Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Этиологиясы. Патогенез. Жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлардың жіктелуі

Автор:   •  Март 10, 2021  •  Реферат  •  1,489 Слов (6 Страниц)  •  616 Просмотры

Страница 1 из 6

Этиологиясы. Патогенез. Жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлардың жіктелуі. Гипертензияның ауырлығын бағалау. Әйелдер консультациясы жағдайында алдын алу. Дәрігердің тактикасы.

Жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстардың клиникалық жіктелуі.

  • Созылмалы АГ (жүктілікке дейін болған).

Гипертониялық ауру.

Екіншілік (симптоматикалық) АГ.

  • Гестациялық (жүктілікпен индуцирленген) АГ.
  • Созылмалы АГ фонындағы преэклампсия және эклампсия.
  • Преэклампсия (ПЭ) және эклампсия.

Созылмалы артериялық гипертензия — жүктілікке дейін болған немесе жүктіліктің 20-ші аптасына дейін анықталған гипертензия. Гипертензия босанғаннан кейін 6-ты аптаға созылады.

Гестациялық гипертензия– жүктіліктің 20-ші аптасынан кейін пайда болады, босанғаннан кейін 6-ты апта ішінде АҚқалыптасады. Гестациялық гипертензия преэклампсияға ауысуы мүмкін, сондықтан сәйкес мониторинг қажет.

Жіктелуі:

  1. Жеңіл преэклампсия;
  2. Ауыр преэклампсия;
  3. Эклампсия.

Аталған түрлерді бір үдерістің сатылары деп қарастыру қажет. Преэклампсия – әдетте АҚ жоғарылауымен және протеинуриямен байқалатын жүйелі синдром.

Эклампсия – эпилепсиямен немесе басқа да айқын патологияға байланыссыз жайылған тырысулар.

Қауіп тобы мен факторлары

— алдыңғы жүктілік кезінде болған преэклампсия/эклампсия;

— жанұя анамнезіндегі преэклампсия;

— көп нәрестелі жүктілік.

Созылмалы соматикалық аурулар

— жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары;

— қант диабеті;

— семіздік (ДМИ>35);

— жас алғаш босанушылар;

— антифосфолипидтік синдром;

— жасы 40 жастан жоғарылар;

— босану арасындағы интервал 10жылдан көп.

Диагностика белгілері

Артериялық гипертензия (жеңіл)

Арасы 30 минуттан кем уақыттың ішінде екі рет өлшегенде систолалыққысым>140 мм с.б.б. және/немесе диастолалыққысым >90 мм с.б.б. болуы.

Ауырартериалық гипертензия

Арасы 30 минуттан кем уақыттың ішінде екі рет өлшегенде диастолалыққысым >110мм с.б.б. немесе систолалыққысым>160 мм с.б.б. болуы.

Протеинурия — > 0,3 г/тәу. немесе 0,3 г/л 4 сағаттан кейін екі рет алынған несеп талдауында болғанда.

Ісіктер— 50-80% жүкті әйелдерде қалыпты жүктілік ағымында аздаған ісіктер болады. Ісінумен болатын преэклампсияға қарағанда, ісінусіз жүретін преэклампсия ана мен нәрестеге қауіптірек екені анықталған. Тез өрлейтін жайылған ісіктер, әсіресе бел аймағындағы ісіктер болжамы нашар белгі болып табылады.

Ісіктер – 12 сағаттық төсектік демалыстан кейін тіндерде сұйықтықтың шамадан тыс жиналуы. Онкотикалыққысымның төмендеуінің (альбуминурия фонында), капиллярдыңөткізгіштігінің жоғарылауының және сұйықтықтың тамыр арнасынан интерстициалдық кеңістікке шығуының нәтижесінде пайда болады.

Преэклампсия – бұл протеинуриямен қосарласқан артериялық гипертензия. Преэклампсия – жүктілікпен патогенетикалық байланысты, жайылған қантамырлардың тарылуымен және өмірге маңызды мүшелер мен плацентаның перфузиялық бұзылыстарымен сипатталатын көп ағзалыққызметтік жетіспеушілік синдромы.

Жеңіл преэклампсия – протеинуриямен қосарласқан жеңіл гипертензия ± ісіктер.

Ауыр преэклампсия

1. Ауыр гипертензия + протеинурия.

2. Кез-келген ауырлық дәрежелі гипертензия + протеинурия + келесі симптомдардың біреуі:

— бас ауру;

— көрудің нашарлауы;

— эпигастрий аймағының ауру сезімі және/немесе лоқсу, құсу;

— тырысуға дайындық;

— жайылған ісіктер;

— олигоурия (30 мл/сағат немесе 24 сағатта 500 мл аз несеп);

— бауырды пальпациялағандағы ауру сезімі;

— тромбоциттер санының 100 × 106г/л азаюы;

— бауыр ферменттерінің деңгейінің жоғарылауы

(АлАТ немесе АсАТ 70МЕ/л жоғары);

— HELLP-синдром;

— Нәрестеніңқұрсақішілік дамуының кідіруі (НҚДК).
Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі

Алғашқы медико—санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде:

...

Скачать:   txt (24.3 Kb)   pdf (127.3 Kb)   docx (16.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club