Тыныс алу органдарның аурулары
Автор: arushka • Ноябрь 26, 2018 • Реферат • 2,005 Слов (9 Страниц) • 1,254 Просмотры
ТЫНЫС АЛУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ ӨКПЕНІҢ ҚАБЫНУЫ
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Ветеринария факультетінің ВМ-201 топ студенті Серікқызы Аружан
Аңдатпа
Тыныс алу жүйесінің аурулары төлдердің арасында жиі кездеседі жәнеде жұқпалы емес аурулардың ішінде ас қорыту жүйесінің ауруларынан кейінгі екінші орынды алады. Жалпы қазіргі кездегі жеке шаруашылықтарда барлық аурулардың 20-30%-ті тыныс алу жүйесінін ауруларының үлесіне тиеді.Тыныс алу жуйесінің ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі: 1.Төлдерді күту мен азыктандыру технологиясының бұзылуларынан организмнің резистентгік қабілетінің төмендеуі; 2.Микроорганизмдердің әсері; [1]
Кілт сөздер: резистент, микроорганизм, тыныс алу
Аннотация
Болезни дыхательной системы часто встречаются среди молодняка и занимают второе место среди неинфекционных заболеваний после заболеваний пищеварительной системы. В целом, в настоящее время в частных хозяйствах 20-30% всех заболеваний приходится на заболевания дыхательной системы.Многие причины, вызывающие заболевания дыхательной системы, делят на две основные группы: [1] 1.Снижение резистентной способности организма от нарушений технологии ухода и кормления молодняка; 2.Действие микроорганизмов;
Ключевые слова: резистент, микроорганизм, дыхание
Annotation
Diseases of the respiratory system are common among young people and occupy the second place among non-infectious diseases after diseases of the digestive system. In General, currently in private farms 20-30% of all diseases are diseases of the respiratory system.Many causes of respiratory diseases are divided into two main groups: [1] 1.Reducing the body's resistance to violations of the technology of care and feeding of young animals; 2.Action of microorganisms;
Key words: resistance, microorganism, breathing
Кіріспе
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру. Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. [2] Малдар ауруларының арасында ас қорыту мен тыныс алу жүйелерінің, суық тию аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады. [4] Осы аурулардың ішінде ен жиі кездесетіні өкпенің қабынулары. Өкпелердін қабынулары тыныс алу жүйесінің ауруларының ішіндегі ең жиі кездесетін аурулар. Олардың себептері көптігіне байланысты індетті және құрт ауруларынан ажырату үшін қоздырғышы нақтыланбаған қабынулар деп те атайды. [5] Малдәрігерлік клиникалық тәжірибеде қабынуларының 2 түрі: тұтас және дақтанып қабыну түрлері анықталады. Тұтас (бөлшектеніп, ошақтанып) қабыну - тез өрбіп, көлемге таралып, аурудың алғашқы сағаттарында-ақ өкпенің бөліктерін, немесе жеке өкпені тұтас зақымдаумен сипатталады. Суық тигізеттіндей себептерді жояды. Сапасыз, комақты азықтарды, су ішкізуді (ылғалды түрінде) азайтады. Антибиотик пен сулъфаниламид препараттарын қолданады. Кеуде тұсын скипидармен сылайды, банкілер, қыша қағаздар кояды. Электр шамымен қыздырады, диатермия жасайды, УЖЖ тогімен емдейді. Йодты препаратгармен электрофорез жасайды. Ауыз қуысы арқылы несеп айдайтын дәрілер, салицил және йод препараттарын береді. .Қан тамырына глюкоза мен камфора қосылған спирттің судағы ертіндісін, немесе гексаметилентетрамин ергіндісін енгізеді. Іріңді плевритте, плевра қуысын тесіп, ине-шприц арқылы жалқықты сыртқа шығарады да, сол ине арқылы плевра қуысына 0,2% этакридин, 5% норсульфазодың судағы ертінділерін, не антибиотиктер ертіндісін еңгізеді.Төлдерді механикалық жарақаттан, суықтан сақтандырады. Өкпенің басқа ауруларын дер кезінде, дұрыс емдеуді ұйымдастырады. [6]
...