Қан айналымының бұзылыстары
Автор: Ainurjan • Сентябрь 4, 2021 • Тест • 359 Слов (2 Страниц) • 454 Просмотры
Тақырып:Қан айналымының бұзылыстары.
1. Облитерирлеуші эндартерииті бар пациенттің басты проблемасы
а) аяқ-қол терісінің трофикалық бұзылулары
б) зақымданған аяқ табанының артқы артериясында пульсацияның болмауы
в) аяқтың ауыруы
г) қолдың дистальды бөліктерінің суықтылығы
2. Жіті тромбофлебиті бар пациентке күтім жасау жоспарының компоненті
а) аяқтың зақымдалған бөлігін өзін-өзі уқалау әдістеріне оқыту
б) емдік дене шынықтыру элементтерін оқыту
в) пациентті эластикалық бинтпен қамтамасыз ету
г) төсек тәртібін сақтау үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету
3. Аурудың басында жойылатын облитерирлеуші эндартериитке тән симптом
а) перифериялық артериядағы пульстің жоғалуы
б) ауырсынудың болмауы
в) гиперемия
г) аяқтың саусақтарында жану және қышу
4. Облитерирлеуші эндартерииті бар пациентке мейіргерлік күтім жасау мақсатында ұзақ мерзімге қойылады
а) темекі шегуден бас тарту
б) дене белсенділігін толық қалпына келтіру
в) аяқ-қолдардың тоңазуын азайту
г) табанның ұсақ артерияларында пульсацияны толық қалпына келтіру
5. Құрғақ гангрена жиі дамиды
а) қан айналымының баяу үдемелі бұзылуы
б) қан айналымының жедел бұзылуы
в) тіндерде инфекцияның қарқынды дамуы
г) жүйке бағандарының зақымдануы
6. Интоксикация белгілері анағұрлым айқын
а) құрғақ гангренада
б) ойықтарда
в) дымқыл гангренада
г) трофикалық ойық жарада
7. Құрғақ гангрена кезінде
а) үдемелі тіндердің ісінуі
б) тіндердің шіруі
в) тіндерді мумиялануы
г) тіндерде газдың пайда болуы
8. Ылғалды гангренаның асқынуы
а) анафилактикалық шок
б) сепсис
в) жіті церебральді жеткіліксіздік
г) жіті тыныс алу жеткіліксіздігі
9. Құрғақ гангрена операциясы
...