Хлор, хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер
Автор: Наргиза Абдсеит • Сентябрь 16, 2021 • Контрольная работа • 2,638 Слов (11 Страниц) • 685 Просмотры
10б сынып
Сабақтың тақырыбы: Хлор, хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер.
Сабақтың мақсаты: Хлордың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы,
табиғатта кездесуі, физикалық және химиялық қасиет
тері, биохимиялық ролі, оның маңызды қосылыстары
және олардың қолданылуымен таныстыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сатылай кешенді талдау
Көрнекілігі: периодтық кесте, минералдар (жинақ), видеотәжірибелер, слайдтар, зертханалық жұмыстар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
[pic 1]Ауызша талдау
- Галогендер атауы нені білдіреді? («тұз түзушілер»)
- Топ бойынша фтордан йодқа ауысқанда галогендердің агрегаттық күйлері мен түстері қалай өзгереді? (фтор – ашық жасыл газ, хлор – сары жасыл газ, бром – қызыл-қоңыр сұйық, йод – қара көкшіл крист.)
- Галогендердің салыстырмалы электртерістіктерітоп бойынша қалай өзгереді? (төмендейді)
- Галогендердің тотықтырғыштық қасиеттері топ бойынша қалай өзгереді? (төмендейді)
- Галогендер табиғатта бос күйінде кездесе ме? (галоген молекуласының атомдарға жеңіл ыдырауы – олардың жоғары белсенділігін көрсетеді, сондықтан бос күйінде емес, металл галогенидтері түрінде)
- Галогендер қосылыстарында қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді? Фтордың ерекшелігін қалай түсіндіруге болады? (фторда бос d-орбиталі жоқ, сондықтан тек І валентті; Cl, Br, I – І, ІІІ, V, VII валенттіктерді көрсете алады?)
[pic 2]Жазбаша талдау
- Төмендегі айналуларды іске асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:
NaCl → Cl2 → HCl → CaCl2 → AgCl → [Ag(NH3)2]Cl
Тұнба түзілген жағдайда иондық теңдеуін жазыңдар.
Осы өзгерістер жазылғанда жаңа сабағымыздың тақырыбын «Хлор, хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер» айтамыз.
ІІІ. Жаңа сабақтың барысы: [pic 3]
[pic 4][pic 5][pic 6][pic 7][pic 8][pic 9][pic 10][pic 11][pic 12][pic 13][pic 14]
1.Периодтық жүйедегі орны
2.Атом құрылысы
3.Табиғатта кездесуі
4.Физикалық қасиетеріі
5.Химиялық қасиеттеріі
6.Биохимиялық рөлі
7.Хлорсутек,тұз қышқылы, хлоридтер
8.Тұз қышқылының тұздары
9.Қолданылуы
10.Қорытынды
[pic 15][pic 16][pic 17][pic 18]
Хлор, хлорсутек, тұз қышқылы және[pic 19][pic 20][pic 21][pic 22][pic 23][pic 24] хлоридтер.[pic 25] |
Периодтық жүйедегі орны. Хлор VІІА топ элементі
Атом құрылысы. Оның электрондық формуласы: 17Сl 1s22ss2p63s23p5
Графиктік формуласы:
...