Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Этнопедагогикалық ойлардың тарихы. Ежелгі дәуірдегі тәлім-тәрбиелік ойлар

Автор:   •  Ноябрь 12, 2019  •  Лекция  •  324 Слов (2 Страниц)  •  2,829 Просмотры

Страница 1 из 2

Этнопедагогикалық ойлардың тарихы. Ежелгі дәуірдегі тәлім-тәрбиелік ойлар

Құлпытасқа жазылған түркі ескерткіштерінің бірі- Орхон-Енисей жазбалары деп аталады. Төл тарихымыздың ең құнды ескерткіштерінің ірісі, түркі жұртының ортақ мақтанашы болып танылатын тас ұстын ежелгі түркілердің тамаша ерлік сипаттарын бойынан жан-жақты дарытқан жаужүрек батыр,ұлан-ғайыр кең өлкені еркін билеген даланың қайсар жауынгері Күлтегіннің адами қасиеттерін жырлайды. Тас жазуларда ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік,құлдық пен тәуелсіздік , тәлім – тәрбие мәселелері әсем айшық өрнектерімен жанды бейнелерге толы сезім, толғаныс-тебіністермен баяндалады. Халықтық тәрбие туралы ойларын ежелгі ескерткіштердің бірі, құнды шығарма болып табылатын. Кабуснамадан оқуға болады. Оны Кей-Кабус деген ойшыл жазған. Ол өз шығармасын ұлына арнаған. Тасқа жазылған дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі –Қорқыт ата тағылымдары.

Қорқыт- ақылшы, ғалым, жырау, сазгер, ең тұнғыш қобыз сарынын тудырған адам. Қорқыт шығармаларының негізгі өзегі- жас ұрпақ қамы, ата-ананы құрметтеу, тәрбиедегі ата-ана жауапкершілгі. Қорқыт сөздерінің негізгі тақырыбы – ата-ана атына кір келтірмейтін бала тәрбиелеу. Шығармаларының негізгі желісі- балаларды ата-баба өсиетіне адалдық , батырлық рухында тәрбиелеу. Қорқыттың педагогикалық көз-қарастары адамды адамгершілікке тәрбиелейтін қанатты, үлгілі сөздер, өсиет нақылдар көптеп кездесетін Қорқыт ата кітабында орын алған.

Қорқыт адамгершілік пен ерлік отбасында басталады деген. Қорқыт адамгершілік пен ерліктің дұрыс қалаунуында әкенің рөлін жоғары бағалады.

Қазақ даласындағы ойшылдардың ішіндегі ең ірі тұлғаның бірі сол кездің өзінде-ақ  Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған, білім-ғылымның барлық саласында қайталанбастай өшпес мұра қалдырған Әбу-Насыр әл-Фараби.

Ғұлама ойшылдың педагогикалық көзқарастары оның көптеген шығармаларында орын алған. Адамды бақытты ететін-жақсы мінез-құлық, жақсы да,жаман да мінез жүре бара пайда болады деген.

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (55.4 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club