Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұйымдастыру-технологиялық бөлім

Автор:   •  Ноябрь 30, 2018  •  Реферат  •  7,080 Слов (29 Страниц)  •  1,069 Просмотры

Страница 1 из 29

3 Ұйымдастыру-технологиялық бөлім

3.1 Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Қазіргі заман жағдайларында өнеркәсіптендірілген құрылыстың маңызды факторлардың бірі оның ұзақтығы мен еңбек сыйымдылығын қысқарту, күрделі салымдардың оңтайлығын жоғарлату құрылыс өңдірісін ұқыпты және жан-жақты дайындау болып қамтиды да, 4 негізгі топтамалардаң тұрады: жалпы ұйымдық-технологиялық дайындық, өндірістік бағдарламаны орындауға құрылыс дайындау, объектілерді  құрылысқа дайындау, құрылыс-жинақтау жұмыс өндірісін дайындау.

Жалпы ұйымдық-технологиялық дайындық барлық қор түрлері бойынша жоспарлы және теңдестірілген өрістетуді қамтамасыз етеді де, құрылысты өзарара қиыстырылған тапсырыс беруші, жобалау, бас мердігер, қосалқы мердігер ұйымдар және т.б. инвистициялық процесске қатысушылар іс әрекеті белгіленген тапсырма негізінде іске асырады.

Жалпы ұйымдық-технологиялық дайындық құрылымына келесілер кіреді:

- Техникалық-экономикалық дәйектемені өңдеу немесе объект  құрылысының техникалық-экономикалық есебі, құрылыс телімін таңдау, тапсырма мен техникалық жобалаудың  шарттарын өңдеу;

- Объекттердің құрылысын іске асыруға арналған құрылыс жинақтау ұйымының құрамын анықтау;

-  Үймереттер мен ғимараттарды жобалау, және құрылысты ұйымдастыру  жобаларын өңдеу;

- Құрылысқа арналған жер телімін белгілеу;

- Қаржыландыруды дайындау  және мердігер мен қосалқы мердігер арасында құрылысқа келісім шарт жасау;

- Құрылыс алаңынан территориясынан ұйымдар мен адамдарды көшіру;

- Қаражатты алу мен құрал-сайман әкелуіне тапсырыстарды орналастыру және бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

           

           

3.2 Жұмыс өндірісіне нұсқау

 3.2.1 Құрылыс құрастыру жұмыстарының көлемдері

Құрама құралымдарды құрастырудың кешенді процесіне кіретіндер: элементті көтеруге дайындау; ірілендіру; көтеру орнына жеткізу; элементті ілмектеу және қосымша тетіктер және құрылғылармен жабдыктау (және де кейбір жағдайларда қаттылық элементтерімен де); көтеру; уақытша бекіту; жобалық жағдайда элементті дәлдеу және ақтық бекіту. Құралым элементтерін құрастыруының барлық осы жүйелі процестері жұмыс өндірісінің жобасында есепке алыну керек немесе, мысалы, құрастыратын элементтер обьектіде ірілендірілген жағдайда, ірілендіру бойынша жұмыстар есепке алыну керек.

Құрастыру жұмыстары жобасының құрамына негізгі және қосалқы жұмыстар кіреді. Көп жағдайларда анау не мынау қосалқы жұмыстардың болуы негізгі жұмыстар өндірісінің қабылданған тәсіліне байланысты болады. Мысалы, егер ұстындарды құрастырғанда кондукторлар пайдаланса, онда оларды орнату және ауыстырып қою бойынша қосалқы жұмыстар есепке алынады.

Негізгі және қосалқы жұмыстар біржолата құрастыру жұмыстарының тәсілін анықтаған соң ғана және олардың құрамы БМБ баптарына сәйкес не басқа да мөлшерлік әдебиеттермен жете танысқан соң ғана анықталады.

Алдымен осы не басқа құрастырылатын элементтердің санын, олардың құрастырғыш салмағын және габариттерін анықтап, негізгі құрастыру жұмыстарының көлемі анықталады. Сонан-соң қосалқы жұмыстардың көлемі белгіленеді. Оларға кондукторларды орнату және ауыстыру, төсеніштерді орнату және ауыстыру, анкер бекіткіштерін құру, қоршаулар орнату және т.б. жатады. Қосалқы жұмыстардың көлемдерін анықтағанда назар аудару керек, олар элемент құрастыру мөлшеріне кіретін жұмыс құрамында есепке алынған жоқпа екеніне.

Өздігінше топты салынатын элементтерді пісіру және коррозияға қарсы   корғау,   түйістерді   бекіту   және   бетондау,   жіктерді   әшекейлеу, құрастырылған құралымдарды тұрақты бекіту бойынша, егер осы жұмыстар кешенді бригадамен орындалмаса, жұмыстар көлемін құрайды.Егерде өзі жүрмейтін құрастырғыш механизмдер пайдаланған жағдайда осындай механизмдерді қайта ауыстыру, орнату және ажырату бойынша жұмыстар көлемі есепке алыну керек.

Крандар не құрастыру жеріне құрылыс құралымдарын беруүшін уақытша жол салу бойынша жұмыстар көлемі, сондай- ақ мұнаралы және төрттағанды крандар үшін кранасты жолдар орнату, өзі жүретін құрастырғыш крандарды құрастыру және ажырату, ірілендіріп  жинақтау үшін  аланшалар жасау және т. б. бойынша жұмыстар көлемі тек қана осы мәліметтер варианттарды салыстыруға қажет болған жағдайларда немесе оларды анықтау қажеттілігі  тапсырмаларда арнайы ескертілсе ғана есептелінеді.Барлық құрастырылатын элементтер бойынша жұмыс көлемдерінің есебін бірқабатты өнеркәсіптік үймереттер үшін - температуралық блоктарыныңшегінде аралықтар бойынша жасаған жөнді, ал көпқабатты өнекәсіптік үймереттер үшін - бip қабат шегінде алымдар, секциялар не температуралық блоктар бойынша, келесіде қабатқа жинақтау, ал сонан-соң барлық үймеретке не секция, не температуралық, блок шегінде барлық қабаттарға.

...

Скачать:   txt (106 Kb)   pdf (658.2 Kb)   docx (425.4 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club