Фармакология туралы түсінік. Дәрілердің фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы
Автор: Indirka Agzatayeva • Сентябрь 17, 2021 • Лекция • 1,177 Слов (5 Страниц) • 868 Просмотры
Лекция №1
Тақырыбы: Фармакология туралы түсінік. Дәрілердің фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы. Фармакология ғылыми пән ретінде және оқыту пәні. Фармакологияның фармациямен, токсикологиямен және медико-биологиялық пәндермен байланысы. Даму тарихы, жетістіктері және перспективалары
Мақсаты. Студенттерді фармакология пәнімен, фармакологияның қысқаша тарихымен, жаңа дәрілік құралдардың іздестіру бағыттарымен, фармакокинетика және фармакодинамика ұғымдарымен, фармакологиялық терминологиямен таныстыру.
Дәріс тезистері.
Фармакология – химиялық құрылымдардың тірі ағзалармен әсерлесуін зерттейтін ғылым. Негізінен фармакология әртүрлі ауруларды алдын-алу және емдеу үшін қолданатын дәрілік құралдарды игереді.
Фармакологияның негізгі міндеті – жаңа, тиімділігі жоғары дәрілік құралдарды іздестіру болып табылады.
Фармакология медико-биологиялық ғылым болғандықтан, зерттеу және практикалық медицинаның әртүрлі аймақтарымен байланыстығы өте зор.
Патология жағдайында адам ағзасына дәрілік заттардың әсер етуін клиникалық фармакология зерттейді.
Дәрі туралы ғылым – көне заманнан белгілі медициналық тәртіп болып есептелінеді. Алғашқы дәрілер көбінесе өсімдіктіктерден алынатын. X ғасырда өмір сүрген Абу-Али Ибн Сина жазылымдарында өсімдік текті дәрілердің көп тізімі келтірілген. Бұл құралдардың кейбіреулері қазіргі уақытта да қолданады. Мысалы: камфора, ит жидек, қара күйе препараттары және т.б.
XVIII ғасырдың басында дәрігерлер өсімдік текті дәрілерден басқа да бейорганикалық дәрілік құралдарды қолданған. Медициналық практикада бейорганикалық заттарды бірінші болып Парацельс қолданған. Ол практикалық медицинаға: темір, сынап, қорғасын, мыс, мышьяк, күкірт қоспаларын енгізді.
XIX ғасырда ғылыми фармакологияның дамуы басталды. Бұл кезде өсімдік құралдардан олардың әсер етуші заттары таза түрінде бөлінді, синтетикалық жолмен затар жасалынды және дәрілік заттардың фармакологиялық қасиеттерін эксперименттік зерттеулері басталды.
XIX ғасырдың ортасында алғашқы эксперименттік фармакология лабораториялары ашылды. С.П. Боткин клиникасының фармакология лабораториясында жүрек гликозидтері, ыстықты түсіретін заттар, ащылер және т.б. зерттелінді.
Жаңа дәрілік құралдарды іздестіру бағыттары:
I. Препараттардың химиялық синтезі:
1. Бағытталған синтез:
А. Биогенді заттарды жасау;
Б. Антиметаболиттерді жасау;
В. Белгілі активтілігі бар құралдардың молекулаларын модификациялау;
Г. Дәрілік құрал әсерлесетін субстраттың құрамын зерттеу;
Д. Қажетті қасиеттері бар екі дәріні қосу;
Е. Ағзадағы заттардың химиялық өзгерістерге ұшырауына байланысты, заттардың синтезін жасау.
2. Эмпирикалық жол:
А. Кездейсоқтық әдіс;
Б. «Скрининг» әдісі.
II. Препараттардың дәрілік шикізаттардан алынуы және жекеленген заттардың бөлінуі:
1. Жануарлардан алынуы;
2. Өсімдіктерден алынуы;
3. Минералдардан алынуы.
III. Саңырауқұлақтардың және микроорганизмдердің өмір сүру өнімдерінен дәрілік заттардың алынуы.
Фармакологияны жалпы және жеке фармакологияға бөледі.
Жалпы фармакология – дәрілік заттардың тірі ағзалармен байланыстығының жалпы заңдарын зерттейді.
Жеке фармакологияда – фармакологиялық топтар мен жеке препараттар талқыланады. Екі бөлімде де негізгі назар фармакокинетика мен фармакодинамикаға аударылады.
Фармакокинетика – заттардың сіңірілуін, ағзада таралуын, метаболизмін және шығарылуын зерттейтін фармакологияның бір бөлімі.
...