Сыртқы тыныс алу биомеханикасы
Автор: Beknur001 • Октябрь 18, 2018 • Реферат • 1,300 Слов (6 Страниц) • 1,689 Просмотры
Тақырыбы: Сыртқы тыныс алу биомеханикасы.
Мақсаты:
∙ құралдың жұмыс істеу механизмін түсіну
∙ ішкі тыныс алу функцияларын өлшеудегі негізгі сұрақтарын оқып үйрену,
функционалдық зерттеулерде нәтижелерді анализдеу және тіркеу
Оқыту міндеттері:
∙ Студент құралдың жұмыс істеу принципін білуі тиіс
∙ Студент адам ағзасында қолданылатын физико-химиялық заңдалықтарын, үрдістерін
түсіндіре білуі тиіс
∙ Студент диффузияның физико-химиялық құбылыстарының негізін және механизмін білуі тиіс
∙ Медико-биологиялық зерттеулерде биофизиканың міндеттерінің шешу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Менделеев-Клайперон теңдеуі (ағылшын тілінде)
- Изопроцестер
- Термодинамика заңдары мен элементтері
- Сыртқы тыныс алуды өлшеу құралдары
- Құрылымы жұмыс істеу принципі.
Оқыту әдісі - Шағын топпен жұмыс
Ақпараттық-дидактикалық блок:
Тынысалу үрдісін үш этапқа бөлінеді: өкпедегі газ диффузиясы мен вентилыциясын құрайтын сыртқы тынысалуы, қандағы 02 және С02 транспорты; ұлпалары газ диффузиясы және жасушалық тынысалуымен бөлінетін ішкі тынысалу. ( 1.50 сурет).[pic 2]
1.50. Сурет . {оң жақта) тынысалу этаптары және оны құрайтын үрдістер (сол жақта)
Өкпе кеуде қуысында орналасқан. Өкпе негізін бронхы мен бронхиолдар, альвеоляр жүрістері мен альвеолдар құрайды. Ауа түтікшелерінің диаметрлері кіші болады. Майда бронхиалды түтікшелердің ұшы жуқа қабатты ауа мен толтырылған өкпе көпіршіктерімен аяқталады. Өкпе көпіршіктері созылмалы масса құрап, өкпені түрлендіреді. Әр бір өкпе жіңішке қабықшамен қапталған.
Өкпедегі газалмасу. Өкпе сыртқы орта мен ағза арасын оттегі, көмірқышқыл газы және азотпен алмасуын қамтамасыз етеді.Өкпе бұлшықетінің жұмысы нәтижесінде, өкпе альвеолдары атмосферадағы газбен алмасып, 02 және әсіресе С02 концентрацияларының салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 1.51. суретте бронхо-альвеолярлы комплекс кескінделген.
[pic 3]
[pic 4]
1.52. сурет альвеоло-капиллярлы мембрана және өкпедегі газдарының диффузиясы
а — өабат «диффузиялық жол»: 6 — альвеоланың капиллярлармен түйісуі; в — альвеоло-капиллярлы мембрана компоненты; 1 — альвеолярный эпителий: 2 — жасушаралық орта; 3 —капилляр эндотелийі; 4 — қан плазмасы; 5 - эритроцитарлы мембрана
Тынысалу жүйесінің мәні.
Адам қоршаған ортадан оттегін сіңіріп көмірқышқыл газын бөледі. Әр бір мүшенің жасушасына энергия қажет. Ағзадағы энергия көзі үздіксіз қосылыстардың ыдырауы мен тотығуынан алынады. Өйткені үрдістерге үнемі оттегі қатысып отырады. Тотығу нәтижесінде органикалық заттардан көмірқышқыл газы мен су бөлінеді. Қан жасушаны оттегімен қамтамасыз етіп, көмірқышқыл газын шығарады. Тыныс алу жүйесіне өкпе, мұрын қуысы, трахея және бронхы жатады.
[pic 5]
Өкпе кеуде қуысында орналасқан. Өкпе негізін бронхы мен бронхиолдар, альвеоляр жүрістері мен альвеолдар құрайды. Ауа түтікшелерінің диаметрлері кіші болады. Майда бронхиалды түтікшелердің ұшы жуқа қабатты ауа мен толтырылған өкпе көпіршіктерімен аяқталады. Өкпе көпіршіктері созылмалы масса құрап, өкпені түрлендіреді. Әр бір өкпе жіңішке қабықшамен қапталған.
Тыныс алу қозғалысы
Өкпе вентиляциясының биофизикалық үрдістер тізбегі мына түрде кескінделген:
● дем алу: тыныс алу бұлшықетіне нерв импульсы келеді → синапс ( жүйке-бұлшықетті) беру→ тыныс алу бұлшықетінің жиырылуы→ кеуде қуысының көлемінің улғаюы→ өкпе көлемінің улғаюы→ өкпеде қысымның төмендеуі ( Бойль-Мариотт заңы бойынша)→өкпеге атмосферадан ауаның жиналуы;
●дем шығару: тыныс алу бұлшықетінің жазылуы (дем алу жиырылуынан кейін )→кеуде қуыс көлемінің кішіреюі→ өкпе көлемінің кішіреюі→ өкпедегі қысымның жоғарлауы ( Бойль-Мариотт заңы бойынша)→ өкпеден ауаны атмосфераға айдау. Дем алу мен дем шығару бір-бірін ритмді ауыстырады. Дем алу мен дем шығару тыныс алу орталығында реттеледі. Тыныс алу орталығында ритмді импульстар пайда болып нерв арқылы қабырға бұлшықеттері мен диафрагмасына беріліп жиырылу тудырады. Дем алған ауда газдар құрамы біркелкі емес.
...