«Астана Банкі» АҚ-да есеп айырысу операцияларының талдауы мен аудиті
Автор: Akerke-96 • Март 29, 2018 • Курсовая работа • 21,574 Слов (87 Страниц) • 875 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..........................................................................................................................6
1 Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің төлем айналымында есеп айырысу операцияларын ұйымдастырудың теориялық негіздері....................................................................................................................8
1.1 Коммерциялық банктердің есеп айырысу операциялары, экономикалық мәні, түрлері және нормативтік-құқықтық реттелуі ............................…… 8
1.2 «Астана Банкі» АҚ-ның қызметінің экономикалық сипаттамасы . .............14
1.3 «Астана Банкі» АҚ-ның есеп саясаты .........................................................
2 «Астана Банкі» АҚ-да есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру есебі
2.1 «Астана Банкі» АҚ-ның кассалық операциялары және олардың есебі ....... 45
2.2 Төлем тапсырмасы және төлем-талап тапсырмасымен есеп айырысу операцияларының есебі
2.3 «Астана Банкі» АҚ-ның төлем карточкаларымен есеп айырысу операцияларының есебі .............................................................
3 «Астана Банкі» АҚ-да есеп айырысу операцияларының талдауы мен аудиті ............ 61
3.1 «Астана Банкі» АҚ-ның қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларының көрсеткіштерін талдау
3.2 «Астана Банкі» АҚ-ның есеп айырысу операцияларының ішкі аудитін ұйымдастыру ... 61
3.3 Акционерлік қоғамның ішкі аудитін ұйымдастыруды бағалау және жетілдіру бағыттары ............................................................................................. 74
Қорытынды……………..…………………………......…………….………….…81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…...………...………..................….……..….83
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырады. Сондай-ақ, өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б.Де-Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдармен өнердің ең алдында тұрады. Басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» деген болса, оның әріптесі Р.А.Фаулки «Есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» деп атаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды» деген сөздің бекер айтылмағанын атап өтуге болады.[1]
Банктер - нарықтық құрылым жүйесінің орталық тізбегінің бірі болып табылады. Олардың қызметінің дамуы - нақты нарықтық механизмді құрудың керекті шарты. Экономикалық қайта құру банк жүйесін реформалаудан басталды. Бұл қазір де даму үстінде. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2010 жылғы халыққы жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталып, онда еліміздің экономикасын дамыту мен жаңа мүмкіндіктер жасаудың жолдары қарастырылған.[2]
Екі деңгейлі банк жүйесі халық шаруашылығының қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Есеп айырысу, салым, несие және басқалай операцияларды жүзеге асыра отырып банктер қоғамға қажетті қызметтерді атқарады. Сонымен қатар, басқа коммерциялық кәсіпорындардың қызметі сияқты банк қызметі де көптеген тәуекелдерді бастан кешіреді және сондықтан көптеген елдерде бұл қызмет кәсіпкерліктің ең көп реттелетін түрі болып есептеледі. Ал, реттеу Ұлттық банк жүйесінің құрылу ерекшелігін сипаттайтын ұлттық ерекшеліктерге ие.
Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі – қолма-қолсыз ақша айналымымен жалпылама реттеледі және банктік қағидалармен жүзеге асатын жүйені білдіреді. Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру мен жүргізу клиенттерге банктік қызметтер көрсету мен банктердің комиссиондық
...