Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Астана стансасы туралы жалпы мәлімет

Автор:   •  Апрель 20, 2018  •  Реферат  •  9,823 Слов (40 Страниц)  •  965 Просмотры

Страница 1 из 40

1 Астана стансасы туралы жалпы мәлімет

Астана стансасы классыз бір бағытты сұрыптаушы станса құрамдас парктермен, төрт бағытта жұмыс істейді: Қарталы, Петропавл, Қарағанды, Павлодар.

Павлодар бағытындағы жол Сороковая стансасымен қиылысады.

Кіретін перегондар:

а) Астана стансасы - Сороковая стансасы - үш жолды;

ә) Астана стациясы - Жайнақ стансасы - екі жолды;

б) Астана стансасы - озып өту пункты №39 - екі жолды;

Пойыз жүрісіндегі сигнализация мен байланыстың басты құралдары:

а) Астана - Жайнақ стансасы - екі жолды бір жақты авоматтандырылған блокировка;

ә) Астана - ОӨП №39 тақ жолмен - бір жолды екі жақты релейлі блокировка, жұп жолда - екі жолды бір жақты автоматтандырылған блокировка;

б) Астана - Сорокавая стансасы - жұп ІІІ жолда және тақ ІІ жолда - бір жақты автоматтандырылған блокировка, ортанғы І жол - екі жақты автоматтандырылған блокировка;

в) І жолмен: - екі жақты автоматтандырылған блкировка жұп және тақ бағытта, ІІ жолмен - бір жақты автоматтандырылған блокировка тақ бағытындағы пойыздарға,ІІІ жолмен - бір жолдағы автоматтандырылған блокировка (сурет 1.1).

Стансаның пайдалану жұмысына кіретіндер:

- қабылдау, өңдеу және жергілікті және алыс қатынастағы жолаушылар пойызын қамтып (су,көмір) жөнелту;

- жергілікті және алыс қатынастағы жолаушылар пойызын құрастыру және сұрыптау;

- транзиттік жүк пойыздарды қабылдау, өңдеу, жөнелту;

- техникалық маршруттарды, өтпелі, аралық, құрама, және қайта берілетін пойыздарды құрастыру және сұрыптау;

- ортақ немесе ортақ емес пайдаланылатын жерлерде тиеу және түсіру жұмыстарын жүргізу;

- контейнерлік вагондарды, ауыр жүктерді, ұсақ жөнелтулерді сұрыптау;

- жолаушылар тасмалына вагондарды дайындау;

- темір жол жарғысына сәйкес вагондар тасмалы;

- тоңазытқыш пойыздарды, секцияларды  сумен және тағы басқа заттармен қамту [3].

Жұп бағыттағы қайта өңдеуді қажет етпейтін транзиттік вагон ағымдары жұп бағыттағы паркпен, тақ бағыттағы тақ паркімен өткізіледі.

Транзиттік пойыздар қайта жөндеуді қажет ететін және қайта жөндеуді қажет етпейтін техникалық ақуалы бар вагон ағымдары вагон ағытуынан кейін келесі ағытуда жөндеудегі ВЧД - 8 механизацияланған жолға беріледі.

Локомотив пойыздарының жүру маршруты:

- жұп баытындағы жүк пойыздарына жұп бағыттағы бақылау бекеті және тақ паркіндегі шығатын бас жолдан өтеді;

- жұп бағытардағы жүк пойыздан шығатын басты жол жұп паркінің 11 - ші жүргек жолымен депоға немесе орталық тақ бас жолдан тақ паркіне;

- тақ жұк пойызына  және тақ жүк пойызынан орталық бас жолға, депо жолына немесе жөнелту паркіне өткізіледі;

- пойыздардан, дөңес алдындағы парктың бас жолына сұрыптауға, дөңес жолдарының бірімен келген, тақ және жұп бас жолдарынан, бас жол және бас паркі жолдарымен депоға және ІІІ бос жолмен жүп паркі арқылы.

Локомотивтің станса жолында орналасу нормасы қарастырылған. Олар хронометраждық бақылау және инструкциямен қарастырылғанү Бұл нормалар әр паркте атқарылған, жұмыскерлерге ескертілген (ДСП,ДСПП,ДСЦ,ДСЦС).

Станса жолдарының тарамдарына мыналар кіреді:

а) жұп қабылдау - жөнелту паркінен ЖҚЖП - 1, онда 10 (№ 1- 10) жолдар, жұп бағытағы жүк пойыздарын қабылдау және жөнелтуге арналған, өзінің құрастыру және №11 дара жолдан жұп немесе тақ пойыздарын жіберу, пойыздар мен маневрлік локомотивтерді өткізуге арналған.

ә) тақ қабылдау – жөнелту паркі ТҚЖП - П, ол 9 жолдан құралған, 1 - 7-ге дейін транзиттік жүк пойыздарын қабылдау және жөнелтуге арналған, тақ пойыздардың өзіндік құрастыру, жүк пойыздарын жөнелту, тақ транзиттік жүк пойыздарн өткізу, дөңес алдындағы паркке сұрыптауға келген. №№ I,VI,VII жолдар тақ жолаушылар пойызын ОӨП №39 мен Жайнақ стансасы бас паркіне өткізу және жұп жолаушылар пойызын бас парктегі ОӨП №39 өткізу [4].

VIIІ жол жолаушылар пойызын Жайнақ стансасына өткізуге арналған, ал № 9 жол ( жартылай сақина) - жүк пойыздарын ЖҚЖП- нен бас паркке өткізу.

...

Скачать:   txt (97.4 Kb)   pdf (2.5 Mb)   docx (2 Mb)  
Продолжить читать еще 39 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club