Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өмір және өлім

Автор:   •  Апрель 15, 2021  •  Эссе  •  1,329 Слов (6 Страниц)  •  2,888 Просмотры

Страница 1 из 6

Ш.Есенов атындағы Каспий Технологиялар және Инжиниринг Университеті.

                 

                   

                   

                                                  БӨЖ №6

         

Пәні: Философия

Тақырыбы: Өмір және өлім

             

Орындаған: Тилектесова Жансая                                                

Пән оқытушысы: Тоқбаева Лариса

                                             Өз ойым

Өмір - жұмбақ, ешкім сырын ашпаған,

Өлім – жұмбақ, одан ешкім қашпаған.

   Өмірдегі барлық тіршілік егесі өмірге келген соң оның мәнін бір сәтке болсын ойлайды. Ал өлімді қаншалықты ойлаймыз. Өмір – күрес, сан жығылып, сан тұрасың, мықтылар жеңеді, әлсіздер жеңіліс табады. Өмірдің мәні құлап, құлазығанда емес, одан сабақ алғанда. Өмірдің мәні – байлық жинап, ләззат алғанда емес, ізгі амалдар жасап, сауап алғанда дүр.

   Тумақ барда, өлім хақ. Бәріміз ерте ме, кеш пе өлім дәмін татамыз. Кез келген пенде жақсы жағдайда өмір сүруді қалайды, тем более бүгінгі қоғамда. Мұңайып құлағанда, сүрініп жылағанда, шаттанып қуанғанда бір-бірімізге жүрекке демеу, көңілге медеу болсақ екен. Болған іске болаттай болып, тағдыр сынаған кезде сынбау нағыз ерлік деп білемін.

Шыда, шыда

Шыдай түс, шыда тағы

Шыдамдыны мына өмір ұнатады

Үміттің Кұлан иек қула таңы,

Әйтеуір бір атады, бір атады...

Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,

Өмір, өмір!

Болмайды түңілуге,

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.

   Жалпы осы қазақ философиясында өмір мен өлім туралы ой толғап айтылғанда, сөз қозғалғанда біздің ойымызға өмірдің мәні мен жердің жайлысы жерұйықты іздеген Қорқыт Ата қобызымен еске түсетіні сөзсіз. Әрбір тарихи дәуірдің «Адам мен Әлем қатынасы» туралы өз мойнына жүктейтін міндеттері мен түсініктері болады және ол келесі тарихи кезеңге өзінің күрделі, шешімі табылмаған сұрақтарын философиялық мұра,  ұрпақтарға арналған белгілі бір танымдық «сыйлық» ретінде қалдырып отырады. Осындай философиялық шырмауық сияқты өрілген күрделі өмірмәндік сұрақтарды өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен тарихи тұлға және мифологиялық феномен – Қорқыт деген түркілік ғұлама, ол өзінше алғанда ерекше ғажайып рухани әлем болып келеді, басқаша айтқанда, осындай ғасырлар бойы барлық түрік дүниесін ойландырып, толғандырып келген асуды, белесті топтағанда Қорқытнама мәселелері деуге болады.

   «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» деген ұғымның бір қарағанда түсінікті философиялық мағынасы қарапайым. Дегенмен, «басталған тіршіліктің соңы да болады, табиғаттағы барлық тірі ағза тіршілік етеді, мәңгі тіршілік ететін ешнәрсе жоқ» деген тұжырым ол құбылыстың бетінде жатқан жағы ғана, ал оның тереңінде жауабы әзір толық табыла қоймаған тылсым қатпарлары бар. Ал өмір мәніне тереңдей түссек, бұл құбылыстың арғы мағыналық жағында адам ғұмырына қатысты «Жан мен Тәннің», «Табиғи Рух пен Қасиетті Рухтың» арасындағы шешімі толық анықтала қоймаған қайшылықты қырлар жатыр, терең болмыстық мәнділіктер жатыр. Яғни жоғарыдағы түсініктің қисынына арқа сүйесек, онда «адамға ерте ме, кеш пе бір тығырыққа тірелетін кез келеді, осы Ғаламдағы тіршіліктің аяқталатын, бәріне есеп беретін уақыт да болады» деген пайымдау туындайды. Бұл дүниеден кімдер өтпеген – керемет ақыл иесі де, батыр да, данагөй ғалым да, дүлдүл өнерпаз да, материалдық байлықтың шыңына көтерілген миллиардер де уақыты келгенде кететіні хақ.

    Көптеген діндер өздерінің ілімдерінде пендеге Ажалды лайықты түрде қабылдауға, өлімнен қорықпауға шақырады. Жанның мекені болған тәннің тіршілік ету уақытымен тікелей Өмірдің де бұл Ғаламдағы уақытын шектеп тастау шыныменде адамдарды метафизикалық тоқырауға, психологиялық тығырыққа әкелетіні белгілі. Өмірдің мәңгілігі туралы қандай оптимистік насихат пен тұжырым болсын, оның жүрегінде бәрібір кейбір күмәндер мен қорқыныштар тұрады.

    Қорқыт жайлы хикаяттар мен әфсаналарды зерттеуші ғалым С. Қасқабасов былай тұжырамдайды: «Ажалмен айқасқан ол өлімнен құтылудың жолын неше түрлі қасиетті нәрселерден, немесе керемет жәрдемшілерден, я болмаса жан сауғалап, қашудан емес, қажымас еңбектен, өнерден іздейді. Қорқыттың алғашқы музыкалық аспапты жасауын, қобызда күй тартуын хикаят оның өлімге бұдан басқа дауа таппағанынан деп түсіндіреді. Шынында да, Қорқыт оған дейін дүниенің төрт бұрышын шарлап шықты ғой, бірақ қазылған көрден құтыла алмағаны да аян. Енді бұдан бұлай жан сауғалаудың жөнсіз екенін біліп, ол тағдырдың өзімен айқасуға тәуекел етеді. Өзінің жасампаздық еңбегімен ол тағдырға айбат көрсетеді және өнерінің арқасында ажалға қарсы ұзақ уақыт төтеп береді. Оның күйі он сегіз мың ғаламды түгел, тіпті ажалдың өзін балқытып, баурап алады». Жоғарыдағы айтылған ойлардың дәлелі ретінде автор мынандай хикаятқа сүйенеді: «Қорқыт күйлерін бүкіл дүние, жан иесі түгел тыңдайды. Аспандағы құс ұшуын, жел есуін тоқтатып, Қорқыт күйін тыңдапты. Сарыарқа аңдары да Сырдарияның жағасына шұбырып келіп, Қорқыт күйін тыңдайды. Сырдария ағысын тоқтатыпты, үстіне төселген Қорқыттың кілемі суға не ағып, не батып кетпей, көп заман су ортасындағы кемедей қалқып тұрып алып, Қорқытқа өлім келтірмейтін арал болыпты». Өнердің құдіретін әсірелеп, метафоралық кейіпте сипаттау көп халықтың эпостарында, әфсаналарында, тарихи санасында кездеседі.

...

Скачать:   txt (15.4 Kb)   pdf (59.4 Kb)   docx (12.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club