Өлім эпикризі
Автор: Aidana22 • Ноябрь 22, 2018 • Реферат • 836 Слов (4 Страниц) • 1,542 Просмотры
Эпикриз
Еpikrisis-ұсыныс, шешім -аурудың жалпы жағдайы,диагнозы жайлы, аурудың пайда болуы емнің тағайындалу нәтежиесі, емнің қай уақыт аралығында тоқтатылуы және қай этапта тоқтатылуы жайлы жалпы мәлімет.Эпикриз медициналық құжаттардың ішіндегі ең міндетті әрі маңызды құжаттардың бірі. Аурудың ағымының сипаты мен нәтижесіне байланысты , аурудың болжамы қамтылады, әрі қарай емдік тұрғыдан қарастырылу арқылы оны жалғастыру қажеттілігі туралы нақты қортындылайды. Соңғы этапта эпикризде өлім себебі айтылады.
Эпикриз құралады
Паспорттық бөлім
Толық клиникалық диагноз
Шағымдары
Негізгі диагнозды растайтын диагностикалық зерттеу нәтижелері және аурудың асқынуы.
Басқа саладағы дәрігерлердің кеңесі.
Өлім эпикризі
Науқастың өлімі жайлы ауру тарихынды өлім эпикризі толтырылады. Өлім эпикризі қысқаша ауру тарихын құрайды, дәрігерлерге науқастың жалпы жағдайы, емделіп жатқан науқастар, симптомдарының динамикасы, тағайындалған ем және диагностикалық процедуралар, соңғы ағымға жеткен жайлы себебі және клиникалық өлім диагнозы.Егерде науқас дәргерге қаралуға дейін қайтыс болатын болса, мысалы мереке күндері немесе демалыс күндері, ондай кезде эпикриз қабылдау бөлімінің дәрігермен және жансақтау бөлімінің дәрігермен, сонмен қатар науқасты емдеуші дәрігермен бірге ұйымдастырылып нақты қортынды жасалынады.Бұл кезде науқасты емдеген дәрігер өзі қойған диагноз жайлы нақты өз піркірін айту қажет.
Клиникалық анатомиялық эпикриз
Бұл жерде науқастың ауруының жалпы механизімі және оның ағымы, сонымен қатар летальды сатысына қалай келді, жалпы өлімнің себебі жазылады. Клиникалық анатомиялық эпикризде аурудың патогенезін кең ауқымды тұрғыда қарастырылу қажет, этиологиясы, емдік процедуралар, өлімге алып келетін қосымша себептер және танатогенез.Эпикриз патологанатом дәрігердің мәйітті ашу арқылы қортындысы жасалынады.
Танатогенез
Өлім организмдегі тіршіліктің толық тоқтауы . Өлу заңдылықтарын, оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды.
Өлімнің түрлері: Табиғи өлім (физиологиялық) және патологиялық.
Табиғи өлім адам әбден қартайып, ағза қызметтерінің бірте-бірте әлсіреп барып, тоқтауымен , тозуымен байланысты.
Патологиялық өлімді патологоанатомдар тексереді.Ауру асқынып кеткенде, мысалы, миға қан құйылғанда, жүрек инфарктынде, өкпе артериясының тромбоэмболиясында адам кенеттен, кейде бірнеше минуттар ішінде де өліп кетуі мүмкін.
Өлу кезеңдері:
- Жанталас алды (преагония);
- Ақтық үзіліс;
- Жанталас (агония);
- Клиникалық өлім;
- Биологиялық өлім.
- Жанталас алды- кезінде жүрек соғуы мен тыныс алу жиі-леп әлсірейді, артынан сирейді, артериялық қысым қатты төмендейді, сана-сезім, рефлекстер үдемелі түрде азаяды,үзілісті тыныс дамиды.
- Ақтық үзіліс- Кезінде тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды,
- Рефлекстер жоғалады, көз қарашығы кеңейеді
- КЛИНИКАЛЫҚ ӨЛІМ кезінде:
- Тыныс алу, жүрек соғуы болмайды;
- Анаэробтық гликолиз сақталған;
- Ми қыртысының бүлінісі әлі қайтымды;
- Кенеттен өлген адамды тірілтіп алуға болады.
- БИОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛІМНІҢ АЙҒАҚТЫ БЕЛГІЛЕРІ:
- дененің мұздауы;
- дененің сіресіп қалуы;
- өліктік дақтар пайда болуы.
Мәйіттің сууы өлгеннен соң организмдегі зат алмасу үрдісінің тоқтауына байланысты. Дене жылуы бірте-бірте азайып, айналадағы температурадан 0,5-1 С төменірек дәрежеге дейін түседі. Орташа есеппен мәйіт температурасы сағатына 1С төмендейтіні анықталған. Бірақ кейбір ауруларда (сіріспе,сепсис, бөртпелі сүзек) мәйіт температурасы бірнеше сағатқа дейін бұрынғыдан да жоғары болуы мүмкін.
...