Өлім
Автор: bat1899 • Октябрь 31, 2020 • Эссе • 430 Слов (2 Страниц) • 505 Просмотры
Өлім
"Өлім" - өте қорқынышты сөз. Оның беретін мағынасы одан да қорқыныштырақ. "Көлдетіп жас тамызу" мен "қайғы" осы сөзді естігенде ойға келетін ассоциациялар. Мұндай жайттан сескену ежелден келе жатыр. Бірақ көбісі өлім кейін өмір, ана дүние бар деп есептейді. Осы “өлімнен кейін өмір бар ма?”- деген сұраққа жауапты әртүрлі діндер мен мифтерден іздестірейік.
Скандинавтық мифтерді қарасақ, жаһан ортасында Иггдрасиль ағашы өседі дегеннен басталады. Ағаш барлық әлемдерді қосатын көпір болып табылады. Осындай әлемдердің бірі - Хель. Мұнда тек мұз кездеседі. Мұнда тек жаман адамдар түсетін соңғы орын. Бізде қалыптасқан ыстық тозақен байланысты ойға мүлдем қарама-қарсы болып келеді. Бұл скандинавтардың географиялық орналасуымен байланысты: полярлық шеңберге жақын орналасқандықтан, суық температутары олардың басты қарсыласы. Мифтерге сенсек, бір дүниеден екінші дүниені байланыстырушы - кемпірқосақты көпір болып табылады. Яғни, мұнда өлімнің хуманизацияланған бейнесі мүлдем жоқ.
Кейбір басқа халықтарда өлім бейнесі бар. Славян елдерінде өлімді аша ұстаған кемпір қылып елестетеді. Батыс елдерінде мантия киген қаңқа(скелет) өлім бейнесі болып табылады. Бұл қарапайым биологиялық процестермен байланысты: адам өлгеннен кейін жер астында одан тек сүйектері қалады.
Бірақ Өлім жалғыз персонаж емес. Мысалы, грек мифологиясына сүйенсек, адам өлгеннен кейін Стикс өзенінің жағасына келіп түседі. Өзеннің арғы жағына оны Харон өткізеді, бірақ бұл тегін емес, арнайы тиын үшін. Сол себепті, жерлегенде адамның көзін тиынмен жапқан.
...