі дәннен қысқа қалдықтарды ажырату қарашық (куколь ) ажыратқыш А9-УТК6 (6 т/сағ). Дәнді ұзын қалдықтан ажырату қара сұлы (овсюк) ажыратқыш А9-УТО9 қолданылады. Жұмыс органы дисклер.
А9-УТК-6Тазаланбаған дән қабылдау қондырғысы арқылы келіп түседі. Содан кейін таратқыш лотоктар арқылы диск арасындағы жұмыс бөліміне жіберіледі. Дисктердің қозғалу нәтижесінде астық массасы тесіктерден лотокқа түседі. Содан кейін шығару патрубы арқылы машинадан шығарылады. Қысқа шөп-шалаң қалдықтар дискінің бетімен жанасқан кезінде ұяшықтарға келіп түседі. Содан кейін инерция және ауырлық күштері арқылы сонымен қатар дисктердің бұрылу бұрышы улкен болғандықтан лотоктар арқылы шнекке беріледі. Осы шнек арқылы шығарылады. Ұяшықтары бар дөңгелек дисктер өнімділігі 6 т/сағ.
Тас бөлгіш машиналар дірілді (виброционды)гидравликалық дірілді, пневматикалық (вибропневматикалық) болып жіктеледі. Бұның ішінде ең көп қолданылатыны және тиімді жұмыс істейтіні дірілді пневматикалық тас бөлгіші. Негізгі жұмыс істеу принципі түскен астықты «қайнау» деңгейіне дейін қопсыту. Соның нәтижесінде астықты бірнеше қабатқа бөлу. Астықтың осы қабаттары машинаның жұмыс істеу кезінде әр түрлі бағытта қозғалады.
Астықты дайындау бөлімінде тазартып майдалау бөліміне жіберу кезінде минералды қалдықтардың болуы рұқсат етілмейді. Өйткені дайын өнімнің (ұнның) құрамында азғантай минералды қалдық болғанның өзінде ұнды «қытырлақтық» пайда болады. Ол стандартқа сай емес.
...