Ғылым дегеніміз не?
Автор: Фарида Курмангазиева • Декабрь 7, 2020 • Реферат • 2,208 Слов (9 Страниц) • 3,740 Просмотры
Адамзат қоғамының қалыптасуы, одан əрі өсіп-өркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі ерекше екені белгілі. Ғылым дегеніміз не? Ғылым мен білім деген түсініктерін синоним ретінде қарастыруға болады ма? Адамның айналасындағы дүниені танып-білуі күрделі қайшылыққа, ұзаққа созылатыны жəне де оның адамның жаңа əрі тың білімді игерумен байланысты екені алғашқыдан мəлім.
Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-əрекет үстінде, тəжірибе ауқымында жинақталады. Ол бар болған құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай өтіп жатқанын пайымдайды. Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылысты неге мұндай, оқиға неліктен басқаша емес, дəл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген сұрақтарға дəйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, ғылыми білім оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеп, сырттай сипаттап қана қоймайды сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғаттың, мəнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың бұдан былай даму бағдарына болжам жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен жəне теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-əрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Ол таным процесінің əрі күрделі нəтижесі болып табылады. Сөйтіп, ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген, қисынға келтірілген білім жəне объективті шындық. Тарихи тұрғыдан ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір сатысында, өзі туғызатын қажеттіліктерге байланысты, ой еңбегі мен дене еңбегі бөлініп, қауымдық қоғам ыдырап, таптық қоғам қалыптаса бастаған кезеңде пайда болған. Алғашқы ғылым жүйелі ой пікірлер мен түжырымдар ертедегі Шығыста, Египетте, Вавилонда, Грекияда т.б. қарапайым білім негізінде дүниеге келген. Тарихи ең алғашқы ғылыми жүйе - философия. Ғылымның шынайы шарықтап дамуы қайта өрлеу дəуірімен жəне Жаңа заман кезеңімен байланысты.
Сондай-ақ əрбір ғылымның дамуының ішкі логикалық заңдылығы бар. Ол - бір жаңалық бір жаңалыққа түрткі болып, бірінен-бірінің туындауы. Ғылымның əлеуметтік мəні, негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын ашуда əлеуметтік жəне логикалық факторлардың бірлігі қажет. Осы тұрғыдан алғанда ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша əлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мəдениетінің жоғарғы саласы.
Қазіргі дəуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Ғылымды - қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндіріс ғылымға қарай батыл жүру қажет.
Философия тарихында танымалы ғылымның жіктелуі: 1. Г.В.Ф. Гегель еңбектерінің (1770-1831), негізінде абсолюттік идеяның дамуы жатыр; логика, табиғат, рух; үш класс пайда болады: а) логикалық ғылымдар; b) табиғат туралы ғылымдар (механика, физика, химия, биология); c) адам туралы, қоғам жəне мəдениет туралы ғылымдар (антропология, жантану, тарих, философияға өзгеше рөл жүктейді «ғылымның ғылымы»). 2. Ф. Энгельс еңбектерінің (1824-1895), негізінде материяның дамуы мен түрлері жатыр; а) тірісіз материя туралы ғылымдар (механика, физика, химия); b) тірі материяның түрлері туралы ғылымдар (биология); c) материяның əлеуметтік түрлері туралы ғылымдар (əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар); «шекаралы» ғылымдар (физикалық химия, биохимия); кешендік (логика, философия).
4. Огюст Конттың классификациясы да танымалы болған. Бұл классификация қарапайым қозғалыстарды зерттейтін ғылымдардан басталып механика мен физикадан, қозғалыстың жоғары түрлерін зерттейтін əлеуметтанумен бекітіледі. Сөйтіп, келесі ғылымдар əуелгі ғылымдардың заңдары мен қағидаларын қолданып, өздерінің ережелерін енгізген. ХІХ ғ. позитивизімге қарсы келесі классификацияларын ұсынғандар Вильгельм Дильтей (герменевтика) мен Вильгельм Виндельбанд жəне Генрих Риккерт (неокантианшылдық мектеп). Герменевтика: Дройзен, Дильтей, Зиммель жəне Макс Вебер. Дройзен пікірінше: түсіндіру мен түсінудің дихотомиясы мəлім. Табиғаттану ғылымдардың мақсаты - түсіндіру болса, тарихтың -түсіну (пайымдау). Осы ойлар Дильтеймен жүйелі түрге келтірілді. Түсіну туралы ғылымдарды қолданатын рух туралы ғылымдар деп саналады. Дильтейдің пікірінше: «Табиғатты біз түсіндіреміз, ал рухани өмірді түсінеміз».
...