Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өлім жазасы

Автор:   •  Апрель 14, 2019  •  Реферат  •  6,151 Слов (25 Страниц)  •  941 Просмотры

Страница 1 из 25

                                   «КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

                                      ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ

                               Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы

                   [pic 1][pic 2]

ҚҰҚЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША

                                 ЖОБА

                              Тақырыбы: «Өлім жазасы»

                                                                

            Орындағандар: Маратұлы Э.

                                       Тұран А.

                                       Темірбек С.

                           Мәжіре Е.

Ғылыми жетекшісі

аға оқытушы: А.С. Бейсембеков

          

                                                 

                                         

                                                     АСТАНА

                                                         2017

                                             

                                          МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..............................................................................,.......................    3

1.    Өлім жазасын зерттеудің философиялық және теориялық қыры

1.1  Өлім жазасы ұғымының теориялық негіздері....................................   5

1.2  Өлім жазасы ұғымының философия саласында алатын орны..........   8

2.    Өлім жазасының замануи қырлары мен құқықтық сипаты

2.1  Өлім жазасының еліміздегі алатын орны...........................................  13

2.2  Өлім жазасының құқықтық сипаты....................................................  16

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................   20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................  21

                                                       КІРІСПЕ

Жобаның мақсаты: Өлім жазасы ұғымының теориялық негіздері зерттеп, өлім жазасы ұғымының философия саласында алатын орнын ашып көрсету.

Жобаның өзектілігі: Өлім жазасы ауыр қылмыстармен күресу үшін қолданылған. Көне замандарда негізінен патшаның әмірін орындамаған адамды, иесіне қарсыласқан құлды, ұрлық жасаған адамды, бұйрықты орындамаған жауынгерді өлім жазасына кескен. Шыңғысхан әскерінде бір адам шайқас кезінде шегінсе немесе қашса құрамына сол жауынгер кіретін бір ондық түгел өлтірілген. 13 ғасырда Еуропада басталған инквизиция католик шіркеуінің ілімінен дүниетанымы өзгеше адамдарға өлім жазасын (өртеу) қолданды. Ислам елдерінде кісі өлтірушілер, зинақорлар осы жазаға кесілді. Қазақ қоғамында да жазаның бұл түрі ауыр қылмыс жасағандарға қолданылды. Қанға қан қағидасын бірте-бірте құн төлету жазасы ығыстырғанымен, соғыс кезіндегі сатқындық, туыс адаммен көңіл қосу сияқты бірқатар қылмыстар үшін өлім жазасына кесті (ат құйрығына байлау, таспен атқылау). 20 ғасырдың 2-жартысында адам қоғамын ізгілендіру ағымының күш алуы нәтижесінде өлім жазасын жоюға бағытталған халықаралық шаралар іске асырыла бастады.

Зерттеу объектісі: Өлім жазасының философиядағы рөлін  және оның теориясын  қарастыру.

Еуропа Кеңесі Адам құқықтары мен бостандығын қорғау туралы конвенцияға қосымша 1983 жылғы 28 сәуірде өлім жазасын жою туралы №6 хаттама қабылдады. БҰҰ Бас Ассамблеясы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықар. пактіге қосымша 1989 жылы 15 желтоқсанда өлім жазасын жою туралы екінші қосымша хаттама қабылдап, әлем елдерін сол хаттамаға қол қойып, қосылуға шақырды. Осы шаралардан кейін әлемнің 80-нен астам мемлекеті өз қылмыстық заңынан өлім жазасын алып тастады. Қазақстанда өлім жазасы (ату) тек айрықша ауыр қылмыстар (лаңкестік, геноцид, айуандықпен кісі өлтіру, т.б.) үшін тағайындалады. 18-ге толмаған жасөспірімге, әйел адамға, сот үкімі шыққанға дейін 65 жасқа толған ер адамға қолданылмайды. Рақымшылық жасалған жағдайда өлім жазасы өмір бойына немесе 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Қазақстанда 2003 жылдан бастап өлім жазасына мораторий жарияланған. Өлім жазасы – ежелден келе жатқан ең ауыр жаза. Өлім жазасы қоғамдағы ауыр қылмыстармен күресу үшін қолданылған. Қазақстанда 2003 жылдан бастап өлім жазасына мораторий жарияланған. Тек Қазақстан президентіне қатысты бапта ғана өлім жазасын қолдануға рұқсат берілген.

...

Скачать:   txt (75.2 Kb)   pdf (327.8 Kb)   docx (98.2 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club