Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Реактивті мета- және пирофосфор қышқылы технологиясы

Автор:   •  Январь 17, 2023  •  Контрольная работа  •  3,501 Слов (15 Страниц)  •  298 Просмотры

Страница 1 из 15

VІ ТАРАУ РЕАКТИВТІ ОРТОФОСФОР ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

6.1 Реактивті мета- және пирофосфор қышқылы технологиясы

Метафосфор қышқылы  түссіз пластинкалы немесе таяқша тәріздес ауада балқитын  өз кезеңінде  түсі ауысатын зат.  Суда ериді,  сумен қосылысында  тез арада  ортофосфор қышқылына ауысады. Молекулалық салмағы 79,98, формуласы НРО3.

Пирофосфор қышқылы  Н4Р2О7.  молекулалық салмағы  177,97 тең.  Түссіз шыны тәріздес масса. Балқу температурасы- 610С .   Cуда жақсы ериді. Суыққа төзімді, азот қышқылымен қоспасын  қайнатқанда тез арада ортофосфор қышқылына айналады.

Мета-және пирофосфор қышқылын алу үшін шикізат ретінде  «ттү» реактивті  ортофософр қышқылы және  күйдіргіш натрий пайдаланылады.  «ттү» ортофосфор қышқылының МеСТ 6552-80  және күйдіргіш натрий МеСТ 4328-77 сәйкес түрлері қолданылады. Метафосфор қышқылы МеСТ841-76 сәйкес болуы қажет.

 Өндіріс әдістері

Пирофосфор қышқылын алу технологиясы  85%-ті ортофосфор қышқылын  250-2600С  сусыздандыруға негізделген.

Метафосфор қышқылы   ортофософр қышқылы мен натрий ортофосфаттарын 420-5000С  графитті немесе кварцты электр пештерінде  дегитратациялауға негізделген.

 Өндірістің технологиялық сызбасы

а) пирофосфор қышқылы: пирофосфор қышқылы өндірісіне  бастапқы шикізат болып реактивті ортофосфор қышқылы  табылады.  Реактивті фосфор қышқылы өздігінен өлшегіш бактан  жинағышқа келіп түседі.  Одан әрі графитті пешке сусыздандыруға беріледі.  

Ортофосфор қышқылы 255-2600С  температурада  сусызданып, пирофосфор қышқылына айналады.

Пирофосфор қышқылы  жинағышта жиналып  нутч-сүзгіде  сүзіледі.

         Сүзілген қышқыл вакуум көмегімен жинағышқа беріліп,  майда тараларға салынады.

        б) метафосфор қышқылы: метафосфор қышқылы өндірісіне  бастапқы шикізат болып реактивті ортофосфор қышқылы  табылады.  Реактивті фосфор қышқылы  өздігінен  бейтераптағышқа беріледі.  Бейтераптағышта  үздіксіз араластыру  негізінде қолмен  аз мөлшерде натрий сілтісі салынады.

        Ортофосфор қышқылы мен натрий сілтісінің қоспасы  68-720С  өздігінен  қыздырғыш труба арқылы графитті электрпешке беріледі. Ол жерде  дегитратация нәтижесінде   пирофосфор қышқылы және  натрий пирофосфатының  қышқылы тұзы түзіледі.

        Түзілген қоспа   және тұз  үздіксіз  кварцты пешке  беріледі.  Ол жерде  дегитратация үрдісі  жүріп мета фосфор қышқылы мен натрий метафосфор қышқылы түзіледі.

        Метафосфор қышқылы және натрий метафосфаты   балқытылған  масса түрінде  сулы салқындатқышта ажыратылады.

        Тез суыту нәтижесінде метафосфор қышқылы мен натрий метафосфаты  бір-бірінен ажыратылып сынады.  Оларды кесектерге бөліп,  тез арада шыны банкаларға  қораптайды.

6.2 Реактивті ортофосфор қышқылы технологиясы

«Т» және «ттү» ортофосфор қышқылы  түссіз, тығыздығы 1,834г/см3  зат. 42,350С  түсссіз сироп тәріздес  сұйықтыққа айналады. Иісі жоқ. Суда және этил спиртінде жақсы ериді.  1500С жоғары температурада қыздырғанда   байланысқан судан айырылады да мета- және пирофосфор қышқылына айналады.

«Т» және «ттү» реактивті фосфор қышқылы  «хт», мета- және пирофосфор қышқылы, тағамдық фосфор қышқылы өндірісінің шикізаты болып табылады. Сонымен қатар медицина саласында  арнайы зертханаларда  пайдаланылады.

«Т» және «ттү» ортофосфор қышқылы  өндірісі үшін  шикізат болып термиялық фосфор қышқылы, натрий сульфиді және «БАУ-Б» маркалы активті көмір  табылады.

Термиялық фосфор қышқылы  құрамында 86-88% кем емес Н3РО4  болуы керек.

Натрий сульфиді «т» немесе «ттү»  түрі МеСТ 2053-77  сәйкес болуы керек.

...

Скачать:   txt (49.2 Kb)   pdf (226 Kb)   docx (608.2 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club