Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Оксигенотерапия
Автор: Azamat2-2- • Сентябрь 26, 2021 • Реферат • 2,012 Слов (9 Страниц) • 6,250 Просмотры
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Оксигенотерапия.Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс.
Орындаған:Тунтеков Азамат
Тексерген:Смагулова Д.А
Талдықорған 2021 жыл
Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылыстары.
Тыныс алу мүшелері организмді оттегімен қамтамасыз ету және одан көмір қышқыл газды шығару қызметін атқарады;
Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16дан – 20ға дейін өзгеріп отырады, бұл адамның жасына, жынысына, дене құрлысына байланысты;
Дене қызуы көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс алу жиілігін арттырады;
Тыныс алу орталығының функциясы зардап шеккен кезде тыныс алу сирейді
Ентікпе – дегеніміз тыныс алудың қиындауы, ол дем алу қимылдар- ының ырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталады. Бұл жағдайда сырқат дем жетпегендей ауыр сезініп, осыған байланысты терең, жиі дем алады.
Ентікпе – қорғаныш физиологиялық икемделу, оның көмегімен организмге жетіспейтін оттегінің орнын толтырып, жиналған көмір қышқылының артығын шығарады.
Ентікпе – кезінде тыныс ретілігі бұзылады, ол тыныс алудың жілігімен және тереңдігімен білінеді, жиі және сирек, сондай-ақ үстірт және терең дем алуларды ажыратуға болады.
Ентікпенің екі түрі бар: инспираторлық және экспираторлық .
Инспираторлық ентікпе – демді сыртқа шығаруға қарағанда демді ішке алу қиындайды;
Экспираторлық ентікпе – демді ішке алуға қарағанда демді сыртқа шығару қиындайды.
Науқастың ентікпесі кезіндегі көмек:
Мейірбике ентікпе кезінде дереу дәрігерге хабарлау қажет.
Тыныс алуды жеңілдету үшін шұғыл шаралар қолдану керек.
Науқастың басын көтеріп, журынына бірнеше жастық қойып немесе арнайы керуеттің жоғары жағын көтеріп тіке отырғызыңыз.
Науқастың үстіндегі көрпені алып, қысып тұрған киімдерін шешіп жеңілдетіңіз.
Бөлменің терезесін ашып көбірек таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз.
Инголятор болған жағдайда қолданыңыз, ол үшін науқас терең дем алған уақытта инголятордың мунштугін аузына алып, дәрігердің тағайындалған дозасын жіберіңіз.
Оттегі жастықшасынан оттегіні ылғалдап жіберіңіз.
Жөтел – жоғары тыныс жолдарының, бронхтардың және өкпенің түрлі аурулары кезінде қақырықтар шығаратын қорғаныш-рефлекторлық акт болып табылады.
Жөтел рефлексі қақырынуға көмектеседі;
Сипатына қарай жөтел қақырықсыз құрғақ және қақырық түсетін ылғалды болады.
Құрғақ жөтел жоғарғы тембірмен сипатталады, тамақты қышытады, қақырық түспейді.
Ылғалды жөтелде қақырық түседі: ол іріңді, кілегейлі, иісті болып келеді.
Құрғақ жөтел кезінде көрсетілетін көмек:
Қақырықты түсіретін тұнба ерітінділерін беріңіз.
Кеуде тұсына қыша қағазын қойыңыз.
Аяққа ыстық ванна қабылдатыңыз.
Ингаляция жасаңыз (май, эвкалипт, бал және т.б.).
Қақырық – жөтел кезінде тыныс жолдарынан шығатын патологиялық бөліністер.
Қақырықтың түсуі әрдайым өкпеде немесе бронхтарда патоло- гиялық процестің бар екенін дәлелдейді;
Қақырықты тыныс органдары ауруының белгісі ретінде санау үшін алдымен оның мөлшерін, сұйықтығын, түсін, иісін және қоспаларын ескерту қажет.
Қақырық кілегейлі, ұйымды, іріңді, аралас және қанды болады.
...